Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы № 21 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
№ 21-3
ҚАУЛЫ
2020 жылғы 4 қыркүйек Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М. А. Исмаилов, мына құжаттарды:
«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысын;
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 50 қаулысын;
Шығыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
COVID-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың (ТҚҚП) төсек орын қорының қамту пайызының есептік өлшемшарттары негізінде – 20%, КВИ бойынша өлім-жітім көрсеткіші - 2,0%, облыс бойынша репродуктивті R санының мәні – 1,0-ден төмен болғанын анықтадым.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38 - бабының 2 - тармағы 3) тармақшасы, 1-тармағының 4) тармақшасы және 102,104 – баптары негізінде,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі қатаң шектеу шараларын кезең-кезеңмен алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы № 21 қаулысына (бұдан әрі – қаулы) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2) сенбі және жексенбі күндері сондай-ақ мереке күндері облыстың, қаланың, ауданның және үздіксіз циклдегі кәсіпорындардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге тартылған көліктерді қоспағанда, қоғамдық көліктің жүруіне шектеулер сақталсын.
Қоғамдық көліктің жұмысы жұмыс күндері отыратын орындар саны бойынша толтырылып, соңғы аялдамаларда желдетуді, дезинфекциялауды жүргізіп, жүргізушілердің, кондукторлардың, жолаушылардың медициналық маскаларды міндетті түрде киюлерін қамтамасыз еткен жағдайда жүзеге асырылады. Көлік құралының салонында маска киюді бақылау кондукторларға, олар болмаған жағдайда жүргізушілерге жүктеледі.
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері _____________М. Исмаилов