2021 жылда ҚР ДСМ СЭБК ШҚО СЭБ Департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі мынадай жұмыс атқарды:
Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Ресрубликасы заңнамаларының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультативті көмек көрсетілді, оның ішінде: жеке және заңды тұлғаларға-6, мемлекеттік қызметшілерге-36.
Азаматтардың жеке қабылдаулары-1.
Қызметтік әдеп нормаларын бұзған мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігін қарастыруға қатысты 1 материалдарды лауазымды тұлғаға жолданған ұсыныс бойынша 1 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: дәріс пен семинарлар-16, БАҚ-та жарияланған баспалы мақалалар-1, интернет-ресурстарындағы мақалалар-16.
Аймақтағы аудандар мен қалалаларға 15 шығу іске асырылды.
Әдеп жөніндегі уәкілдің ұсынысы негізінде мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін көтермеленген қызметшілердің саны -12.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында жүргізілетін анонимді сауалнамаға қатысушылардың саны -312.