Шығыс Қазақстан облысы аумағында COVІD-19 туындаған коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу және алдын алу жөніндегі одан арғы шаралар туралы
№10
ҚАУЛЫ
2020 жылғы 21 мамыр Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері, М. А. Исмаилов,құжаттарды қарап:
«Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10527 болып тіркелген);
«Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20596 тіркелген) енгізілген өзгерістер мен толықтырулармен, «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10826 болып тіркелген);
««Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 01 мамырдағы № 35-ПГВр қаулысы (бұдан әрі – № 35 қаулы);
«Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекциямен аурулардың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 20 мамырдағы № 36-ПГВр қаулысы (бұдан әрі – № 36 қаулы);
Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерін қарап,
Облыс бойынша соңғы 7 күн ішінде сырқаттанушылықтың 1,7%-ға өсу деңгейін анықтадым:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150- бабы, 21-бабының 13-тармағы 4) тармақшасы және 12-тармағының 6) тармақшасы негізінде»,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімі COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
1) аудандар мен қалалардың сыртқы шекараларындағы блокпосттардың жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
Сыртқы блокпосттардың жұмыс істеу тәртібі мен мерзімдері COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгертілуі мүмкін;
2) байланыссыз термометрия және респираторлық аурулар симптомдарының болуына сұрақ-жауап жүргізу арқылы аудандар мен қалалар арасындағы сыртқы блокпосттарда бақылауды қамтамасыз етсін;
3) қаулының 1-қосымшасында белгіленген алгоритмге сәйкес Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстары тарапынан Шығыс Қазақстан облысына кіру/шығу кезінде блокпосттарда бақылауды қамтамасыз етсін;
Блокпосттардың жұмыс істеу тәртібі мен мерзімдері COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес өзгертілуі мүмкін;
4) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді міндетті түрде сақтай отырып, жергілікті атқарушы органдармен берілген қызыл немесе көк түсті арнайы рұқсаттамалар бойынша облыс аудандары мен қалалар арасында блокпосттар арқылы көліктің кіруіне/шығуына рұқсат етілсін.
Қызыл түсті рұқсаттама қаланың, ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін атқаратын адамдардың жүріп-тұруына арналған.
Көк түсті рұқсаттама қаланың, ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін негізгі кәсіпорындарға және жол немесе бағыт парағы болған жағдайда өнеркәсіп кәсіпорындарына қызмет көрсететін кәсіпорындар мен заңды тұлғаларға арналған.
5) арнайы рұқсаттамасыз облыстың аудандары мен қалаларының блокпосттары арқылы кіруге/шығуға мыналарға рұқсат берілсін:
- халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері;
- жұмыс орнынан анықтама және аудандардың және қалалардың елді мекендерінде тұруы тіркелгені жайлы мәліметтер болған жағдайда, міндетті термометриямен және респираторлық аурулар симптомдарының болуына тексере отырып, ТЖ режимі аяқталғаннан кейін жұмысын қайта бастаған ұйым қызметкерлері;
диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы және бірінші басшы қол қойған және гербті мөрмен расталған диагнозы көрсетілген және шұғылдығын растайтын карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымнан шақыру хат болған жағдайда медициналық көрсеткіштер бойынша кіретін және шығатын адамдар;
- стационарларда емделуде, карантиндік және провизорлық стационарларда бақылаудағы адамдар;
- жүктерді транзиттік автотасымалдаушылар;
- вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдары;
- растайтын құжаттары мемлекеттік тіркеу куәлігін (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке басын куәландыратын құжаттарды, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтаманы (мөрмен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде көктемгі егіс жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге тартылған көліктер мен адамдар;
- тұрақты тұратын жеріне қайтып келген адамдар.
Өткізу режимі COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралу бойынша ахуал өзгерген жағдайда өзгертілуі мүмкін.
Осы қаулыда аталған тұлғаларды қоспағанда, адамдардың жекелеген санатына облыстың аудандар мен қалаларындағы блокпосттар арқылы шығуына және кіруіне рұқсат жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша берілуі мүмкін.
6) санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормалары сақталған жағдайда, Семей қаласынан/қаласына баратын маршруттарды қоспағанда, 2020 жылғы 23 мамырдан бастап тұрақты қалааралық облысішілік автобус тасымалын жандандырсын;
Қоғамдық көлік құралының жүргізушісі блокпостты кесіп өту кезінде «ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ берген белгіленген үлгідегі куәлікті (хабарламаны), жол парағын, қозғалыс кестесін көрсетеді.
7) халықтың елді мекендерде, саяжай алаптарында, қоғамдық көлікте және адамдар көп жиналатын орындарда жүріп-тұру кезінде маскалық режимді және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты (бір отбасы мүшелерін қоспағанда) сақтауын бақылауды қамтамасыз етсін;
8) әскери бөлімге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеруді қамтамасыз етсін;
9) қоғамдық орындарға, саябақтарға, скверлерге, аула ішіндегі ойын және спорт алаңдарына және басқа да объектілерге дезинфекциялық өңдеу жүргізуді қамтамасыз етсін;
10) қызметкерлерді күн сайынғы таңертеңгі сүзгіден өткізе отырып, (дене температурасын өлшеу, медициналық тексеру, денсаулық жағдайы туралы сұрау) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған, интернат үлгісіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін;
11) әлеуметтік қашықтықты және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, кезек алдын ала брондалған жағдайда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жандандырылсын;
12) бұқаралық іс-шараларды сонымен қатар отбасылық, діни, салт-дәстүр, мерекелік және өзге де іс-шараларды және адамдар көп жиылатын жиындарды өткізуге тыйым салынсын;
13) әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, екінші деңгейдегі банктердің жұмысын жандандырсын;
14) саяжай учаскесіне немесе жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды көрсеткен жағдайда аудандар мен қалалардың аумақтарынан тыс жеке саяжайларға (қала сыртындағы үйлерге) баруға рұқсат етсін;
15) Халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу жөнінде ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
1) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және қатаң түрде көлік құралында отыратын орындар саны бойынша жолаушылар автокөлігінің толтырылуын сақтай отырып қоғамдық көліктің жұмысы жандандырылсын;
2) аудандар мен қалалар аумағының ішіндегі уақыт, апта күндері (жұп және тақ) және рұқсаттамалар бойынша халықтың жаяу жүріп-тұруы және жеке автомобиль көлігін пайдалану бойынша барлық шектеулер алынсын;
3) жұмыс істеп тұрған объектілерде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде мобильді топтардың мониторингін санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуын және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
1) алаңы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік сатпайтын тауарлармен көтерме, көтерме-бөлшек және (немесе) бөлшек сауда объектілері, ірі сауда объектілері мен кешендері, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері;
2) Өскемен қаласындағы отбасылық демалыс орталықтары;
3) ғимараттардың ішіндегі әмбебап және азық-түлік сатпайтын базарлар;
4) кинотеатрлар (кинозалдар) мен театрлар;
5) қоғамдық моншалар, сауналар;
6) ғимараттардың ішіндегі сыйымдылығы 30 отыратын орыннан жоғары қоғамдық тамақтану объектілері;
7) спорттық-сауықтыру объектілері, оның ішінде бассейндер (30 адамнан аспайтын топтарға арналған оқу-жаттығу процестерін қоспағанда),
8) түнгі клубтар( дискотека), барлар, караоке, кальян тарту орындары;
9) мәдениет объектілері (тек жеке және 30 адамнан аспайтын топтық дайындық үшін рұқсат етілсін);
10) білім беру орталықтары, үйірмелер, арт клубтары,
11) Діни бірлестіктер мен діни құлшылық ету объектілерінің жобалық сыйымдылығының 30% - дан астамын мінажат және басқа да әдет-ғұрып залдарын толтырумен.
1) осы қаулының 2-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың Семей қаласының аумағына кіруіне/шығуына тыйым салу.
Ерекше жағдайларда, осы қаулыда аталған тұлғаларды қоспағанда, Семей қаласының сыртқы блокпостары арқылы адамдардың жекелеген санаттарына шығуға және кіруге рұқсат жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша берілуі мүмкін.
Қала аумағынан кіру/шығу кезінде қаулының осы тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар COVID-19 жедел-тестілеуден немесе мерзімі өтпеген ПТР әдісімен зертханалық зерттеуден өту нәтижелерін (7 күннен кешіктірмей) ұсынуға міндетті.
Шығатын адамдарда анықтама болмаған жағдайда, COVID-19 жедел-тестілеуден тікелей блокпостарда өтуге рұқсат беру.
Блокпосттар арқылы кіретін және шығатын адамдар арасында ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Транзиттік автокөліктерді Семей қаласының ішінде тоқтаусыз патрульдік автокөліктердің алып жүрімен кіркізу және шығару;
2) халықтың елді мекендерде жүріп-тұру кезінде ғимараттың ішінде және сыртында маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау;
3)Семей қаласының жеке тұлғаларының жеке автокөлігінің күндізгі уақытта жүріп-тұруын шектеу және түнгі уақытта 21.00 сағаттан 05.00 сағатқа дейін қызметтік және қоғамдық көлікті, арнайы рұқсаттамасы бар (қызыл немесе көк түсті) жеке автокөлтерді қоспағанда, автомобиль көлігінің қозғалысын тоқтату;
4) қызметтік және қоғамдық көліктерді, сондай-ақ «көк» немесе «қызыл» арнайы рұқсаттамасы бар жеке автокөліктерді қоспағанда, сенбі және жексенбі күндері, мереке күндері жеке автокөліктің жүруіне тыйым салу;
5) азаматтар жеке автокөлікпен «мемлекеттік нөмірдің соңғы санының жұп, тақ сандарының» қағидасы бойынша мемлекеттік нөмір белгісіне байланысты жүре алады. Айдың жұп күндері бойынша - нөмірінің соңында жұп санмен аяқталатын, айдың тақ күндері бойынша – нөмірінің соңында тақ санмен аяқталатын автомобильдердің жол жүруіне рұқсат берілсін.
6) Семей қаласының аумағы бойынша халықтың жаяу жүруі тек I , II типтегі рұқсаттамалар болған жағдайда рұқсат етілсін.
Жұмысқа кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып міндетті түрде маска киіп, таңертең сағат 07:00-ден 10:00 дейін, кешке 17:00-ден 19:00дейін (жұмыс орнынан анықтама болған жағдада) бару.
Арнайы рұқсаттама жеке басын куәландыратын құжаты болған жағдайда ғана жарамды.
1-типтегі рұқсаттама (қызыл) елді мекеннің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша қызметтік міндеттерін орындайтын адамдардың жүріп-тұруына арналған.
II –типтегі рұқсаттама (жасыл және ақ түсті) қала аумағында халықтың жүріп-тұруына арналған. Бір пәтерге/үйге 1 рұқсаттама беріледі. Рұқсаттаманы ұстаушы сауда объектілеріне, дәріханаларға және банктерге баруға мүмкіндігі бар. Рұқсаттаманы бір апта ішінде 3 реттен артық пайдалануға болмайды. Жасыл түсті рұқсаттама, айдың жұп күндері бойынша сауда жасау үшін үйден шығуға құқық береді, ақ түсті рұқсаттама, айдың тақ күндері үйден шығуға құқық береді.
Рұқсаттамалардың бар болуын тексеру Семей қаласының полиция басқармасына жүктеледі.
COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының жағдайы өзгерген жағдайда рұқсаттама бойынша қозғалыс режимі өзгертілуі мүмкін;
7) такси жеңіл автокөлігіне маска киген кезде 2 жолаушы ғана тасымалдауға рұқсат етіледі;
8) қоғамдық автокөлікте жолаушыларды отырғызу орындарының саны бойынша салонның толтырылуы және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жолаушыларды тасымалдауға рұқсат етіледі.
Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, Семей қаласының маршруттарындағы қоғамдық көлік санын 50%-ға дейін және кәсіпорындар үшін тапсырыс берілген автобустар санын арттыру.
9) тұратын жері бойынша әлеуметтік байланыстарға, сондай-ақ отбасылық, діни, салт-дәстүр, мерекелік және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
10) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда топпен үш адамнан артық жиналуға тыйым салу;
11) жергілікті өзін-өзі басқару комитеті, пәтер иелері кооперативі және кондиминиум қызметкерлерімен бірлесіп, Семей қаласының аумағын, оның ішінде саяжай массивтерінің тұрғын секторын, саябақтарды, скверлерді, аула ішіндегі алаңдарды, тұрғын алаптардағы балалардың ойын және спорт алаңдарын, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маска режимін сақталуына патрульдеу күшейтілсін;
12) зерттеудің осы түріне жататын контингент арасында ПТР белсенді түрде тестілеу өткізуді;
13) МСАК деңгейінде тіркелген тұрғындарға қоңырау шалу арқылы вирустық инфекция белгілері бар науқастарды белсенді анықтауды;
14) «ЖРВИ» және «пневмония» диагноздары бар науқастарға ПТР әдісімен COVID-19-ға 100% тексеру жүргізуді;
15) Семей қаласының «Восточный правый», «Восточный левый» кенттерінде тұратын барлық отбасылардың бір мүшесін CAVID-19 жедел тестілеу өткізуді;
16) Семей қаласының «Восточный правый», «Восточный левый», «Восход», «Бобровка», «Мурат-1», «Мурат-2» кенттеріндегі жалпы пайдалану орындарын, дүкендерді, тұрғын үйлердің қақпаларын, адамдар көп жиналатын орындарды, аялдама павильондарын, қатты жабыны бар жолдарды дезинфекциялық өңдеуді;
17) үй карантиніндегі адамдарды және карантин жағдайында жұмыс істеу режимін қамтамасыз ету бойынша объектілерді бақылауды;
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде, мобильдік топтардың жұмыс істеп тұрған объектілердің және қала халқының шектеу режимін, эпидемияға қарсы талаптардың сақталуына күшейтілген мониторинг пен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;
19) полиция қызметкерлерін, ЖАО-ды және волонтёрлерді қоғамдық көлік аялдамаларына мыналарды жүргізу үшін бекітуді:
- жолаушылар ағынының мониторингі;
- алдын алу шараларын және эпидемияға қарсы режимді сақтауды белсенді түсіндіру;
- қолды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;
- әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету;
- маскалық режим.
20) адамдардың жиналуы және шектеу іс-шараларын бұзудың фактілері туралы Семей қаласының полиция басқармасына және Семей қаласы әкімдігінің Call-орталығына хабарлауды;
21) діни мақсаттағы объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;
22) күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режиммен барлық азық-түлік дүкендерінің жұмысын;
23) санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің күшейтілген нормаларын сақтай отырып, адамдар аз жиналатын және эпидемиологиялық маңыздылығы төмен объектілердің:
- жұмыс режимін сағат 17.00-ге дейін шектей отырып, ауданы 500 м2 аспайтын азық-түлік тауарларын сатпайтын көтерме, көтерме-бөлшек және бөлшек сауда объектілерінің;
- бір клиентке қызмет көрсете отырып, алдын ала жазылу бойынша шаштараздардың;
- гүл өнімдерін сату бойынша сауда орындарының жұмысын жалғастыруды;
24) адамдар көп жиналатын сауда-ойын-сауық орталықтарының, кинотеатрлардың, театрлардың, көрмелердің және басқа да объектілердің қызметіне тыйым салуды;
25) әскери бөлімдерге келгеннен кейін әскерге шақырылушыларды ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеруді;
26) қоғамдық орындарға, саябақтарға, скверлерге, аула ішіндегі ойын және спорт алаңдарына және басқа да объектілерге дезинфекциялық өңдеу жүргізуді жалғастыруды;
27) әрбір рейс алдында қоғамдық көлікті, әуежайларды, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне кемінде екі рет), жер үсті және жер асты жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштарын, спорттық снарядтарды, балалар және спорт алаңдарын, орындықтар мен сәкілерді, банкоматтарды, банктер терминалдарын, POS-терминалдарды жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді;
28) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған интернат үлгісіндегі оқу орындарында шектеу іс-шараларын және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды;
29) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, екінші деңгейдегі банктердің жұмысын;
30) халық арасында COVID-19 таралуының алдын алу бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
Семей қаласында қайта жұмыс режиміне көшу Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қосымша қаулысымен регламенттелетін болады.
1) меншік иелері үшін жеке куәлігі және туризм объектілеріне құқық белгілейтін құжаттары болған жағдайда;
2) қызметкерлер үшін жеке басын куәландыратын құжаттары, ұйымның атауын, БСН немесе ЖСН және экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін көрсете отырып, қызметкерлердің жеке деректері (ТАӘ және ЖСН), лауазымы, автокөліктің мемлекеттік нөмірі (болған кезде), жүріп-тұру күні және бару маршруты (негізгі маршруттан негізсіз ауытқуларсыз) көрсетілген іссапар куәлігі болған кезде. Барлық құжаттарға қол қойылып, мөрмен расталуы тиіс.
Өскемен қаласының тұрғындарына облыстың рекреациялық аймақтарына демалуға шығуға рұқсат етілсін.
1) маскалық режимді және бір отбасы мүшелерін қоспағанда, кемінде екі метр әлеуметтік қашықтықты сақтау;
2) респираторлық инфекцияның алғашқы симптомдары (мұрынның бітелуі, түшкіру, температура) пайда болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел медициналық жәрдемді шақыру арқылы медициналық ұйымдарға бармай, үйде медициналық көмекке жүгіну қажет.
Облыстың рекреациялық аймақтарында орналасқан қала сыртындағы меншік үйлерге, жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттары болған кезде демалуға шығуға рұқсат етілсін.
1) үй карантиніндегі адамдарға тұрақты қоңырау шалуды (мүмкіндігінше бейне қоңырау шалуды);
2) ПТР әдісімен «ЖРВИ» және «пневмония» диагноздары бар науқастарды COVID-19-ға 100% тексеруді;
3) бекітілген халыққа қоңырау шалу арқылы МСАК деңгейінде вирустық инфекция белгілері бар науқастарды белсенді анықтауды;
4) Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттерінде жаяу, не болмаса жеңіл автокөлікпен өткен барлық адамдарды 2 тәулікке дейінгі мерзімге COVID-2019-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларының мүшелері; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелері; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері; шекараны өткен сәтінде 7 тәуліктен аспаған СОVID-2019-ға ПТР әдісімен тексеру нәтижесі бар адамдар оқшаулауға жатпайды.
Тексеру нәтижелері теріс болған кезде карантиндік стационардағы адамдар тұратын жері бойынша оқшаулауға жатады. Бұл ретте, карантиндік стационардың медициналық қызметкерлерімен тексерілген адамның болатын жері бойынша медициналық мекемелерге тұратын (болатын) жері бойынша 12 тәулік ішінде үй карантинін одан әрі ұйымдастыру (медициналық бақылау жүргізу) үшін қоңырау шалу (мүмкіндігінше бейне қоңырау шалу) арқылы ақпарат беріледі. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда, тексерілген адам жергілікті атқарушы органдар белгілеген үй-жайларда оқшаулауға жатады.
5) Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттері арқылы өтетін теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарға; жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге; транзиттік жүргізушілерге; локомотив бригадаларының мүшелеріне жедел тестілеу жүргізуді қамтамасыз етсін.
Жедел тестілеудің оң нәтижесі анықталған кезде, тестілеу өткізілген адам провизорлық стационарға қосымша тексеруге жіберіледі.
Теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар; жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер; транзиттік жүргізушілер; локомотив бригадаларының мүшелері қоңырау шалу арқылы болатын/тұратын жері бойынша медициналық бақылауда болады.
Шығыс Қазақстан облысында тұратын және Ресей Федерациясымен халықаралық автомобильдік жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерінің базасында тұратын жері бойынша екі аптада бір рет ПТР әдісімен тексеруден өтеді;
6) биоматериал сынамаларын «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының және оның бөлімшелерінің зертханасына, сондай-ақ режимдік комиссияның патогендігі І-IV топтағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсаты бар өзге де зертханаларға тасымалдауды;
7) карантиндік және провизорлық стационарларда CОVІD-19 туындаған коронавирустық инфекцияның ауруханаішілік таралуына жол бермеу бойынша санитариялық-дезинфекциялық және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтауды, сондай-ақ медициналық қалдықтарды қауіпсіз жинауды, тасымалдауды, сақтауды, залалсыздандыруды және кәдеге жаратуды;
8) карантиндік және провизорлық стационарлар қызметкерлерінің арасында ауруға жол бермеу мақсатында жеке қорғаныш құралдарын және биологиялық қорғаныш костюмдерін кию ережелерін қатаң сақтауды қамтамасыз етсін.
1) осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әуежайларына ішкі рейстермен келетін жолаушылар арасында эпидемияға қарсы профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырсын.
Шет елден облысқа авиарейстермен келетін барлық адамдарды 2 тәулікке дейін ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауды, кейіннен 12 тәулік ішінде үйде оқшаулауды (үй карантині) ұйымдастырсын;
2) биоматериал сынамасын зерттеу үшін іріктеп алуды эпидемияға қарсы режим талаптарын сақтай отырып, медициналық қызметкер жүргізеді. Материалды жинау кезінде жеке қорғаныш құралдары қолданылады;
3) коронавирустық инфекцияға жедел тестілеудің оң нәтижесін алған жолаушылар ПТР әдісімен тексеруден өту үшін барлық санитариялық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, провизорлық стационарға жіберіледі. Бұл адамдар ПТР тестінің нәтижелерін алғанға дейін провизорлық стационарда болады.
1) Шығыс Қазақстан облысында тұратын және Ресей Федерациясынан «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттері арқылы халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын барлық жүргізушілердің аты-жөнін көрсете отырып тізімін қалыптастырсын;
2) жүргізушілердің өзін-өзі оқшаулау ережелерін сақтауын бақылауды ұйымдастырсын. Олардың денсаулық жағдайына медициналық бақылауды ұйымдастыра отырып, байланыста болған адамдардың шеңберін анықтасын.
1) нақты байланыс деректерін (тұратын жері, телефоны және т. б.), Қазақстан Республикасының шекарасынан өткенге дейін соңғы 14 күнде болған жерлері туралы деректерді (оның ішінде коронавирустық инфекция бойынша қолайсыз аумақтарда), вирустық инфекция белгілері бар науқастармен байланыста болу фактілерін, денсаулық жағдайы туралы деректерді және т.б. көрсетуге;
2) үй карантині режимінің барлық кезеңінде болатын (тұратын) жерде болуға, үй карантиніндегі адамдарға арналған нұсқаулықты сақтауға, басқа адамдармен байланыста болған әрбір жағдай туралы хабарлауға;
3) күн сайын жүйелі түрде денсаулық жағдайына өзіне-өзі бақылау жүргізуге, вирустық инфекция симптомдары, дене температурасы көтерілгенде, ентігу немесе жөтел болған жағдайда тұратын жері бойынша медициналық қызметкерді дереу хабардар етуге;
4) маскалық режимді және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауға;
5) жергілікті атқарушы органдар карантин үшін белгілеген үй-жайларда аудио, фото және бейне түсірілімдер жүргізбеуге міндетті.
1) жергілікті өзін-өзі басқару комитеті, ПИК және кондиминиум қызметкерлерімен бірлесіп тұрғын үй секторында, саяжай алаптарында, саябақтарда, скверлерде, аула ішіндегі балалардың ойын және спорт алаңдарында, рекреация аймақтарында, қоғамдық көлікте маскалық режим мен шектеулерді сақтау тұрғысынан күшейтілген патрульдеуді;
2) үй карантиніндегі адамдарды бақылауды;
3) блокпосттарда өткізу режимін қатаң сақтауды;
4) карантиндеу орындарын күзетуді;
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы қаулымен белгіленген шектеулер режимі мен талаптарды бұзған тұлғаларға шаралар қолдауды қамтамасыз етсін.
1) алыс шетелден және іргелес мемлекеттерден келгеннен кейін әуе кемелерін, оның ішінде қызмет көрсететін жер бетіндегі жабдықтар мен көліктерді қорытынды дезинфекциялауды;
2) әрбір тұрақты және чартерлік рейстерден кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;
3) тұрақты және чартерлік рейстердің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды қамтамасыз етсін.
1) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес кәсіпкерлік объектілердің міндетті санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз етсін;
2) Ресей Федерациясымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріне шетелден келетін барлық тұлғалардың (оның ішінде ұшқыштардың, бортсеріктердің, машинистердің, жолсеріктердің, жүргізушілердің, тасымалдаушылардың және басқалардың) міндетті термометриясымен санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді жалғастырсын;
3) әрбір сауалнамадан өткен тұлға туралы ақпаратты рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына енгізуді, сондай-ақ оқшаулау режиміне бірлескен бақылауды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдарға ақпарат беруді қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларға, экипаж мүшелеріне, бортсеріктерге, машинистерге және жолсеріктерге әуежайларда, темір жол көлігінде және автоөтпелерде сауалнама жүргізсін;
4) СОVID-19 таралуының профилактикасы мен алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізсін, оның ішінде жадынамаларды таратсын;
5) мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне коронавирустық инфекцияның профилактикасы мәселелері бойынша нұсқама жүргізсін;
6) Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен тұлғаларға күнделікті мониторинг жүргізсін;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы шеңберінде, әкімдіктер жанындағы мобильдік топтардың жұмыс істеп тұрған объектілердің және халықтың шектеу режимін, эпидемияға қарсы талаптардың сақтауына мониторинг пен түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша жұмыстарына қатыссын;
- «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шараларды ұзарту туралы» 2020 жылғы 11 мамырдағы № 7;
- «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шараларды ұзарту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №7 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 12 мамырдағы № 8;
- «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шараларды ұзарту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №7 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Шығыс Қазақстан облысы аумағында одан әрі қолданылатын шаралар туралы»
2020 жылғы 14 мамырдағы № 9 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері __________________М. Исмаилов