«Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында
коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 16 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
№ 17
ҚАУЛЫ
2020 жылғы 18 шілде Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, М. А. Исмаилов, «Қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 3 шілдедегі № 44 қаулысына,
Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2020 жылғы 14 шілдедегі № 23 «Мемлекет басшысының 2020 жылғы 10 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» хаттамасына сәйкес,
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 - бабы 12 - тармағының 6) тармақшасы, 13-тармағының 4) тармақшасы және 150- бабы негізінде,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 16 қаулысының:
1) 1 – тармағы келесі редакцияда жазылсын:
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Жеке түлғалармен жабық үй-жайларға, сондай-ақ қоғамдық орындар мен қоғамдық көлікке кіру қорғаныш маскаларын кию арқылы және әлеуметтік қашықтықты ескере отырып жүзеге асырылады.
4. Осы қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
5. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволар назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
6. Қалалар мен аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері ағымды эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шараларын қатаңдату туралы шешім қабылдауға құқылы.
7. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері _________________ М. Исмаилов