Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің 2021 жылғы 20 мамырдағы №6 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
№ 6-4
ҚАУЛЫ
2021 жылғы 16 маусым Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев,
мына құжаттарды:
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 8 маусымдағы шешімін;
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 26 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 11 маусымдағы № 27 қаулыларын;
«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын;
CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 7,4%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) – 0,978 құрағанын анықтадым.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. Шығыс Қазақстан облысының барлық аумағында 2021 жылғы 19 маусымнан бастап 2 шілдеге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін»;
Осы тармақша ағымдағы жылдың 19 маусымынан бастап күшіне енеді.
2) Қаулының 1-қосымшасындағы 25-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
|
25. |
ХҚКО |
Рұқсат етілген Қолданыстағы жұмыс режимі |
Рұқсат етілген Қолданыстағы жұмыс режимі |
|
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: Рұқсат етілген |
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: Рұқсат етілген |
3) Қаулының 1-қосымшасындағы 62-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
|
62. |
Балалардың ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар ) |
ü Рұқсат етілген Толтырылуы 30%, бірақ 50 адамға дейін |
Тыйым салынған |
|
Ауданы 1000 ш.м дейінгі балалар ойын-сауық орталықтары (жабық) |
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: ü бір адамға ауданы кемінде 10 ш.м. қамтамасыз еткен жағдайда, бірақ 70 адамнан аспаған кезде
|
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: ü бір адамға ауданы кемінде 10 ш.м. қамтамасыз еткен жағдайда, бірақ 50 адамнан аспаған кезде |
|
|
Ауданы 1000 ш.м. және одан жоғары балалар ойын-сауық орталықтары (жабық) |
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: ü бір адамға ауданы кемінде 10 ш.м. қамтамасыз еткен жағдайда, бірақ 120 адамнан аспаған кезде
|
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: ü бір адамға ауданы кемінде 10 ш.м. қамтамасыз еткен жағдайда, бірақ 100 адамнан аспаған кезде |
4) Қаулының 1-қосымшасы келесі редакциядағы 78-тармақпен толықтырылсын:
|
78. |
Әуежайлар |
Рұқсат етілген (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес) |
Рұқсат етілген (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес) |
|
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: Рұқсат етілген Қолданыстағы жұмыс режимі |
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: Рұқсат етілген Қолданыстағы жұмыс режимі |
5) Қаулының 1-қосымшасы келесі редакциядағы 79-тармақпен толықтырылсын:
|
79. |
Теміржол вокзалдары |
Рұқсат етілген (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес) |
ü Рұқсат етілген (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулыларына сәйкес) |
|
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: Рұқсат етілген Қолданыстағы жұмыс режимі |
«Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге: Рұқсат етілген Қолданыстағы жұмыс режимі |
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Турдиев Қ.А.