Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы
№ 12
ҚАУЛЫ
2020 жылғы 01 маусым Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері, М. А. Исмаилов, құжаттарды қарап:
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 29 мамырдағы № 21-3/Б-339 хаттамасын;
«Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10527 болып тіркелген);
«Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10826 болып тіркелген);
«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37-ПГВр қаулысын;
«Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 38-ПГВр қаулысын;
Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
Облыс бойынша соңғы 7 күн ішінде сырқаттанушылықтың 5,4%-ға өсу деңгейін анықтадым:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 - бабы 12 - тармағының 6) тармақшасы, 13-тармағының 4) тармақшасы және 150 - бабы негізінде,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне және COVID-19-бен сырқаттанушылықтың өсу деңгейіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
1) халықтың елді мекендерде, саяжай алаптарында, қоғамдық көлікте, адамдар көп жиналатын орындарда жүріп-тұру кезінде және үйден (пәтерден) шыққан сайын маскалық режимді және бір отбасы мүшелерін қоспағанда, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауына бақылауды жалғастырсын;
2) әскери бөлімге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеруді қамтамасыз етсін;
3) қоғамдық орындарда, кәсіпорындарда, ұйымдарда, әуежайларда, іргелес аумақтарды қоса алғанда, теміржол және автомобиль вокзалдарында, супермаркеттерде, базарларда, қоғамдық көлік аялдамаларында (күніне кемінде екі рет), жер үсті, жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінде, балалар және спорт алаңдарында, орындықтар мен сәкілерде, банкоматтарда, POS-терминалдарда дезинфекциялық іс-шараларды жалғастырсын;
4) қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат үлгісіндегі оқу орындарында және медициналық ұйымдарда қызметкерлерді күн сайынғы таңертеңгі сүзгіден өткізе отырып (дене температурасын өлшеу, медициналық тексеру, денсаулық жағдайы туралы сұрау), карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін;
5) санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, кезек алдын ала брондалған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы жалғастырылсын;
6) санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, екінші деңгейдегі банктердің жұмысы жалғастырылсын;
7) бұқаралық іс-шараларды, сонымен қатар отбасылық, діни, салт-дәстүр, мерекелік, спорттық және өзге де іс-шаралар мен адамдар көп жиналатын жиындарды өткізуге, COVID-19 бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға баруға тыйым салынсын;
8) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, қоғамдық көліктің жұмысы толық жандандырылсын және жолаушылардың көлік құралына тек маскамен кіруі қамтамасыз етілсін;
9) халықтың жаяу жүріп-тұруы және жеке автомобиль көлігін пайдалану бойынша барлық шектеулерді жойсын;
10) жұмыс істеп тұрған объектілерде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мобильді топтардың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін;
11) COVID-19 таралуының алдын алу бойынша халық және барлық меншік нысанындағы объектілер арасында кеңінен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
3.1 Кинотеатрлардың (кинозалдардың) және театрлардың қызметіне жобалық сыйымдылығының 50% - нан аспайтын мөлшерде толтырылған кезде рұқсат етілсін.
3.2 Жалпы жобалық сыйымдылығының 50% - нан аспайтын келушілерді толтырумен және бір мезгілде болуымен қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне, сондай-ақ ашық алаңдарда жұмыс істеуге рұқсат етілсін.
Бұл ретте, үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр және отыратын орындар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталады.
3.3 Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып және сыйымдылығының 50% - ынан аспайтын дұға ету және басқа да салт-дәстүр залдарын толтырумен діни бірлестіктер мен діни құлшылық ету объектілерінің қызметіне рұқсат етілсін. Барлық жағынан адамдар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, діни ғимараттарда (құрылыстарда) дұға жасау мүмкіндігі ұйымдастырылсын.
- түнгі клубтар (дискотекалар), кальян тарту орындары,
- алаңы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік тауарларын сатпайтын көтерме-бөлшек және (немесе) бөлшек сауда объектілері, ірі сауда объектілері мен кешендері, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері.
4.1 Кинотеатрлардың (кинозалдардың) және театрлардың қызметіне жобалық сыйымдылығының 50% - нан аспайтын мөлшерде толтырылған кезде рұқсат етілсін.
4.2 Жалпы жобалық сыйымдылығының 50% - нан аспайтын келушілерді толтырумен және бір мезгілде болуымен қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне, сондай-ақ ашық алаңдарда жұмыс істеуге рұқсат етілсін.
Бұл ретте, үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр және отыратын орындар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталады.
4.3 Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып және сыйымдылығының 50% - ынан аспайтын дұға ету және басқа да салт-дәстүр залдарын толтырумен діни бірлестіктер мен діни құлшылық ету объектілерінің қызметіне рұқсат етілсін. Барлық жағынан адамдар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, діни ғимараттарда (құрылыстарда) дұға жасау мүмкіндігі ұйымдастырылсын.
5.1 жазғы туристік маусымға адамдарды орналастыру мен демалыс орындарын дайындауды жалғастырсын.
5.2 2020 жылғы 03 маусымнан бастап облыс аумағындағы адамдарды (Қазақстан Республикасының азаматтарын) орналастыру және демалыс орындарына (қонақ үйлер, туристік базалар, қонақ күтетін үйлер, демалыс үйлері, санаторийлер, балалардың сауықтыру мекемелері, пансионаттар және туристердің тұруы және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар) адамдарды (Қазақстан Республикасының азаматтарын) қабылдай отырып, туризмнің санаторий - курорттық және емдеу - сауықтыру түрлеріне рұқсат берсін.
Тамақтану орындарында келушілердің толтырылуы және бір мезгілде болуы жалпы жобалық сыйымдылықтың 50% - ынан аспауы тиіс.
5.3 2020 жылғы 06 маусымнан бастап Үржар ауданын қоспағанда, облыс өңірлерінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін облыс аумағында орналасу және демалыс орындарында (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ күтетін үйлер, демалыс үйлері, санаторийлер, балалардың сауықтыру мекемелері, пансионаттар және туристердің тұруы және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар) рекреациялық және туризмнің басқа да түрлеріне рұқсат берсін.
Орналастыру және демалыс орындарындағы толтырылуы жобалық сыйымдылықтың 50% - ынан аспауы тиіс.
Тамақтану орындарында келушілердің толтырылуы және бір мезгілде болуы жалпы жобалық сыйымдылықтың 50% - ынан аспауы тиіс, сондай-ақ ашық алаңдарда жұмыс істеуге рұқсат етілсін.
Бұл ретте, үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр және отырғызу орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталады.
5.4 2020 жылғы 13 маусымнан бастап Үржар ауданының әкімі шомылуға және туризмнің өзге де түрлеріне пайдаланылатын облыстың су қоймаларының жағалауларында демалушыларды (Қазақстан Республикасының азаматтарын) адамдарды орналастыру және демалу орындарында (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ күтетін үйлер, демалыс үйлері, санаторийлер, балалар сауықтыру мекемелері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын, облыс аумағында орналасқан басқа да ғимараттар мен құрылыстар) қабылдай отырып, рекреациялық және туризмнің басқа да түрлеріне рұқсат берсін.
Үржар ауданындағы Алакөл көлінде бірыңғай серуендеу және жағажай аймақтарының болуына байланысты жаппай жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін:
- бір отбасы мүшелерін қоспағанда, барлық жағынан демалушылар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, жағажай аймағында демалушыларды орналастыруды қамтамасыз етсін.
5.5 Үржар ауданы Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс және тұру орындарында демалушыларды орналастыруға жауапты тұлғалар немесе иелері міндетті түрде:
- мерзімі өтпеген (нәтижелерді алған күннен бастап 7 күннен кешіктірілмей берілген) COVID-19 зерттеулерінен өту нәтижелері туралы анықтама (жедел тестілеу, ПТР зерттеу) болған жағдайда ғана орналастыруды қамтамасыз етсін. Бір отбасы үшін оның бір мүшесінің зерттеу нәтижесі жеткілікті;
- орналастыру және демалыс орындарында толтырылуы жобалық сыйымдылықтың 50% - ынан аспауы тиіс;
- тамақтану орындарында келушілердің толтырылуы және бір мезгілде болуы жалпы жобалық сыйымдылықтың 50% - ынан аспауы тиіс, сондай-ақ ашық алаңдарда жұмыс істеуге рұқсат етілсін.
Бұл ретте, үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр және отыратын орындар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталады.
Жолдамаларды сату және броньдау кезінде демалушыларды (туроператорлармен бірлесіп) қоныстану сәтінде мерзімі өтпеген (нәтижелерді алған күннен бастап 7 күннен кешіктірілмей берілген) COVID-19-ға (жедел тестілеу немесе ПТР-ға зерттеу) анықтама алу қажеттігі туралы хабардар ету.
5.6 Рекреациялық аймақтарда демалушы адамдар тұратын орындарда, жалпы пайдалану және адамдар көп жиналатын жерлерде маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты (бір отбасы мүшелерін қоспағанда, кемінде екі метр) қатаң сақтауы керек.
1) үй карантиніндегі адамдарға тұрақты қоңырау шалуды (мүмкіндігінше бейне қоңырау шалуды);
2) ПТР әдісімен «ЖРВИ» және «пневмония» диагноздары бар науқастарды COVID-19-ға 100% тексеруді;
3) бекітілген халыққа қоңырау шалу арқылы МСАК деңгейінде вирустық инфекция белгілері бар науқастарды белсенді анықтауды;
4) Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттерінде жаяу, не болмаса жеңіл автокөлікпен өткен барлық адамдарды 2 тәулікке дейінгі мерзімге COVID-2019-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларының мүшелері; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелері; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері; шекараны өткен сәтінде 5 тәуліктен кешіктірілмей берілген СОVID-2019-ға ПТР әдісімен тексеру нәтижесі бар адамдар оқшаулауға жатпайды.
Бұл ретте өзімен бірге ПТР әдісімен COVID-2019 тексеру нәтижесі бар адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшауланбайды, 14 тәулік ішінде үй карантиніне (үйде оқшаулау) жіберіледі.
Тексеру нәтижелері теріс болған кезде карантиндік стационардағы адамдар тұратын жері бойынша оқшаулауға жатады. Бұл ретте, карантиндік стационардың медициналық қызметкерлерімен тексерілген адамның болатын жері бойынша медициналық мекемелерге тұратын (болатын) жері бойынша 12 тәулік ішінде үй карантинін одан әрі ұйымдастыру (медициналық бақылау жүргізу) үшін қоңырау шалу (мүмкіндігінше бейне қоңырау шалу) арқылы ақпарат беріледі. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда, тексерілген адам жергілікті атқарушы органдар белгілеген үй-жайларда оқшаулауға жатады.
COVID-19 ауруын жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады.
5) Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттері арқылы өтетін теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарға; жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге; транзиттік жүргізушілерге; локомотив бригадаларының мүшелеріне жедел тестілеу жүргізуді қамтамасыз етсін.
Жедел тестілеудің оң нәтижесі анықталған кезде, тестілеу өткізілген адам карантиндік стационарға қосымша тексеруге полиция қызметкерлерінің еріп жүруімен жіберіледі.
Теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар; жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер; транзиттік жүргізушілер; локомотив бригадаларының мүшелері қоңырау шалу арқылы болатын/тұратын жері бойынша медициналық бақылауда болады.
Шығыс Қазақстан облысында тұратын және Ресей Федерациясымен халықаралық автомобильдік жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерінің базасында тұратын жері бойынша екі аптада бір рет ПТР әдісімен тексеруден өтеді;
6) биоматериал сынамаларын «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының және оның бөлімшелерінің зертханасына, сондай-ақ режимдік комиссияның патогендігі І-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсаты бар өзге де зертханаларға тасымалдауды;
7) карантиндік және провизорлық стационарларда CОVІD-19 туындаған коронавирустық инфекцияның ауруханаішілік таралуына жол бермеу бойынша санитариялық-дезинфекциялық және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтауды, сондай-ақ медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауды, тасымалдауды, сақтауды, залалсыздандыруды және кәдеге жаратуды;
8) карантиндік және провизорлық стационарлар қызметкерлерінің арасында ауруға жол бермеу мақсатында жеке қорғаныш құралдарын және биологиялық қорғаныш костюмдерін кию ережелерін қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.
1) Шығыс Қазақстан облысында тұратын және Ресей Федерациясынан «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттері арқылы халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын барлық жүргізушілердің аты-жөні көрсетілген тізімі болуы тиіс;
2) жүргізушілердің өзін-өзі оқшаулау қағидаларын сақтауын бақылауды ұйымдастырсын. Олардың денсаулық жағдайына медициналық бақылауды ұйымдастыра отырып, байланыста болған адамдардың шеңберін анықтасын.
1) сауалнама кезінде нақты байланыс деректерін (тұратын жері, телефоны және т. б.), Қазақстан Республикасының шекарасынан өткенге дейін соңғы 14 күнде болған жерлері туралы деректерді (оның ішінде коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз аумақтарда), вирустық инфекция белгілері бар науқастармен байланыста болу фактілерін, денсаулық жағдайы туралы деректерді және т.б. көрсетуге;
2) үй карантині режимінің барлық кезеңінде болатын (тұратын) жерде болуға, үй карантиніндегі адамдарға арналған нұсқаулықты сақтауға, басқа адамдармен байланыста болған әрбір жағдай туралы хабарлауға;
3) күн сайын жүйелі түрде денсаулық жағдайына өзіне-өзі бақылау жүргізуге, вирустық инфекция симптомдары, дене температурасы көтерілгенде, ентігу немесе жөтел болған жағдайда тұратын жері бойынша медициналық қызметкерді дереу хабардар етуге;
4) маскалық режимді және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауға;
5) жергілікті атқарушы органдар карантин үшін белгілеген үй-жайларда аудио, фото және бейне түсірілімдер жүргізбеуге міндетті.
1) тұрғын үй секторында, саяжай алаптарында, саябақтарда, скверлерде, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен шектеулерді сақтау тұрғысынан патрульдеуді;
2) үй карантиніндегі адамдарды бақылауды;
3) карантиндеу орындарын күзетуді;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулымен белгіленген шектеулер режимі мен талаптарды бұзған тұлғаларға шаралар қолдануды қамтамасыз етсін.
1) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес объектілердің міндетті санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз етсін;
2) Ресей Федерациясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріне шетелден келетін барлық тұлғалардың (оның ішінде ұшқыштардың, бортсеріктердің, машинистердің, жолсеріктердің, жүргізушілердің, тасымалдаушылардың және басқалардың) міндетті термометриясымен санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді жалғастырсын;
3) СОVID-19 таралуының профилактикасы мен алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізсін, оның ішінде жадынамаларды таратсын;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне коронавирустық инфекцияның профилактикасы мәселелері бойынша нұсқама жүргізсін;
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өткен тұлғаларға күнделікті мониторинг жүргізсін;
6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде, әкімдіктер жанындағы мобильдік топтардың жұмыс істеп тұрған объектілердің және халықтың шектеу режимін, эпидемияға қарсы талаптардың сақтауына мониторинг пен түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарына қатыссын.
1) елді мекендерде, саяжай алаптарында, қоғамдық көлікте, адамдар көп жиналатын орындарда және үйден (пәтерден) шыққан сайын бір отбасы мүшелерін қоспағанда, маскалық режимді және кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау;
2) респираторлық инфекцияның алғашқы симптомдары (мұрынның бітелуі, түшкіру, температура) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел медициналық жәрдемді шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай, үйде медициналық көмекке жүгіну қажет.
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері _________________М. Исмаилов