Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің 2021 жылғы 15 сәуірдегі №5 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
№ 5-3
ҚАУЛЫ
2021 жылғы 26 сәуір Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Қ.А. Турдиев,
мына құжаттарды:
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 24 ақпандағы; 2021 жылғы 02 наурыздағы; 2021 жылғы 18 наурыздағы; 2021 жылғы 7 сәуірдегі; 2021 жылғы 14 сәуірдегі шешімдерін;
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 27 ақпандағы №9; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2021 жылғы 05 наурыздағы №10; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 25 наурыздағы №12; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 12 сәуірдегі №13; «Кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» мобильдік қосымшасын енгізу бойынша пилотты жүргізу туралы» 2021 жылғы 13 сәуірдегі №14 қаулыларын;
«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;
CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасы өңірлеріндегі және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 8,9%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) – 1,054 құрағанын анықтадым.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) 1 - тармақ 1.2 және 1.3 тармақтарымен толықтырылып, келесі редакцияда жазылсын:
«1.2 Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Ashyq» жобасын іске асыруға кіріссін:
6) кинотеатрлар;
7) театрлар және филармониялар;
8) банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері;
- 2021 жылғы 05 мамырдан бастап келесі кәсіпкерлік объектілерде:
1) караоке;
2) CОVІD-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі төмен аймақта («жасыл» аймақтағы») банкет залдары.
1.3 Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен бекітілген «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілерінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеудің мынадай өлшемшарттарын қолдану:
- осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес, коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі жоғары өңірлерде («қызыл» аймақ) коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың орташа деңгейі үшін әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары қолданылады («сары» аймақ);
- осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес, коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі орташа өңірлерде («сары» аймақ) коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі төмен әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу өлшемшарттары («жасыл» аймақ) көрсетіледі;
2) 9 - тармақ 9.1 тармақпен толықтырылып, келесі редакцияда жазылсын:
«9.1 «Ashyq» жобасын іске асыру шеңберінде:
9.1.1 Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы (келісу бойынша), қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары құзыреттілікке сәйкес шаралар қабылдасын және:
1)Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №14 қаулысының 1 - қосымшасына сәйкес, «Ashyq» жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмін;
2) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №14 қаулысының 2 - қосымшасына сәйкес, «Ashyq» жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмін;
3) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №14 қаулысының 3 - қосымшасына сәйкес, қатысушыларды «Ashyq» жобасынан шығару алгоритмін іске асыруды қамтамасыз етсін;
9.1.2 Қалалар мен аудандардың әкімдері, «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы (келісу бойынша), құзыретіне сәйкес шаралар қабылдасын және:
1) осы қаулының 1.2-тармағына сәйкес кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» жобасын енгізуді;
2) осы қаулының 1.2-тармағына сәйкес «Ashyq» жобасын іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік объектілерінің тізбесін айқындауды;
3) осы қаулының 1-тармағына сәйкес, «Ashyq» мобильді қосымшасын іске асыруға қатысатын кәсіпкерлік объектілері көрсетілген ақпаратты апта сайын жаңартуды және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына ұсынуды;
4) халықты, жеке және заңды тұлғаларды «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеуге қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажеттілігі туралы ақпараттандыруды;
5) әкімдіктердің сайтында ерікті қатысушыларды қоса алғанда, «Ashyq» жобасына қатысушылар туралы ақпаратты орналастыруды;
6) зертханалардың COVID-19-ға ПТР-тестілеу нәтижесі бойынша зертханалық ақпараттық жүйелерге мәліметтерді уақтылы енгізуін және оларды Ұлттық сараптама орталығының бірыңғай ақпараттық порталына (ҰСО БАП) беруін;
7) Cаll-орталықтарды ұйымдастыру арқылы халықты және кәсіпкерлерді оқыту бойынша техникалық қолдауды;
8) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және осы қаулыда белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік туралы жобаға қатысушылардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
9.1.3 Қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемилогиялық бақылау басқармалары:
1) «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысының 4-қосымшамен бекітілген әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшемшарттарының форматын және Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларын сақтай отырып, қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантиндік шараларды қатаңдату туралы шешім қабылданған кезде;
2) «Ashyq» жобасына ерікті қатысушылардың өтінімдерін «Атамекен» ҚР ҰКП ШҚО Кәсіпкерлер палатасының қалалық және аудандық филиалдарында қарау сатысында Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №14 қаулысының 1-қосымшасына сәйкес рұқсат ету құжаттары жоқ тыйым салынған қызмет түрлеріне және объектілерге қатысуға жол бермеу мақсатында келісуді (объектінің эпидемиялық маңыздылығы жоғары сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды немесе эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер қызметінің басталғаны туралы хабарлама);
3) «Ashyq» жобасын ұйымдастыруға және енгізуге қойылатын талаптарды бұзу фактілері бойынша жобаға қатысушыларға қатысты және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шектеу және карантин шараларын бұзуға жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз етсін»;
9.1.4 «Атамекен» ҚР ҰКП Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы (келісу бойынша) және қалалар мен аудандардағы филиалдары:
9.1.5 «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша жобаға қатысатын кәсіпкерлік субъектілері:
1) Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі №14 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес «Ashyq» жобасын енгізуге және оған қатысуға қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етсін;
9.1.6 «Ashyq» мобильді қосымшасын енгізу бойынша жобаға қатысатын объектілерге жеке тұлғалардың баруына тыйым салынсын»:
- COVID-19-ға ПТР-тестілеудің оң нәтижесі бар симптомды және симптомсыз вирусиеленушілік (U 07.1 коды);
- расталған диагнозы бар және COVID-19 анықталмаған (пневмония) (U 07.2 коды);
- үйде оқшаулау (үй карантині) жағдайында COVID-19 науқасымен байланыста болған (жақын байланыс) адамдар»;
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері Қ. Турдиев
Қаулыны алдым
_______________________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, алған күні, қолы)
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
2021 жылғы 26 сәуірдегі
№ 5-3 қаулысына
1 – қосымша
Шығыс Қазақстан облысында «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын шектеу және рұқсат ету өлшемшарттары
|
№ |
Объектілер/салалар |
«Жасыл» аймақ |
«Сары» аймақ |
«Қызыл» аймақ |
|
1 |
Банкет залдарын, асхана, фаст-фуд, стрит-фуд үлгісіндегі объектілерді қоспағанда қоғамдық тамақтану объектілері |
Жұмыс режимі сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін
Бұқаралық, отбасылық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды, конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), билерді өткізбей, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, толтырылуын отыратын орындар санының 50% - нан асырмай.
Қоғамдық тамақтану объектілері келушілер үшін объектіні жаба отырып және «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, уақыт пен күн бойынша шектеусіз онлайн жеткізуге не өзімен алып кетуге (жеткізуге) жұмыс істей алады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристтік базалар және т. б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады.
Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілері тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30% - нан аспайтын мөлшерде толтырылуымен және шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды сақтаған кезде жұмыс істей алады. |

ü Сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген
Бұқаралық, отбасылық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шараларды, конкурстарды (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), билерді өткізбей, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, толтырылуын отыратын орындар санының 50% - нан асырмай, бірақ 50 орынға дейін. Қоғамдық тамақтану объектілері келушілер үшін объектіні жаба отырып және «Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, уақыт пен күн бойынша шектеусіз онлайн жеткізуге не өзімен алып кетуге (жеткізуге) жұмыс істей алады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристтік базалар және т. б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады.
Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілері тамақтану залының отыратын орындарының жобалық қуатының 30% - нан аспайтын мөлшерде толтырылуымен және шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде білім беру ұйымдарындағы қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын талаптарды сақтаған кезде жұмыс істей алады. |
|
2 |
Сауналар |
ü Аптаның күндері бойынша шектеусіз қолданыстағы жұмыс режимі
Толтырылуы 50% - дан аспағанда және бір келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. қамтамасыз еткен кезде |
ü Аптаның күндері бойынша шектеусіз қолданыстағы жұмыс режимі
Толтырылуы 50% - дан аспағанда және бір келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. қамтамасыз еткен кезде |
ü Жексенбіден басқа
Толтырылуы 50% - дан аспағанда және бір келушіге ауданы кемінде 4 ш.м. қамтамасыз еткен кезде |
|
3 |
Йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-орталықтары/ клубтары; СПА орталықтары/салондары; бассейндер
|
ü Аптаның күндері бойынша шектеусіз қолданыстағы жұмыс режимі
Толтырылуы 50%-дан аспағанда және бір келушіге ауданы 5 ш. м. кем емес болғанда және бассейндер үшін су айнасының жалпы толтырылуы 50%-дан аспағанда, бір адамға 5 ш. м. қамтамасыз етілген кезде, қатаң алдын ала жазылу бойынша |

4 |
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар |
ü Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, толтырылуы 30% дейін, шахмат тәртібі бойынша отырғызу кезінде |
ü Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, толтырылуы 30% дейін, шахмат тәртібі бойынша отырғызу кезінде |
ü Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, толтырылуы 20% дейін, шахмат тәртібі бойынша отырғызу кезінде |
|
5 |
Облысаралық тұрақты емес (туристтік) тасымалдар |
ü Толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес |
ü Толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес |
ü Толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес |
|
6 |
Қалалық тұрақты емес (туристтік) тасымалдар |
ü Толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес |
ü Толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес |
ü Толтырылуы 75%, бірақ 15 адамнан артық емес |
|
7 |
Бильярд клубтары |
ü Аптаның күндері бойынша шектеусіз қолданыстағы жұмыс режимі
Толтырылуы 30% - дан аспаған кезде |
ü Аптаның күндері бойынша шектеусіз қолданыстағы жұмыс режимі
Толтырылуы 30% - дан аспаған кезде |
Тыйым салынған |
|
8 |
16 жасқа дейінгі адамдарды қоспағанда, ойын клубтары/ мекемелері (компьютерлік клубтар, PlayStation приставкаларын пайдаланатын клубтар және басқалар) |
ü «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін ғана жұмыс істеуге рұқсат берілген, толтырылуы 75% - дан аспаған кезде, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін Тек 18 жасқа толған және асқан адамдарға рұқсат етіледі |

9 |
Боулинг |
ü «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік субъектілері үшін ғана жұмыс істеуге рұқсат берілген, толтырылуы 75% - дан аспаған кезде, жұмыс режимі сағат 12.00-ден 24.00-ге дейін |

10 |
Банкет залдары |
Банкет залдарына күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны, маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, толтырылуы 30% - ға дейін, бірақ 50 адамнан аспаған кезде тек жерлеу рәсімдерін (ас беру) өткізуге ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген |
Тыйым салынған (тек CОVІD-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі төмен аймақта («жасыл» аймақ»))
|
Тыйым салынған (тек CОVІD-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық деңгейі төмен аймақта («жасыл» аймақ»))
|
|
11 |
Ойын-сауық мекемелері: караоке |
Тыйым салынған |
Тыйым салынған |
Тыйым салынған |
|
- |
Ерікті қатысушылар (Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі № 14 қаулысының 1-қосымшасына сәйкес) |
|
|
|