Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігері міндетін атқарушының 2020 жылғы 02 желтоқсандағы №25 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
№ 25-1
ҚАУЛЫ
2020 жылғы 14 желтоқсан Өскемен қаласы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің м.а.Х.Ж. Илюбаев, мына құжаттарды:
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 18 мамырдағы, 2020 жылғы 26 мамырдағы; 2020 жылғы 3 шілдедегі; 2020 жылғы 20 шілдедегі; 2020 жылғы 18 тамыздағы; 2020 жылғы 22 қыркүйектегі, 2020 жылғы 8 қазандағы; 2020 жылғы 19 қазандағы; 2020 жылғы 20 қазандағы; 2020 жылғы 26 қазандағы; 2020 жылғы 30 қазандағы; 2020 жылғы 17 қарашадағы; 2020 жылғы 25 қарашадағы; 2020 жылғы 30 қарашадағы; 2020 жылғы 04 желтоқсандағы; 2020 жылғы 07 желтоқсандағы; 2020 жылғы 14 желтоқсандағы шешімдерін;
Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 57; «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 58; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 23 қазандағы № 59; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 27 қазандағы № 61; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 02 қарашадағы № 62; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 06 қарашадағы № 64; «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 04 желтоқсандағы № 65 қаулыларын;
«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығын,
«Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығын,
CОVІD-19 коронавирустық инфекциясы бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы және Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы, іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап,
Есептік өлшемшарттар негізінде CОVІD-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардың төсек қорының (ПЗК) қамту пайызы – 11,3%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні R– 0,84%, анықтадым.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 – баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 17 желтоқсандағы сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 30 желтоқсандағы сағат 00:00-ге дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын.
Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін».
2) 7-тармақтың 7.1- тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларымен белгіленген санитариялық ережелерді, алгоритмдерді (талаптарды) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтағанда, белгі салып, тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін:
7.1 қызметін жексенбі күні тоқтата отырып, жұмыс режимі сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін:
1) қоғамдық тамақтану объектілері үшін келесі қызмет тәртібі белгіленсін:
- көпшілік, отбасылық, ұжымдық (корпоративтік) іс-шаралар, конкурстар (интерактивті іс-шаралардан басқа, өз үстелінен шықпай), билерді өткізбей, бір үстелге 4-6 адамнан аспайтын мөлшерде отырғызып, көршілес үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып және толтырылуын отыратын орындар санының 50% - нан асырмаған жағдайда;
Қоғамдық тамақтану объектілері келушілер үшін объектіні жаба отырып және «шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарына қойылатын талаптарды» сақтай отырып, уақыт пен күн бойынша шектеусіз онлайн жеткізуге не өзімен алып кетуге (жеткізуге) жұмыс істей алады;
Өнеркәсіптік кәсіпорындарға, мектепке дейінгі тәрбие объектілеріне, медициналық мекемелерге, туризм объектілеріне және халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдарға (қонақ үйлер, отельдер, демалыс үйлері, туристтік базалар және т. б.) қызмет көрсететін қоғамдық тамақтану объектілері қызмет көрсететін объектінің штаттық режимінде, толтырылуын отыратын орындар санының 50%-нан асырмай, қызмет көрсететін объектілердің қызметкерлерін, клиенттерін, пациенттерін және басқа да адамдардың тамақтануларын ұйымдастыру үшін жұмыс істей алады;
3)7.3-тармақшаның 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ғимарат ішінде және ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік сатпайтын базарлардың қызметі:
- толтырылуы 30%-дан аспағанда және бір келушіге ауданы 4 м.ш. кем емес болған жағдайда;
2) азық-түлік сатпайтын сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, бутиктер, сауда желілері, СОО), осыларда орналасқан дәріханалар мен азық-түлік супермаркеттерін қоспағанда:
-сауда залының ауданы 50 м.ш. дейінгі үй – жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 50-ден 100 м.ш. дейінгі үй – жайларда -тиісінше 8 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 м.ш. астам болғанда толтырылуын 30% - дан асырмай және 1 келушіге ауданы 4 м.ш. кем емес болған жағдайда;
- шектеу іс-шараларының қолданылу кезеңінде азық-түлік сатпайтын сауда объектілері объектіні келушілер үшін жаба отырып, жеткізуге немесе өз бетімен алып кетуге ғана жұмыс істей алады;
Мереке және сенбі күндері супермаркеттерге, гипермаркеттерге, сауда үйлеріне, сауда желілеріне, СОО-на бір келушіге 4 м.ш. кем емес болған жағдайда толтырылуы 30% - дан аспаған жағдайда, балалар ойын алаңдары мен аттракциондарының қызметіне тыйым сала отырып, қолданыстағы жұмыс режимінде жұмыс істеуіне рұқсат етілсін, ал жексенбі күні қызметтері тоқтатыла тұрсын.
СОО-да қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысына тек алып шығуға және жеткізуге рұқсат етіледі.»;
4) 7-тармақтың 7.4 - тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7.4 Риддер қаласында, Глубокое және Алтай аудандарында орналасқан базарларды қоспағанда, ғимарат ішінде және ғимараттан тыс орналасқан азық-түлік базарларының қызметі, сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілсін, ал жексенбі күні қызметтері тоқтатыла тұрсын.
5) 8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8.Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, термометрияны маскалық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау, белгі салғанда, тиісті дайындық актілерін алғаннан кейін бұрынғы қолданыстағы жұмыс режимі:
1) азық-түлік сауда объектілері (дүкендер, бөлімдер, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер, сауда үйлері, бутиктер, сауда желілері, зоодүкендер) дәріханалар мен дәріхана бөлшек сауда желісі үшін сақталсын.
-сауда залының ауданы 50 м.ш. дейінгі үй – жайларда бір уақытта бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 4 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 м.ш. дейінгі үй – жайларда -тиісінше 8 адамнан аспайтын мөлшерде, сауда залының ауданы 100 м.ш. астам болғанда толтырылуын 30% - дан асырмай және 1 келушіге ауданы 4 м.ш. кем емес болған жағдайда жол беріледі;
Ауданы 2000 м.ш. асатын азық-түлік тауарларын сататын сауда объектілеріне тәулік бойы жұмыс істеуге рұқсат етілсін».
М. О.
Шығыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің м.а. Х.Илюбаев