«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ қызметінің 2020 жылдың 3 тоқсанына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ қызметінің  2020 жылдың 3 тоқсанына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

 

АНАЛИТИКАЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ

 

05.10.2020 ж.                                                                                               Өскемен қаласы

 

Шығыс Қазақстан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысының 2020 жылдың 2 қазандағы  № 1004 бұйрығына сәйкес  бекітілген жұмыс тобының құрамымен 2020 жылдың 3-5 қазан аралығында «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті» РММ қызметінің 2020 жылдың 3 тоқсанына сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы жүргізілді. 

            Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасының 2016 жылдың 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауын жүргізу Ережесі» талаптарына сәйкес  келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

Департаменттің қызметіне қатысты құқықтық актілерден және нормативтік құқықтық актілерден сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің (18 бөлім) ұйымдастыру-басқару қызметінің  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Дата публикации
14 октября 2020