Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы № 21 қаулысына өзгерістер енгізу туралы 18.09.2020 жылғы № 21-4 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 16 тамыздағы № 21 қаулысына

өзгерістер енгізу туралы

№ 21-4

ҚАУЛЫ

 

 

2020 жылғы 18 қыркүйек                                                          Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері  М. А. Исмаилов, мына құжаттарды:

«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің                2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысын;

«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 50 қаулысын;

         «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 53 қаулысын;

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2020 жылғы 14 қыркүйектегі хаттамасын;

Шығыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,

COVID-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың (ТҚҚП) төсек орын қорының қамту пайызының есептік өлшемшарттары негізінде – 28,2%, КВИ бойынша өлім-жітім көрсеткіші - 2,0%, облыс бойынша репродуктивті R санының мәні – 1,0-ден төмен болғанын анықтадым.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38 - бабының 2 - тармағы 3) тармақшасы, 1-тармағының 4) тармақшасы және 102,104 – баптары негізінде,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі қатаң шектеу шараларын кезең-кезеңмен алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы № 21 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) мынадай өзгерістер енгізілсін:

  1. Қаулының 10-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«10. Мына объектілердің қызметіне тыйым салу сақталсын:

- ойын-сауық мекемелері (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, балалар ойын алаңдары мен жабық ғимараттардағы аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлар (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселер»;

  1. Қаулының 13-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
  2. Тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим (маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, белгілерді қою) сақталған жағдайда:

1) ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, ашық ауада және үй-жайда қоғамдық тамақтану объектілері;

  2) ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын толтырылған кезде, сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда) қоғамдық тамақтану объектілері;

3) медициналық орталықтар, стоматологиялар (жазылу бойынша);

4) дәріханалар, азық-түлік дүкендері, бөлімдер (шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлар (ғимараттардан тыс), азық-түлік емес дүкендер, сондай-ақ сауда алаңы 2000 ш. м. дейінгі сауда-ойын-сауық орталықтары;

5) халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілер (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалары), химиялық тазалау, кір жуу орындары, халыққа өзге де қызметтер;

6) өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы салалары, техниканы, жабдықтарды, қосалқы бөлшектерді сату, жөндеу және басқалары;

7) бизнес-орталықтары (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтердің және консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б. қызметтері), айырбастау пункттеріне, ломбардтарға, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес қаржы нарығы субъектілері;

8) топ 15 адамнан аспай толтырылғанда, алдын ала жазылу бойынша балалардың түзету кабинеттері/орталықтары, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары;

9) мектепке дейінгі балалар ұйымдары (15 адамнан аспайтын кезекші топтар);

10) контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейінгі мектептер;

11) мектепалды, 1-4 сыныптардың білім алушылары үшін ата-аналарының өтініші бойынша сыныптардың жиынтығы 15 баладан аспаған кезде білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптар;

12) ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған) арнайы, мамандандырылған ұйымдар, арнайы мектеп-интернаттар, жалпы типтегі мектеп-интернаттар, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар;

13) театрлар (толтырылуы 50% - ға дейін, бірақ 50 адамнан артық емес);

14) ашық ауадағы кинотеатрлар;

15) кітапханалар, мұражайлар;

16) сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін объектілер (алдын ала жазылу бойынша, 1 келушіге 4 ш. м);

17) фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтары, тренажер залдары, спорт кешендері, СПА орталықтары/салондары (толтырылуы 30% - дан аспайтын, бірақ 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу бойынша);

18) жеке, белгіленген талаптарды сақтаған кезде және ұжымдық іс-шаралар өткізбеген жағдайда діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.);

19) моншалар, сауналар, бассейндер (толтырылуы 30% - дан аспайтын, бірақ 50 адамнан артық емес, алдын ала жазылу), қалалық қоғамдық жағажайлар, ашық аквапарктер;

20) ашық ауадағы аттракциондар қызметіне;

21) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері белгілеген өзге де қызмет түрлеріне рұқсат етіледі.

Төменде аталған объектілердің қызметтері жұмыс күндері (дүйсенбіден жұмаға дейін) рұқсат етілсін, ал демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндері шектелсін (қызметі тоқтатылсын):

- ауданы 2000 ш. м. астам сауда объектілерін (сауда үйлерін, сауда желілерін, сауда-ойын-сауық орталықтарын) азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларын қоспағанда;

- азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар.

  1. Қаулының 14-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«14. Жұмыс берушілер (мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің) қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанын қалдырсын (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда)».

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                                           М. Исмаилов

Дата публикации
18 сентября 2020