Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 қаңтардағы №3 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
№ 3-1
ҚАУЛЫ
2021 жылғы 02 ақпан Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а. Х.Ж. Илюбаев, мына құжаттарды:
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 07 желтоқсандағы; 2020 жылғы 14 желтоқсандағы; 2020 жылғы 20 желтоқсандағы; 2020 жылғы 24 желтоқсандағы, 2021 жылғы 05 қаңтардағы, 2021 жылғы 11 қаңтардағы шешімдерін;
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 04 желтоқсандағы № 65; «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67; «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 2; «Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы» 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулыларын;
«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығын;
Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мәселелері жөнінде СЭБК АД басшыларымен Вице-министр Е. Қиясовтың төрағалығымен өткен 2021 жылғы 10 қаңтардағы; 2021 жылғы 15 қаңтардағы кеңестердің хаттамаларын;
CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы – 5,2 %, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R – 1,306 құрағанын анықтадым.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) 6- тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«6. Балаларға арналған арнайы және мамандандырылған ұйымдардың, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі және дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың, сәбилер үйлерінің, балалар үйлерінің, жартылай стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін балалар орталықтарының, сондай-ақ белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарының қызметіне санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейте отырып рұқсат етілсін.
Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты ұсынған кезде әлеуетті ата-аналардың оларды одан әрі асырап алуы, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін жетім балалармен кездесу үшін сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруына рұқсат етіледі.
Стационарлық сипаттағы қызмет көрсететін емдеу мекемелерінде, медициналық-әлеуметтік объектілерде (орталық қызметкерлері 14 күн тұратын стационарлық үлгідегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында, оның ішінде балалар орталықтарында) және мүгедектерге арналған оңалту орталықтарында карантин енгізілсін және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын қамтамасыз етсін.
Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі».
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің м.а. Х.Илюбаев