Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты
бекіту туралы
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағы негізінде, БҰЙЫРАМЫН:
- Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес, қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілсін.
- Департаменттің Персоналды басқару қызметі осы бұйрықты Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық басқармаларының назарына жеткізсін.
- Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің және аумақтық басқармаларының басшылары барлық мамандармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттың бұлжытпай сақталуын қатаң қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Басшының м.а. Қ. Турдиев