«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 01 маусымдағы № 12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 13 ҚАУЛЫ

«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 01 маусымдағы № 12 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№ 13

ҚАУЛЫ

 

 

2020 жылғы 06 маусым                                                             Өскемен қаласы

 

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері,               М. А. Исмаилов, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 - бабы 12 - тармағының 6) тармақшасы,               13-тармағының 4) тармақшасы және 150- бабы негізінде, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында CОVІD-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 01 маусымдағы № 12 қаулысының:

1) 3 – тармағының 3.2 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«3.2 Жалпы жобалық сыйымдылығының 50% - нан аспайтын келушілерді толтырумен және бір мезгілде болуымен қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне, сондай-ақ ашық алаңдарда жұмыс істеуіне рұқсат етілсін.

Бұл ретте, үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталады».

2) 4 – тармағының 4.2 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

4.2 Жалпы жобалық сыйымдылығының 50% - нан аспайтын келушілерді толтырумен және бір мезгілде болуымен қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне, сондай-ақ ашық алаңдарда жұмыс істеуіне рұқсат етілсін.

Бұл ретте, үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталады».

3) 5 – тармағының 5.3 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«5.3 2020 жылғы 06 маусымнан бастап Үржар ауданын қоспағанда, облыс өңірлерінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін облыс аумағында орналасу және демалыс орындарында (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ күтетін үйлер, демалыс үйлері, санаторийлер, балалардың сауықтыру мекемелері, пансионаттар және туристердің тұруы және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар) рекреациялық және туризмнің басқа да түрлеріне рұқсат берсін.

Демалыс және орналастыру орындарындағы толтырылуы жобалық сыйымдылықтың 50% - ынан аспауы тиіс.

Тамақтану орындарында келушілердің толтырылуы және бір мезгілде болуы жалпы жобалық сыйымдылықтың 50% - ынан аспауы тиіс, сондай-ақ ашық алаңдарда жұмыс істеуге рұқсат етілсін.

Бұл ретте, үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталады».

4) 5 – тармағының 5.4 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«5.4 Үржар ауданының әкімі 2020 жылғы 13 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары үшін облыс аумағында орналасу және демалыс орындарында (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ күтетін үйлер, демалыс үйлері, санаторийлер, балалардың сауықтыру мекемелері, пансионаттар және туристердің тұруы және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар) рекреациялық және туризмнің басқа да түрлеріне рұқсат берсін.

Үржар ауданындағы Алакөл көлінде ортақ серуендеу және жағажай аймақтарының болуына байланысты жаппай жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін:

1) «Арбат» жағажай және серуендеу аймақтарында демалушылардың  бір отбасы мүшелерін қоспағанда, барлық жағынан кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауына бақылауды қамтамасыз етсін;

2) Алакөл көлінің жағалауындағы орталық трассаның бойында орналасқан Туристтік ақпараттық орталықта (ТАО) «Демалушының сауалнамасын» беруді, жинауды және өңдеуді қамтамасыз етсін»;

5) 5 – тармағының 5.5 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«5.5 Үржар ауданы Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс және тұру орындарында демалушыларды орналастыруға жауапты тұлғалар немесе иелері міндетті түрде:

- мерзімі өтпеген (нәтижелерді алған күннен бастап 7 күннен кешіктірілмей берілген) COVID-19 зерттеулерінен өту нәтижелері туралы анықтама (жедел тестілеу, ПТР зерттеу) болған жағдайда ғана орналастыруды қамтамасыз етсін. Бір отбасы үшін оның бір мүшесінің зерттеу нәтижесінің болуы жеткілікті;

- орналастыру және демалыс орындарында толтырылуы жобалық сыйымдылықтың 50% - ынан аспауы тиіс;

- тамақтану орындарында келушілердің толтырылуы және бір мезгілде болуы жалпы жобалық сыйымдылықтың 50% - ынан аспауы тиіс, сондай-ақ ашық алаңдарда жұмыс істеуге рұқсат етілсін.

Бұл ретте, үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталады.

-жолдамаларды сату және броньдау кезінде демалушыларды (туроператорлармен бірлесіп) қоныстану сәтінде мерзімі өтпеген (нәтижелерді алған күннен бастап 7 күннен кешіктірілмей берілген) COVID-19-ға (жедел тестілеу немесе ПТР-ға зерттеу) анықтама алу қажеттігі туралы хабардар ету.

- жаңадан келген барлық демалушыларға сауалнама жүргізуді және күн сайын сағат 18.00-ге дейін Алакөл көлінің жағалауындағы орталық трассаның бойында орналасқан туристтік ақпараттық орталыққа (ТАО) «Демалушылардың сауалнамасы» туралы деректерді қағаз түрінде (мүмкіндігінше, электрондық түрде) ұсынуды қамтамасыз етсін»;

6) 5 – тармағының 5.6 тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«5.6 Рекреациялық аймақтарда демалушы адамдар:

1) тұратын орындарда, жалпы пайдалану және адамдар көп жиналатын жерлерде маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты (бір отбасы мүшелерін қоспағанда, кемінде екі метр) қатаң сақтауы керек.

2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Демалушылардың сауалнамасын» қоныстанған жерінде толтырады;

7) қаулының 11 – тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«11. Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті жұмыстарды жалғастырсын және мыналарды:

1) тұрғын үй секторында, саяжай алаптарында, саябақтарда, скверлерде, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен шектеулерді сақтау тұрғысынан патрульдеуді;

2) үй карантиніндегі адамдарды бақылауды;

3) карантиндеу орындарын күзетуді;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулымен белгіленген шектеулер режимі мен талаптарды бұзған тұлғаларға шаралар қолдануды;

5) Үржар ауданының Алакөл көлінің туристтік-рекреациялық аймағында стационарлық және мобильді бақылау-өткізу пункттерін орналастыру орындары белгіленсін. мобильді бақылау-өткізу пункттерінің жұмысын және Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп стационарлық бақылау-өткізу пункттерінің жұмысын қамтамасыз етсін»;

8) қаулы 13-1 – тармақпен келесі мазмұнда толықтырылып жазылсын:

«13-1 Мемлекеттік органдар мен ұйымдар Үржар ауданының Алакөл көлінде коронавирустық инфекция жағдайлары анықталған кезде іс-шаралар жүргізу алгоритмінде қарастырылған іс-шараларды орындауға кіріссін».

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволар назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
  3. 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері _________________М. Исмаилов

Дата публикации
06 июня 2020