Шығыс Қазақстан облысы аумағында Құрбан айт мерекесі күндері
коронавирустық инфекцияның таралуына ықпал ететін
көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салу туралы
№ 19
ҚАУЛЫ
2020 жылғы 28 шілде Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М. А. Исмаилов, Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсаатында,
«Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 06 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10527 болып тіркелген);
«Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 06 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10826 болып тіркелген);
«Қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 44 қаулысына сәйкес,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке меншік үйлер мен медреселерде адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге;
2) автомашиналардан және жеке меншік үй иеліктерінен мал сатуға;
3) онлайн режимде құрбандық шалуды өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар айқындаған орындардан басқа жерлерде мал союды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын;
4) 2020 жылғы 30 шілдеден сағат 18:00-ден бастап 02 тамыз сағат 23:55-ке дейінгі аралықта жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша онлайн режимінде құрбандық шалуды жүзеге асыратындарды қоспағанда, мал сою цехтарының және ІҚМ және ҰҚМ сату базарларының жұмысы тоқтатылсын;
5) БАҚ арқылы онлайн режимінде құрбандық шалуды ұйымдастыру туралы халыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.
1) Qurban2020.kz сайтына өтінім бере отырып, онлайн режимде құрбандық шалуға рұқсат етсін;
2) «Құрбан айт» мерекесін ұйымдастыру мәселелерін халыққа түсіндіру үшін Call-орталықтың жұмысын ұйымдастырсын;
3) мұқтаж адамдарға таратуға тартылған адамдарды жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ете отырып, тез бұзылатын өнімдерді (құрбандыққа шалынған малдың етін) сақтау және тасымалдау жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық ережелер талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері _________________М. Исмаилов