Білім беру объектілеріндегі жабық үй-жайлардың ауасына мониторинг жүргізу

"Салауатты қоршаған орта - Ұлт денсаулығы" Жол картасын іске асыру мақсатында Департамент, ШҚО білім басқармасы және Ұлттық сараптама орталығы арасында инфекциялық емес сырқаттанушылық пен үй-жайлардағы ауаның жай-күйі арасындағы өзара байланысты анықтау үшін білім беру объектілеріндегі жабық үй-жайлардың ауасына мониторинг жүргізу бойынша үш жақты келісім жасалды.

Шығыс Қазақстан облысында мониторинг жүргізуге жататын 40 білім беру объектісі анықталған болатын, объектілерді іріктеу критерийлері мынадай параметрлер бойынша жүргізілді: жаңадан салынған мектептер не күрделі жөндеу жүргізілгеннен кейін, 1960-70 жылдардағы ғимараттар және пешпен жылитын мектептер.

Алайда, СГМ орындау мақсатында мониторингке қосымша ескі  (1960-1970 жылғы) ғимараттарда орналасқан  23 объект енгізілді

 2023 жылдың 8 айында 63 білім беру объектілерінде жабық үй-жайларының ауасында 5 көрсеткішті (формальдегид, бензол, көміртегі тотығы (Со), қорғасын, шаңдағы аллергендер) анықтау бойынша 12758 зерттеу жүргізілді .

Жоғарыда көрсетілген параметрлер бойынша гигиеналық нормалардың талаптарына сәйкес келмейтін нәтижелер анықталған жоқ.

 

ШҚО

Мониторингпен қамтылытын мектеп саны (жоспар бойынша)

Зерттеу жүргізілген мектептердің саны

 

Жоспарланған сынамалар саны

Мектептерде орындалған сынамалар саны, оның ішінде химиялық заттар

Орындалу үлесі %

ИТОГО

40

63

9880

12758

129

 

 

Дата публикации
26 сентября 2023