Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №5 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
№ 5-6
ҚАУЛЫ
2021 жылғы 07 мамыр Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев,
мына құжаттарды:
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 24 ақпандағы; 2021 жылғы 02 наурыздағы; 2021 жылғы 18 наурыздағы; 2021 жылғы 14 сәуірдегі; 2021 жылғы 29 сәуірдегі шешімдерін;
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 04 ақпандағы №5; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 27 ақпандағы №9; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 05 наурыздағы №10; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы №12; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 сәуірдегі №13; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі №17; «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу туралы» 2021 жылғы 30 сәуірдегі №18 қаулыларын;
«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;
CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 12%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) –1,006 құрағанын анықтадым.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1.«Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №5 қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
1) 2-тармақтың 7- тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен бірлесіп, эпидемиологиялық қадағалау мақсатында, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша, тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулылары бойынша COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексерулерден:
эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша:
- COVID-19-бен инфекциялық стационарға жатқызылған адамдардың;
- ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастардың;
- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде COVID-19-бен ауыратын науқаспен жақын байланыстары қатарындағы адамдардың;
- респираторлық симптомдары және COVID-19-ға ұқсас басқа белгілері бар медицина қызметкерлерінің;
профилактикалық мақсатта:
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес теміржол, теңіз, өзен көлігінде және автоөтпе жолдарда Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтардың;
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес авиарейстермен шетелден келетін адамдардың;
- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде жинау пункттерінде мерзімді әскери қызметке шақырылатын адамдар және әскери бөлімге келгеннен кейін жас әскерлердің;
- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде мерзімді әскери қызметтен кейін әскери бөлімдерден кету алдында әскерден босатылған адамдардың;
- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызылатын пациенттердің;
- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде шұғыл емдеуге жатқызу кезінде пациенттер;
- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде науқас балаға күтім жасауға медициналық ұйымдарға жатқызылған адамдардың;
- емдеуге жатқызу алдында жүкті әйелдердің;
- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде гемодиализдегі пациенттер айына 1 рет;
- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде пенитенциарлық мекемелерге (қылмыстық-атқару жүйелеріне) түсетін адамдардың (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);
- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түсетін қызметкерлерді және адамдарды ресімдеу кезінде, сондай-ақ кейіннен ай сайын медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызмет алушылары мен қызметкерлерінің;
- COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттық растау болмаған кезде медициналық ұйымдарда практика басталар алдында медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждер студенттерінің;
- COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау болмаған кезде еңбек демалысынан, іссапардан, науқастануына және басқа да себептерге байланысты жұмыс орнында 5 және одан да көп күнтізбелік күн болмаған жағдайда медицина қызметкерлерінің өтуін қамтамасыз етсін»;
2) 6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«6. Балаларға арналған арнайы және мамандандырылған ұйымдардың, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, сәбилер үйлерінің, балалар үйлерінің, жартылай стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін балалар орталықтарының, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарының қызметіне санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып рұқсат етілсін.
Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы растайтын құжатты ұсынған кезде әлеуетті ата-аналардың оларды одан әрі асырап алуы, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін жетім балалармен кездесу үшін сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі.
Стационарлық сипаттағы қызмет көрсететін емдеу мекемелерінде, медициналық-әлеуметтік объектілерде (орталық қызметкерлері 14 күн тұратын стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, оның ішінде балалар орталықтарында) және мүгедектерге арналған оңалту орталықтарында карантин және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін.
Жаңадан түсетін пациенттер медициналық-әлеуметтік мекемелерге COVID-19-ға зертханалық тексерудің теріс нәтижесін немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғаны туралы құжатты бар болғанда қабылданады.
Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы растайтын құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі»;
3) 8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«8. Қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары, ШҚО білім басқармасы:
1) қаулының 3-қосымшасына сәйкес COVID-19 коронавирустық инфекциясы тіркелген жағдайда білім беру және тәрбиелеу объектілерін карантинге жабу және қашықтықтан оқыту нысанына көшу өлшемшарттарының орындалуын қамтамасыз етсін»;
4) 12-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«12. Кәсіпорындар мен өндірістік объектілердің, оның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін объектілердің жұмыс берушілері мыналарды:
1) 2020 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №67 қаулысының 25- қосымшасымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде өндірістік объектілерге және өнеркәсіптік кәсіпорындарға соның ішінде вахталық әдіспен жұмыс істейтіндерге қойылатын талаптарды сақтауды;
2) ПТР әдісімен CОVІD-19-ды анықтауға зертханалық тексерудің теріс нәтижесінің болуын куәландыратын құжаты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы растайтын құжаты жоқ адамдардың вахтаға кіруіне және жұмысқа шығуына жол берілмеуін;
3) шектеу, оның ішінде карантиндік шаралардың сақталуын;
4) азаматтардың таңертең (сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін), кешке (сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін) «қарбалас сағаттарда» жиналуына жол бермеуіне және қызметкерлерді тасымалдау үшін қызметтік автокөлікті пайдалану мақсатында дифференцияланған жұмыс кестесін енгізуді;
5) еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес қызметі үздіксіз өндірістік процеске байланысты қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысуына мүмкіндігі жоқ басшылар мен қызметкерлердің өзара ауысуын орындауды және бақылауды қамтамасыз етсін»;
5) 14-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«14. Жұмыс берушілер (мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпорындардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, өзге де ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің, кеңселердің, тіршілікті қамтамасыз ету, қауіпсіздік, құқық тәртібі объектілерін, технологиялық процестің үздіксіз циклі бар кәсіпорындарды қоспағанда):
2) міндеттерін қашықтықтан орындауы мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда, COVID-19-ға қарсы вакцинацияланбаған және соңғы 6 ай ішінде COVID-19-бен ауырмаған қызметкерлерді, 65 жастан асқан қызметкерлерді қашықтықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру»;
6) 16-тармақ келесі редакциядағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) «Ashyq» жобасына қатысатын объектілерге:
- COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар симптомды және симптомсыз вирусиеленушілер (U 07.1 коды);
- расталған диагнозы бар және COVID-19 анықталмағандар (пневмония) (U 07.2 коды);
- үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайында COVID-19 науқасымен байланыста болған (жақын байланыс) адамдар бармауы керек»;
7) қаулының 2-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
8) қаулының 3-қосымшасы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
9) қаулының 4-қосымшасы осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ. Турдиев