Шығыс Қазақстан облысындағы атмосфералық ауа сапасына жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық мониторингісі

2026 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелерінің мамандары санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша атмосфералық ауаның барлығы 53 787 сынамасын зерттеді (2025 жылдың 9 айында – 55 935 сынама). Оның ішінде 1 053 сынамада (1,9%) ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрациядан (ШЖК) асып кеткені анықталды.

Соның ішінде елді мекендер аумағында 43 219 сынама зерттеліп, оның 1 053 сынамасында (2,4%) ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрациядан асып кеткені анықталды.

Негізінен ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрациядан асып кетуі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасқан күндері облыс орталығында анықталды.

Дата публикации
30 сентября 2026