Шығыс Қазақстан облысы аумағында
карантиндік шараларды өзгерту туралы
№ 5
ҚАУЛЫ
2020 жылғы 29 сәуір Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары М. А. Исмаилов, құжаттарды:
«Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды ұзарту туралы» Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылғы 29 сәуірдегі №310 жарлығын;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының 2020 жылғы 27 сәуірдегі №16 хаттамасын;
Қазақстан Республикасында және Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 туындаған коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жедел мәліметтерін қарап,
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағы 4) тармақшасының негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) Шығыс Қазақстан облысы аумағында коронавирустық инфекцияның таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызметін кезең-кезеңімен қайта жаңғыртуға жататын кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі мен түрлерін анықтауды және бекітуді;
2) санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, адамдар аз жиналатын және эпидемиологиялық маңыздылығы төмен объектілердің:
- жұмыс режимін сағат 17.00-ге дейін шектей отырып, ауданы 500 м2 аспайтын азық-түлік тауарларын сатпайтын көтерме, көтерме-бөлшек және бөлшек сауда объектілерін;
- бір клиентке қызмет көрсете отырып, алдын ала жазылу бойынша шаштараздарды;
- гүл өнімдерін сату бойынша сауда орындарын;
- төтенше жағдайға жедел әрекет ету штабының шешімі бойынша басқа да объектілерді/бағыттарды жұмыс режиміне бірінші кезекте көшуін;
3) қоғамдық орындарды, саябақтарды, гүлбақтарды, аула ішіндегі алаңдарды, үй жанындағы балалардың ойын және спорт алаңдарын дезинфекциялық өңдеуді ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етсін.
- жеке тұлғалар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық қамтамасыз етілген кезде;
- кәмелетке толмағандарға ата-анасының біреуінің ілесуінсіз немесе 18 жастан асқан туыстарының ілесуінсіз жүруге тыйым салынады;
- 65 жастан асқан тұлғаларға адамдар көп жиналатын жерлерге барудан бас тарту ұсынылады;
- саяжай учаскелеріне бөгде адамдарды шақыруға және мерекелік-демалыс іс-шараларын өткізуге тыйым салынады;
- бау-бақша кооперативтерінің (серіктестіктер) ішінде жүріп-тұру шектеледі;
- саяжай учаскелеріне баратын жол бойында қоғамдық көлікте маскалық режим сақталады.
саяжай алаптарын, саябақтарды, гүлбақтарды, жағалауларды, аула ішіндегі алаңдарды, үй жанындағы балалардың ойын және спорт алаңдарын, рекреация аймақтарын осы қаулының 2- тармағында белгіленген шарттардың сақталуына патрульдеу ұйымдастырсын.
1) қызметін кезең-кезеңімен жаңартуға жататын кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің меншік иелерін карантиндік шараларды жеңілдету кезеңіндегі жұмыс жағдайларымен таныстырсын;
2) қызметін кезең-кезеңімен қайта жаңартуға жататын кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілері санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларының сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз етсін;
3) міндетті санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтамаған жағдайда, әкімшілік ықпал ету шаралары қабылдансын.
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің орынбасары __________________М. Исмаилов