Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының Шығыс Қазақстан облысы аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы № 6 ҚАУЛЫСЫ

Шығыс Қазақстан облысы аумағында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы

№ 6

ҚАУЛЫ

 

 

2020 жылғы 7 мамыр                                              Семей қаласы

 

 

Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары М. А. Исмаилов, құжаттарды қарастырып:

облыс тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның ағымдағы эпидемиологиялық жағдайын;

«Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 1 мамырдағы                  № 35 қаулысының 10-қосымшасы, 3-тармағы, 5-тармақшасының негізінде;

анықтады: Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары арасында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуының ықтимал қаупінің болуы,

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағы 4) тармақшасының негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Облыс әкімдігі, полиция мен денсаулық сақтау  органдарымен бірлесіп:

  1. «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 1 мамырдағы № 35 қаулысымен (бұдан әрі - Қаулы) қарастырылған карантиндік шаралардың орындалуына бақылауды күшейту және қатайту.

Төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі аймақтық штабпен келісе отырып, жергілікті атқарушы органдар Шығыс Қазақстан облысына/н шығуға және кіруге рұқсат беру үшін түлғалар мен көлік құралдарының жекелеген санаттарын анықтайды.

  1. Осы қаулының талаптары мен қосымшасында белгіленген алгоритмге сәйкес, 2020 жылғы 8 мамырдағы сағат 18.00-ден 15 мамырдың 23.55 сағатқа дейін Алматы, Қарағанды және Павлодар облыстарынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекара блок бекеттеріне келушілердің барлығын COVID-19 бойынша экспресс тестілеуді қамтамасыз ету.
  2. Бақылау-өткізу бекеттеріндегі медициналық қызметкер басқа аймақтан келген адамдардан мобильді құрылғылар немесе қағаз арқылы сауалнама жүргізеді;

Келушілер сауалнамы қағазға немесе мобильді қосымша арқылы толтыруы қажет. Сауалнаманы толтырудан бас тарту әкімшілік жауапкершілікке тартуға немесе кіруден бас тартуға негіз болып табылады.

Бақылау-өткізу бекеттеріндегі медициналық қызметкер қағаз сауалнамадағы ақпаратты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің веб-қосымшасына (бұдан әрі - веб-қосымша) 2 сағаттың ішінде  енгізеді.

Мобильді құрылғылар арқылы сауалнаманы толтырып болғаннан кейін, келген адамдар медициналық қызметкерге сауалнаманың сәтті аяқталғаны туралы мобильді құрылғыдағы жазбаны ұсынады.

Медициналық қызметкер келген адамның сауалнаманы электронды форматта толтырғанына және жібергеніне көз жеткізуі қажет. Сауалнаманы толтырғаннан кейін мәліметтер автоматты түрде веб-қосымшасына жүктеледі.

  1. Сыртқы блок посттарда, басқа аймақтардан облысқа келген түлғалардың барлығы сауалнаманы толтырып, Қаулы мен алгоритмен белгіленген түрде және тәртіпте 14 күн ішінде үй карантинін сақтау шарттарының міндетті түрде сақтау қажеттілігі туралы қолхатқа қол қояды.
  2. Денсаулық сақтау басқармасы және МСАК ұйымдары үй карантиніндегі жатқан түлғаларға тұрақты түрде қоңырау шалу (мүмкін болса, бейне қоңыраулар арқылы) жүргізеді.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
  4. Осы қаулы қол қойылғаннан бастап күшіне енеді және ресми жойылғанға дейін қолданыста болады.

 

 

М. О.

Шығыс Қазақстан облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің орынбасары                           __________М. Исмаилов

Дата публикации
08 мая 2020