«Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шараларды ұзарту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы 7 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы № 8 ҚАУЛЫ

«Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шараларды ұзарту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы 7 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№ 8

ҚАУЛЫ

 

 

2020 жылғы 12 мамыр                                                                   Өскемен қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Г.Ж. Тагаева, Қазақстан Республикасында және Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағы 4) тармақшасының негізінде»,

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

«Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік шараларды ұзарту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 11 мамырдағы 7 қаулысына 1 (бұдан әрі-қаулы):

1) қаулының 4-тармағы келесі мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

Халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлерін, медициналық көрсеткіштері бойынша шығатын және кіретін адамдарды, стационарларда емделуде және карантиндік, провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдарды, жүктерді транзиттік автотасымалдаушыларды, вахталық қызметкерлерді тасымалдайтын көлік құралдарын сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринарлық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге жұмылдырылған адамдар мен автомашиналарды, растайтын мемлекеттік тіркеу куәлігі (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), сондай-ақ жеке куәлігі мен қызметкерлерге арналған жұмыс орнынан алынған анықтама (мөрмен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) болған жағдайда, сондай-ақ тұрғылықты жеріне қайтқан адамдарды және облыс тұрғындары (бір отбасы мүшелерін) «мемлекеттік нөмірдің соңғы санының жұп, тақ сандарының» қағидасы бойынша мемлекеттік нөмір белгісіне байланысты, меншік иесін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда жеке меншік саяжайларына (қала сыртындағы үйлеріне) баруын қоспағанда, азаматтардың аудандар мен қалалардың аумағына кіруіне/шығуына тыйым салынсын.

2) қаулының 6-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«Қаладан/ауданнан шығу кезінде блок посттарда COVID-19-дан жедел тестілеуден өтіп, «жазғы туристік маусымға адамдарды орналастыру және демалатын орындарды (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақтраға арналған  үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар, санаторийлер, балалардың сауықтыру мекемелері, облыс аумағындағы мемлекеттік ұлттық парктер) дайындауға рұқсат етілсін:

1) меншік иелері үшін туризм объектілеріне құқығын растайтын құжаттардың және жеке куәлігінің болуы;

2) қызметкерлер үшін жеке куәлігінің, қызметкердің жеке бас деректері (ТАӘ және ЖСН), оның лауазымы, автокөліктің мемлекеттік нөмірі (болған жағдайда), жүріп-тұру күні және жүру бағыты (негізгі бағыттан негізсіз ауытқусыз) көрсетілген іссапар куәлігінің болуы, барлық құжаттарға қол қойылуы және мөрмен расталуы тиіс.

Карантин кезінде демалушыларды қабылдауға қатаң тыйым салынады.»;

3) қаулының 7 тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

І, II типті рұқсаттамалары болған жағдайда, халықтың тұратын жерлерінен кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің саябақтарға, алаңдарға және скверлерге, ойын-сауық объектілері жоқ жағалауларға баруына халықтың еркін шығуына рұқсат етілсін.»;

4) қаулының 9 тармағының 4) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

Шығыс Қазақстан облысында тұратын және Ресей Федерациясынан «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттері арқылы теміржол көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдарға, жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерге, сондай-ақ транзиттік жүргізушілерге; локомотив бригадаларының мүшелеріне; мәйіті бар табыттарды алып жүретін көліктегі адамдарға; туыстарының қайтыс болуына байланысты облыс аумағына келген адамдарға жедел-тестілеу жүргізу.

Бұл адамдар тұратын жері бойынша қоңырау шалу арқылы медициналық бақылауда болады.

Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын қоспағанда, «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттерінде жаяу, не болмаса жеңіл автокөлікпен Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны кесіп өткен адамдар; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелері; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері 2 тәулікке дейінгі мерзімге COVID-2019-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарда оқшаулауға жатады.»;

5) қаулының 9-тармағының 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«Тексеру нәтижелері теріс болған кезде, карантиндік стационардың мамандарымен ақпарат тексерілген адамның болатын жері бойынша 12 тәулік ішінде үй карантинін одан әрі ұйымдастыру (медициналық бақылау жүргізу) үшін тұратын (болатын) жері бойынша медициналық мекемелерге қоңырау шалу (мүмкіндігінше бейне қоңырау шалу) арқылы беріледі.

Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған жағдайда тексерілген адам жергілікті атқарушы органдар белгілеген үй - жайларда оқшаулауға жатады;

Туыстарының қайтыс болуына байланысты облыс аумағына «Ауыл» және «Уба» өткізу пункттері арқылы келген адамдар болатын жері бойынша ПТР әдісімен тереңдетілген тексерілуге жатады.

Шығыс Қазақстан облысында тұратын және Ресей Федерациясымен халықаралық автомобильдік жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерінің базасында тұратын жері бойынша екі аптада бір рет ПТР әдісімен тексеруден өтеді»;

6) қаулының 10-тармағының 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

«Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан Өскемен және Семей қалаларының әуежайларына күн сайынғы ішкі рейстермен келетін барлық жолаушыларға жедел тестілеу ұйымдастырылсын.

Шығыс Қазақстан облысына шет елден авиарейстермен келген барлық адамдарды кейіннен 12 тәулік ішінде үйде оқшаулай отырып (үй карантині), 2 тәулікке дейін ПТР әдісімен СОVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарларда оқшаулауды ұйымдастыру»;

7) Қаулының 1-қосымшасы «Жедел тестілеуді өткізу алгоритмі» келесі редакцияда жазылсын:

Жедел тестілеуді өткізу алгоритмі

Көліктің түрі

Жедел тестілеу нәтижесі

теріс

оң

Жүк көлігі

(жүргізуші ШҚО-ның тұрғыны болып табылады)

- қоңырау шалу арқылы МСАК медициналық бақылау

- ПТР-тестілеуден өту үшін стационарға карантиндеу*

Жүк көлігі

(транзит)

 

-

Белгілеріне қарамастан:

- облыс аумағынан тыс жерге аялдамасыз* алып жүру

Ескертпе:

* - жедел жәрдем және полиция департаменті қызметкерлерімен қамтамасыз етіледі.

** - негізгі жүргізушіні карантиндеу кезінде жүкті одан әрі ШҚО шекарасында қарсы алатын басқа жүргізуші тасымалдауы мүмкін. Егер жүргізушіні ауыстыру көзделмеген жағдайда, жүк көлігі жергілікті атқарушы орган айқындайтын уақытша тұраққа қойылады. Жүктің (тез бүлінетін өнімдердің) сақталуы мен жай-күйіне жүргізуші (немесе жүк иесі / тапсырыс беруші) жауапты болады.

8) қаулының 2-қосымшасында қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, асханалар, донер дәмханалары, барлар) кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тек қашықтықтан сату әдісімен жеткізу және шығару үшін «жазғы алаңға» деген сөздер алынып тасталсын, жұмыс істеу жағдайларына қойылатын талаптар келесі редакцияда жазылсын:

 

қоғамдық тамақтану объектілері (мейрамханалар, кофеханалар, дәмханалар, банкет залдары, асханалар, донер, барлар) тек кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жеткізу және шығару үшін

·        Шығару мен жеткізуге жұмыс істейді.

·        5 адамнан артық кезектің түзілуіне жол берілмейді, олардың арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, бір мезгілде қызмет көрсетілетін келушілердің санын шектейді.

·        Кассалар жанында «Жол белгілерін» - клиенттерге арналған қозғалыс жолақтарын және әр 2 метр сайын қашықтық сызығын орналастыру ұсынылады.

·        Объектіде жалпы жинау және дезинфекция жүргізу үшін аптасына 1 рет санитарлық күн белгілеу.

9) қаулыға 4-қосымшада «ПТР-тестінің болуы міндетті» деген сөздер алынып тасталсын.

10) қаулының 5-қосымшасында «Жарнама агенттіктері, нотариустар, адвокаттар, фотосалондар, жылжымайтын мүлікпен, ақпараттық - коммуникациялық технологиялармен жасалатын операциялар бойынша компаниялар»  қызмет түрлерінде «турагенттіктер және туроператорлар, авиа және т/ж кассалары» деген сөздер қосылсын.

  1. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
  2. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволарға жеткізілсін, халық БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері  __________________     Г. Тагаева

Дата публикации
13 мая 2020