Шығыс Қазақстан облысы аумағына
карантин режімін енгізу туралы
№3 ҚАУЛЫ
2020 жылғы 16 сәуір Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары М. А. Исмаилов, құжаттарды қарап:
Қазақстан Республикасында және Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 коронавирустық инфекция бойынша санитариялық-эпидемиологиялық ахуалдың жедел мәліметтерін,
Шығыс Қазақстан облысы халқының арасында CОVІD-19-дан туындаған коронавирустық инфекцияның таралуының ықтимал қаупі туындауын анықтадым:
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағының 4) тармақшасы негізінде ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлерін, медициналық көрсетілімдер бойынша шығатын және кіретін адамдарды, сондай-ақ карантин енгізілген кезеңде стационарларда және карантиндік, провизорлық стационарларда бақылауда болған адамдардың шығуын қоспағанда, облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағынан шығуға және оған кіруге тыйым салуды;
2) авариялық-құтқару, жедел медициналық жәрдем қызметтерінің қолжетімділігін және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді ескере отырып, карантиндік аймаққа кіру/шығу пункттерін айқындауды;
3) төтенше жағдайға жедел әрекет ету штабының шешіміне сәйкес, қала бойынша және аудандар, ауылдық елді мекендер арасында орамдар мен секторларға бөле отырып, блок-бекеттерді орната отырып, карантиндік аймақта жүріп-тұруды шектеуді;
4) әуежайдың, теміржол вокзалының, автовокзалдар мен автостанциялардың қызметін, көлік қатынастарын, сондай-ақ жеке тасымалдауды тоқтата тұруды;
5) осы қаулының қосымшасына сәйкес, меншік нысанына қарамастан қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;
6) жәрмеңкелердің, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;
7) кезең-кезеңімен тасымалдауға көше отырып, қоғамдық көліктің жұмысын шектеуді;
8) ауылдық елді мекендер ішінде тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салуды енгізуді;
9) полиция және әскери күштерді тарта отырып, карантиндік аумақты патрульдеуді;
10) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін, стратегиялық және төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен белгіленген барлық кәсіпорындардың/ұйымдардың қызметін тоқтата тұруды;
Төтенше жағдайға жедел әрекет ету штабының шешімі бойынша екінші деңгейдегі банктер мен ұлттық почта операторының жұмыс режимі мен тәртібін белгілеуді;
Санитариялық және дезинфекциялық режимді күшейте отырып, қонақ үй кешендерінің, қонақ үйлердің, хостелдердің, стоматологиялық кабинеттердің;
ХҚКО үй-жайларында мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсететін ұйымдардың, азаматтардың алдын ала жазылуын қамтамасыз ету шартымен көрсетілген орталықтардың үй-жайларында ғана жүзеге асырылуы мүмкін қызметтерді көрсетуді қоспағанда жұмысын жалғастыруды;
11) алдын ала жазылу бойынша нотариустардың жұмысына рұқсат беруді;
12) діни мақсаттағы объектілердің жұмысын тоқтата тұруды;
13) облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің ішінде жеке көліктің қозғалысын шектеуді;
14) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда үш адамнан артық топпен жиналуды шектеуді;
15) азық-түлікті, бірінші кезекте қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуды қоспағанда, тұрғындардың тұрғын үйден шығуын шектеуді;
16) тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;
17) 70 жастан асқан адамдарға және он сегіз жасқа толмаған адамдарға тұрғын үйден алып жүретін ересек адамсыз шығуына тыйым салуды;
18) карантин режимін сақтамайтын адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуды;
19) карантин кезеңінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің тізбесі мен жұмыс режимін айқындауды;
20) қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағында жүріп-тұруға рұқсат етілген адамдардың тізбесін айқындауды;
21) COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациенттердің шұғыл көрсетілімдері бойынша емдеуге жатқызуға арналған көп бейінді стационарларды айқындауды;
22) денсаулық сақтау ұйымдарында аймақтарға бөлуді және жұмыс режимін сақтауды;
23) халық, органдар мен ұйымдардың, сауда және қызмет көрсету субъектілерінің қызметкерлері үшін бетперде режимін енгізуді;
24) қызметтері тоқтамаған өндіріс, тасымалдау және қызмет көрсету саласы қызметкерлері санитариялық-дезинфекциялық өңдеуді жүргізу үшін міндетті үзіліс жасай отырып, қолғаптармен қамтамасыз етуді және жұмыс істеуді, санитайзерлер орнатуды;
25) бір – бірінен кемінде 1 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қамтамасыз етуді;
26) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық көмек машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің үйде медициналық көмек көрсетуі, ошақта эпидемиологиялық тексеру жүргізу, науқастарға және байланыста болған адамдарға сұрақ-жауап және сауалнама жүргізу кезінде аудио, фото және бейне түсірілімдер жүргізуге тыйым салуды қамтамасыз етсін.
М.О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің орынбасары М. Исмаилов
(тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
Қаулыны алдым _____________________________________________
(атқаратын лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, алған күні, қолы)
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері орынбасарының
2020 жылғы 16 сәуірдегі
№3 қаулысына
қосымша
Қызметі уақытша тоқтатылатын объектілер тізімі
(азық-түлік тауарларын және бірінші кезекте қажетті азық-түлікке жатпайтын тауарларды қашықтықтан сату тәсілін қоспағанда)
1) ірі сауда объектілері, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, отбасылық демалыс орталықтары, әмбебап және азық-түлік сатылмайтын базарлар, соның ішінде азық-түлік бөлімдерін, дәріханалар мен дәріханалық пункттерді, банкттердің төлем-кассалық бөлімшелерін қоспағанда осы объектілер ғимаратында орналасқан автожуу, техникалық қызмет көрсету станциялары;
2) тапсырыстарды қашықтықтан жеткізуді қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері мен ауруханаларда, жұмыс ұжымдарында тамақтануды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсететін объектілер;
3) түнгі клубтар (дискотекалар), барлар, кальян шегу орындары;
4) оқу орталықтары, үйірмелер, артклубтар, балалардың бос уақытын өткізетін орындар, меншік нысанына қарамастан балабақшалар, білім беру объектілері және т.б.;
5) дәріханалар, дәріханалық пункттерді, медициналық бұйымдар мен техниканы сататын объектілерді қоспағанда, азық-түлік тауарларын сатпайтын көтерме, көтерме-бөлшек және (немесе) бөлшек сауда объектілері;
6) ойын-сауық объектілері (интернет-клубтар, букмекерлік, бильярд, караоке, PS-клубтар, квесттер, антикафе, боулинг-орталықтары және т.б.);
7) барлық меншік түріндегі спорт нысандары (фитнес, йога, бассейндер, тирлер, ату орындары және т. б.)
8) кинотеатрлар (кинозалдар) және театрлар;
9) қызмет көрсету саласының объектілері (шаштараз, сұлулық салондары, СПА-салондары, массаж жасау орталықтары, қоғамдық моншалар, сауналар және т. б.);
10) онлайн режимде қызмет көрсету мүмкіндігі бар объектілерді қоспағанда автосалондар, автобазарлар;
11) онлайн режимде қызмет көрсету мүмкіндігі бар объектілерді қоспағанда құрылыс материалдарын сататын бөлшек сауда орындары және құрылыс компанияларына қызмет көрсететін көтерме сауда қоймалары;
12) түсті және қара металл сынықтарын қабылдау пункттері;
13) компьютерлік, тұрмыстық-техника, жабдықтарды сату және жөндеу салондары;
14) кір жуу, химиялық тазалау қызметін көрсететін ұйымдар;
15) ломбардтар;
16) гүл өнімдерін сататын сауда орындары.