Шығыс Қазақстан облысының туристік-рекреациялық аймақтарында
COVID-19 коронавирустық инфекция ауруының әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы
№ 8
ҚАУЛЫ
2021 жылғы 12 маусым Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев,
мына құжаттарды:
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 27 ақпандағы №9; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 5 наурыздағы №10; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы №12; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 сәуірдегі №13; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17; «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» 2021 жылғы 3 маусымдағы №26 қаулыларын;
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен бекітілген;
«Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген;
CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы (бұдан әрі - CОVІD-19) бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 7,8%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) – 0,986 құрағанын анықтадым.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Туристік-рекреациялық аймақтардағы орналастыру және демалыс орындарының жұмыс істеу режимі мен мерзімдері облыс аумағында және республиканың шектес өңірлерінде COVID-19 таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.
2.1 «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚО Кәсіпкерлер палатасымен (келісім бойынша), ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасымен бірлесіп, құзыреті шегінде және заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес шаралар қабылдасын және мыналарды:
1) меншік иелері немесе демалушыларды демалыс және тұру орындарына орналастыруға жауапты адамдар, сондай-ақ қала мен ауданның туристік-рекреациялық аймақтарында орналасқан, оларға қызмет көрсету жөніндегі өзге де объектілер арасында қызметкерлер мен халықтың (демалушылардың, туристердің, келушілердің және т. б.) қауіпсіздігін қамтамасыз ету және COVID-19 таралу қаупін барынша азайту үшін «ASHYQ» мобильді қосымшасын пайдалана отырып, оның ішінде басқа платформалар арқылы (eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, www.ashyq.kz сайты) «ASHYQ» жобасын («ерікті» қатысушылар форматында (отельдерді, қонақ үйлерді қоспағанда) іске асыруды;
2) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – ВАК) 2020 жылғы 7 желтоқсандағы хаттамасымен (ВАК-ның 2020 ж. 14.12 хаттамасымен өзгерістер енгізілген) бекітілген Шектеу шараларын, оның ішінде карантинді сақтау жөніндегі талаптардың бұзылуы анықталған кезде әкімшілік сипаттағы шараларды қолдану бойынша лауазымды адамдардың іс-қимыл алгоритміне (бұдан әрі – Алгоритм) сәйкес қала мен ауданның туристік-рекреациялық аймақтарында демалушылар орналасатын жерлерге және оларға қызмет көрсететін объектілерге жүйелі тексеру жүргізу үшін мониторингтік топтардың құрамын бекітуді;
3) Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұсынатын жүктемесі негізінде келушілерді QR – код (check-in) бойынша тіркеу саны төмен кәсіпкерлік объектілері - «ASHYQ» жобасына қатысушылар бойынша мониторингтік топтардың рейдтер жүргізуді;
4) «ASHYQ» жобасынан шығарылған кәсіпкерлік объектілерінің мониторингтік топтар арқылы олардың қызметін заңсыз қайта бастауына жол бермеу бөлігінде ерекше бақылау жасауды;
5) InfoKazakhstan.kz сайтында электрондық форматта берілетін Санитариялық нормаларға сәйкестік актісі негізінде қаланың және ауданның туристік-рекреациялық аймақтарында орналасқан объектілердің қызметін қайта бастауды;
6) қоғамдық мониторинг жүргізу мүмкіндігі үшін санитариялық нормаларға сәйкестік актісін объектіге кіреберісте көрінетін жерге орналастыруды;
7) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілердің жұмысына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптармен танысу үшін InfoKazakhstan.kz сайтының жұмысы туралы халықты, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттандыруды;
8) кәсіпкерлердің бұзушылықтарды жоюы үшін уақтылы шаралар қабылдаулары мақсатында шағымдарды және шектеу режимін, оның ішінде карантинді бұзу фактілерін орналастыру үшін InfoKazakhstan.kz сайтын пайдалануды;
9) кәсіпкерлік субъектісі InfoKazakhstan.kz сайтында объектінің паспортына үй-жайларды келушілермен жоспарлы толтыру туралы мәліметтерді енгізуді (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен айқындалатын шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңіндегі объектілердің қызметіне қойылатын талаптарға сәйкес 1 адамға белгіленген ауданды ескере отырып айқындалады және енгізіледі);
10) ресми веб-ресурстарда, БАҚ-да, әлеуметтік желілерде және өзге де ақпараттық ресурстарда қажетті ақпаратты орналастыру арқылы барлық меншік нысандарындағы ұйымдарды, мекемелер мен кәсіпорындарды хабардар етуді қамтамасыз етсін;
2.2. ШҚО полиция департаментімен, қаланың/ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп:
«Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 03 маусымдағы №26 қаулысына сәйкес қала мен ауданның туристік-рекреациялық аймақтарында орналасатын және демалатын орындарда «ASHYQ» мобильді қосымшасын пайдалана отырып, оның ішінде басқа платформалар арқылы (eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, www.ashyq.kz сайты) «ASHYQ» жобасын іске асыруды қамтамасыз етсін;
2.3. ШҚО полиция департаментімен бірлесіп:
1) қала мен ауданның туристік-рекреациялық аймақтарында демалушылар орналасқан орындарға және оларға қызмет көрсететін объектілерге жүйелі түрде тексеру жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мониторингтік топтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
2) мониторингтік топтардың жұмысы шеңберінде:
- мониторингтік топтардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу бойынша олардың қызметіне бақылауды күшейтуді;
- Алгоритм талаптарын сақтауды;
- халықтың ғимараттарда, адамдар көп жиналатын орындарда және қоғамдық көлікте жүріп-тұруы кезінде маскалық режим мен әлеуметтік қашықтықтың (бір отбасы мүшелерін қоспағанда кемінде 1,5 метр) сақталуына бақылауды күшейтуді;
- мониторингтік топтардың нәтижелілігіне апта сайынғы бақылауды қамтамасыз етсін;
3) демалыс аймақтарын және демалушылар легін «ұйымдастырылған» және «ұйымдастырылмаған» деп бөлсін, бақылауды қамтамасыз етсін;
2.4. ШҚО ішкі саясат басқармасымен, қала мен ауданның ішкі саясат бөлімдерімен бірлесіп:
мобильді мониторингтік топтардың жұмысын баспа және электрондық БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияласын, халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін (тұрақты брифингтер, онлайн талқылаулар және т. б) қамтамасыз етсін: профилактикалық, эпидемияға қарсы және карантиндік іс-шараларды сақтауы бойынша мониторингтік топтардың тексеру нәтижелерін жария ету;
2.5 қаланың/ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларымен бірлесіп:
осы қаулының 1-қосымшасындағы нысан бойынша Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өтінім беру тәртібінде шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің ерекше шарттарымен шектеу шаралары жағдайында қорытынды - «Дайындығы туралы актілерді» бере отырып, туристік-рекреациялық аймақтардағы объектілердің жазғы туристік маусымды ашуға және қызметін қайта бастауға дайындығын бағалау үшін санитариялық-эпидемиологиялық мобильді топтардың құрамы бекітілсін;
2.6. жаппай жұқтыру жағдайларын болдырмау үшін:
1) жағажай аймағында және ортақ серуендеу аймағында (олар болған жағдайда) әлеуметтік қашықтықты сақтау бойынша белгілер салуды;
2) бір отбасы мүшелерін қоспағанда, барлық жағынан демалушылар арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтай отырып, жағажай аймағында демалушыларды орналастыруды;
3) ортақ серуендеу және жағажай аймақтарында орналасқан шағын сәулет нысандарына күнделікті профилактикалық дезинфекциялауды және ылғалды жинауды жүргізуді;
4) жазғы демалысқа келетін адамдардың көп жиналатын орындарындағы ғимараттардың үй-жайларына (теміржолда және автовокзалдарда, әуежайларда, аялдамаларда, қоғамдық көлікте) күнделікті профилактикалық дезинфекция жүргізуді;
5) респираторлық аурулардың, оның ішінде COVID-19 алдын алу мәселелері бойынша дезинфекциялық өңдеу жүргізу кестелерін және ақпараттық материалдарды хабарландыру тақталарына және басқа да көпшілік назарына қолжетімді орындарға орналастыруды ұйымдастырсын және бақылауға алсын.
3.1 ШҚО туризм және сыртқы байланыстар басқармасымен бірлесіп:
«Алакөл» көлінің жағалауындағы орталық тасжол бойында орналасқан туристік ақпараттық орталығын (ТАО) - ақпарат жинау және мүдделі мемлекеттік органдарды орналастыру орны ретінде айқындасын;
3.2 ШҚО денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп:
«Алакөл» көлінің туристік-рекреациялық аймағының жағалауындаы стационарлық фельдшерлік пункттің жұмысын ұйымдастырсын;
1) объектілер қызметін:
- InfoKazakhstan.kz сайтынан электрондық форматта берілетін «Санитариялық нормаларға сәйкестік актісін»;
- қаулының 1-қосымшасындағы нысан бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өтінім беру тәртібінде тексеру нәтижесі бойынша қалалар мен аудандардағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлерімен шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің ерекше шарттары бар, шектеу шаралары жағдайында жазғы туристік маусымды ашуға берілетін қорытынды - «Дайындығы туралы актіні» алғаннан кейін ғана қайта бастау;
2) келушілердің мәртебесін анықтау үшін объектіге кіре берісте демалушы (келуші) арнайы QR-кодты сканерлеп, көрсеткен жағдайда келушілерге рұқсат беру;
3) объектілерге тек «жасыл» мәртебесі бар демалушыларды (келушілерді) (келуші дерекқорда COVID-19 -ға теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен ретінде белгіленген) жіберу және «көк» мәртебесі бар демалушыларды (ПТР-тестілеу нәтижесі жоқ, COVID-19-бен ауырған пациентпен байланыста болған ретінде саналмаған адам) жіберу.
Ғаламтор желісі болмаған кезде, мобильді қосымша істен шықса немесе өзге де себептер болған жағдайда туристік-рекреациялық аймақ объектілеріне демалушылардың (келушілердің) мәртебесін тексермей олар мыналарды:
берілген күнінен бастап үш тәуліктен (72 сағаттан) аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19 -ға зертханалық тексеру туралы құжатты (еріп жүрушілерде анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда),
немесе COVID-19 қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжатты (вакцинация паспортының электрондық нұсқасын),
DAMUMED медициналық сервистен еңбекке уақытша жарамсыздық парағының қағаз жеткізгіштегі (көшірмесі немесе түпнұсқасы) немесе электрондық нұсқасын ұсынған кезде рұқсат етіледі.
«Сары/қызыл» мәртебесі бар демалушылар (келушілер) (симптомдық және симптомсыз вирусиеленушілер, COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар (коды U 07.1); диагнозы расталған және COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмония) (коды U 07.2); үйде оқшаулау жағдайындағы (үй карантині) COVID-19-бен ауыратын науқаспен байланыста болған (жақын байланыста болған) адамдар) объектілерге жіберілмейді;
4) растайтын материалдарды («сары/қызыл» мәртебесі скриншотын) ұсына отырып, «сары/қызыл» мәртебесі бар оқшаулануға жататын демалушыны (келушіні) объектіде анықтау фактісі туралы қала мен ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасын ұялы байланыс, электрондық пошта арқылы хабардар ету/хабарлама жіберу;
5) «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 03 маусымдағы №26 қаулысына сәйкес«ASHYQ» мобильді қосымшасын пайдалана отырып, оның ішінде басқа платформалар арқылы (eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, www.ashyq.kz сайты) «ASHYQ» жобасын іске асыру;
6) «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67 қаулысымен (бұдан әрі – ҚР БМСД № 67 қаулысы) бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілер жұмысына қойылатын талаптарды және осы қаулыны сақтау;
1) «сары/қызыл» мәртебесі бар адамдарға:
- туристік-рекреациялық аймақтарға келуіне тыйым салынады;
2) «жасыл» және «көк» мәртебесі бар адамдарға:
- тұратын, ортақ пайдаланатын (су қоймасын қоспағанда) және адамдар көп жиналатын орындарда маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты (бір отбасы мүшелерін қоспағанда, кемінде 1,5 метр) қатаң сақтау керек;
3) маңайындағы адамдар үшін өз қауіпсіздігін растау мақсатында қоныстанған жеріне көрсету үшін өзімен бірге мыналарды алып жүру керек:
«ASHYQ» мобильді қосымшасы бойынша, оның ішінде басқа платформалар арқылы (eGov mobile, Аitu, Kaspi.kz, Halyk Bank, Sberbank.kz, www.ashyq.kz сайты) арнайы QR-кодты сканерлеу кезінде «жасыл» және «көк» мәртебесінің болуы,
Ғаламтор желісі болмаған кезде, мобильді қосымша істен шықса немесе өзге де себептер болған жағдайда, келесі құжаттардың бірін:
берілген күнінен бастап үш тәуліктен (72 сағат) аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу туралы құжатты (еріп жүрушілерде анықтама болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда),
немесе COVID-19 қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты (вакцинация паспортының электрондық нұсқасы),
немесе қағаз тасымалдағышта (көшірмесі немесе түпнұсқасы) немесе DAMUMED медициналық сервисінен электрондық нұсқада еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағын ұсынады;
4) ҚР БМСД № 67 қаулысымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде объектілер жұмысына қойылатын талаптардың» сақталуын қамтамасыз етсін.
1) қаулының 1-қосымшасындағы нысан бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес өтінім беру тәртібінде шаруашылық және (немесе) өзге де қызметтің ерекше шарттарымен шектеу шаралары жағдайында қорытынды - «Дайындығы туралы актілерді» бере отырып, демалушыларды орналастыру және демалыс орындарының жазғы туристік маусымды ашуға және қызметін қайта бастауға дайындығын бағалау мақсатында демалушыларды орналастыру орындарына және оларға қызмет көрсету объектілеріне тексеру жүргізуді;
2) қорытынды-«Дайындығы туралы актілерін»; объектілердің электрондық форматта берілетін Санитариялық нормаларға сәйкестік актілерін алуына InfoKazakhstan.kz сайтына мониторинг жүргізуді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бұзушылықтар анықталған кезде шаралар қабылдауды;
4) ШҚО ішкі саясат басқармасымен, қала мен ауданның ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, баспа және электрондық БАҚ және әлеуметтік желілерде жариялауды, халықпен кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілуін (тұрақты брифингтер, онлайн талқылаулар және т. б) қамтамасыз етсін:
- карантин нормалары мен өңірдегі және туристік-рекреациялық аймақтағы ағымдағы эпидемиологиялық ахуал, қолданылатын шаралар туралы;
- қалыптасқан эпидемиологиялық ахуал жағдайындағы адамдардың іс-әрекеттері және COVID-19 алдын алу мәселелері бойынша олардың әлеуметтік жауапкершіліктері туралы сауаттылығын арттыру мәселелері жөнінде;
- енгізілген санитариялық талаптар, бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды жауапкершілікке тарту тәртібі мен негіздері туралы;
- адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданатын шаралардың, шешімдердің маңыздылығы туралы;
5) бизнес-қоғамдастығы арасында санитариялық талаптарды түсіндіру жөніндегі іс-шараларды жандандырсын;
6) халықты және БАҚ-ты толғандыратын өзекті және «өткір» мәселелерге ден қою және түсіндіру бойынша түпкілікті шаралар қабылдай отырып, ықтимал резонанстық тақырыптарды, оқиғаларды, жағдайларды қадағаласын.
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері Қ. Турдиев