Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері міндетін атқарушының 2020 жылғы 02 желтоқсандағы №25 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
№ 25-2
ҚАУЛЫ
2020 жылғы 15 желтоқсан Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а.Х.Ж. Илюбаев, мына құжаттарды:
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 18 мамырдағы, 2020 жылғы 26 мамырдағы; 2020 жылғы 3 шілдедегі; 2020 жылғы 20 шілдедегі; 2020 жылғы 18 тамыздағы; 2020 жылғы 22 қыркүйектегі, 2020 жылғы 8 қазандағы; 2020 жылғы 19 қазандағы; 2020 жылғы 20 қазандағы; 2020 жылғы 26 қазандағы; 2020 жылғы 30 қазандағы; 2020 жылғы 17 қарашадағы; 2020 жылғы 25 қарашадағы; 2020 жылғы 30 қарашадағы; 2020 жылғы 04 желтоқсандағы; 2020 жылғы 07 желтоқсандағы; 2020 жылғы 14 желтоқсандағы шешімдерін;
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 57; «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 58; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 59; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 27 қазандағы № 61; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 2 қарашадағы № 62; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 6 қарашадағы № 64; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 04 желтоқсандағы № 65 қаулыларын;
«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығын,
«Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын,
CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы және Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы, іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың төсек қорының (ПЗК) қамту пайызы – 10,5%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R– 0,87%, анықтадым.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) 7 - тармақтың 7.2 – тармақшасынан 1) тармақша алынып тасталсын;
2) 7 - тармақтың 7.3 – тармақшасынан «және мереке күндері» деген сөз тіркесі алынып тасталсын және келесі редакцияда жазылсын:
«7.3 жексенбі күні қызметін тоқтата отырып, қолданыстағы жұмыс режимі белгіленсін:
1) азық-түлік сатпайтын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, бутиктер), осыларда орналасқан дәріханалар мен азық-түлік супермаркеттерін қоспағанда:
-сауда залының ауданы 50 м.ш. дейінгі үй – жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 50-ден 100 м.ш. дейінгі үй – жайларда -тиісінше 8 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 м.ш. астам болғанда толтырылуын 30% - дан асырмай және 1 келушіге ауданы 4 м.ш. кем емес болған жағдайда;
- шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде азық-түлік сатпайтын сауда объектілері объектіні келушілер үшін жаба отырып, жеткізуге немесе өз бетімен алып кетуге ғана жұмыс істей алады;
2) супермаркеттерге, гипермаркеттерге, сауда үйлеріне, сауда желілеріне, СОО-на:
- бір келушіге 4 м.ш. кем емес болған жағдайда толтырылуы 30% - дан аспаған жағдайда,
- балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым сала отырып,
- СОО-да қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына тек алып шығуға және жеткізуге рұқсат етіледі;
3) ғимарат ішінде және ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік сатпайтын базарларына:
- толтырылуы 30%-дан аспағанда және бір келушіге ауданы 4 м.ш. кем емес болған жағдайда;
4) меншік нысанына қарамастан жабық спорт объектілері (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, клуб командаларының жаттығу залдары), жабық құрылыстардағы мұз айдындары:
- көрермендерсіз жеке (қатысушылар саны 5 адамнан аспайтын мөлшерде) және топтық (қатысушылар саны 30 адамнан аспайтын мөлшерде) жаттығуларды өткізуге;
5) фитнес-орталықтар/клубтар, жаттығу залдары, спорттық-сауықтыру жаттығуларымен айналысуға арналған үй-жайлар, СПА орталықтар/салондар, бассейндері бар спорттық-сауықтыру объектілері:
- толтырылуы 50%-дан аспағанда және бір келушіге ауданы 5 м.ш. кем емес болғанда және бассейндер үшін су айнасының жалпы толтырылуы 50%-дан аспағанда, бір адамға 5 м.ш.қамтамасыз етілген кезде, қатаң алдын ала жазылу бойынша;
6) моншалар, сауналар:
- бассейндердің (жеке форматта, су айнасының бір адамға 5 м.ш.есебінен), бір келушіге ауданы 4 м.ш. кем емес және толтырылуы 50% аспаған жағдайда;
7) кітапханалар, мұражайлар.
8) бизнес-орталықтар (сақтандыру компаниялары, қызметтер: адвокат, нотариус, бухгалтер, консалтинг, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттік, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары және тәулік бойы мониторинг қызметтерін көрсететін ұйымдарды қоспағанда (авариялық хабарлау, персоналды, техниканы жерасты позициялау жүйелері) және тағы басқа кеңсе ғимараттары;
9) халыққа қызмет көрсету жөніндегі абоненттік бөлімдер бір отбасы мүшелерін қоспағанда, жеке немесе топтық 3 адамнан аспаған жадайда;
10) балалар кабинеттері/түзету орталықтары, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтары:
- топтың толтырылуы 15 адамнан аспаған кезде және алдын ала жазылу бойынша;
11) мәдениет объектілері:
- қатысушылар саны 30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар;
12) сұлулық салондары, шаштараздар, барбер-шоптар (салондар және т. б.), массаж және татуаж косметологиялық қызметтер, көрсететін объектілер:
- 1 келушіге ауданы кемінде 4 м.ш., алдын ала жазылу бойынша»;
3) 7-тармақтың 7.4 - тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«7.4 ғимарат ішінде және ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік базарларының қызметі сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілсін, ал жексенбі күні қызметтері тоқтатыла тұрсын»;
2.Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің м.а. Х. Илюбаев