2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы сан-эпидемиологиялық ахуал

2023 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарындағы санитариялық-эпидемиологиялық ахуал тұтастай алғанда тұрақты деп бағаланады, өткен жылмен салыстырғанда алғаш рет анықталған кәсіптік аурулардың 23 жағдайына төмендегені байқалады (141 жағдай).

ШҚО кәсіпорындарында кәсіптік аурулардың алғаш рет анықталған 118 жағдайы тіркелді,

Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және кәсіптік сырқаттанушылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру мәселелері ШҚО әкімі орынбасарының төрағалығымен өткен Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысында қаралатын болады.

Осындай жұмысты Департаменттің аумақтық бөлімшелерінің басшылары кәсіптік сырқаттанушылық және өндірістік жарақаттану тіркелген аудандар мен қалаларда, атап айтқанда Алтай ауданында (12 қыркүйек), Шемонаиха ауданында (29 тамыз), Глубокое ауданында (15 қыркүйек) және Риддер қаласында (21 қыркүйек) жүргізді. Хаттамалық шешімдер мен фото растау Комитетке жіберілді.

Өскемен қаласында Кәсіптік сырқаттанушылықтың жекелеген жағдайларын ескере отырып, 22 қыркүйекте қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері, кәсіпорында жұмыс істейтіндердің денсаулығын сақтау және нығайту бойынша мақсатты жұмыс жүргізу туралы жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі перспективалық кешенді жоспарлар бойынша семинар-кеңес өткізілді.

 

Дата публикации
27 сентября 2023