Шығыс Қазақстан облысындағы ауыз су сапасына жүргізілген санитариялық-эпидемиологиялық мониторингісі

2026 жылдың 9 айында микробиологиялық көрсеткіштер бойынша 1313 сынама зерттелді (2025 жылдың 9 айында – 1167 сынама), оның ішінде 44 сынама немесе 3,3%-ы гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді (2025 жылдың 9 айында – 66 сынама немесе 5,6%).

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкессіздік Құршым, Шемонаиха және Марқакөл аудандарының аумақтарында байқалады.

Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша 1480 су сынамасы алынды (2025 жылдың 9 айында – 1104 сынама), оның ішінде 39 сынама немесе 2,6%-ы гигиеналық нормативтерге сәйкес келмеді (2025 жылдың 9 айында – 64 сынама немесе 5,7%).

Санитариялық-химиялық көрсеткіштер бойынша гигиеналық нормативтерге сәйкессіздік Шемонаиха ауданының аумағында байқалады. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер тиісті профилактикалық іс-шараларды жүргізді.

 

Дата публикации
30 сентября 2026