Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы № 21
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
№ 21-1
ҚАУЛЫ
2020 жылғы 23 тамыз Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М. А. Исмаилов, мына құжаттарды:
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы № 43 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 14 тамыздағы № 47 қаулысын;
«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысын;
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 49 қаулысын;
Қазақстан Республикасының Премьер–Министрі А.Ұ.Маминнің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 13 тамыздағы шешімін,
Шығыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
COVID-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың (ТҚҚП) төсек орын қорының қамту пайызының есептік өлшемшарттары негізінде – 20%, КВИ бойынша өлім-жітім көрсеткіші - 2,0%, облыс бойынша репродуктивті R санының мәні – 1,0 төмен, соның ішінде Жарма ауданында – 0,4, Күршім ауданында – 0,3 және Курчатов қ. – 0,1 болғанын анықтадым.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38 - бабының 2 - тармағы 3) тармақшасы, 1-тармағының 4) тармақшасы және 102,104 – баптары негізінде,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
«Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық
инфекция ауруының алдын алу жөніндегі қатаң шектеу шараларын кезең-кезеңмен алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 тамыздағы № 21 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
"Жарма, Күршім аудандары мен Курчатов қаласының аумағында қатаң шектеу шаралары сақталсын" деген 2 абзац алынып тасталсын.
1) облыс аудандары мен қалалары арасында қала маңындағы жолаушылар поездары және қалааралық автобус қатынасының жұмыс істеуіне шектеулер сақталсын.
Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим (маска кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау, белгілерді қою) сақталған жағдайда:
қоғамдық тамақтану объектілері мен мейрамханалардың қызметіне үй-жайларда отыратын орындар саны 30 адамға дейінгі, ашық алаңда ұжымдық іс-шараларсыз жұмыс режимін сағат 23:00-ге дейін шектей отырып рұқсат етілсін.
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері _____________М. Исмаилов