GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
23 октября 2026
📌 Суши мен роллдарды тұтыну кезіндегі қауіпсіздік шаралары
⚡️Департамент халықты суши мен роллдарды тұтыну кезінде сақтық шараларын сақтауға және оларды дайындайтын әрі сататын орындарды таңдауға жауапкершілікпен қарауға шақырады.
⚡️Суши мен роллдар тағам қауіпсіздігі тұрғысынан ерекше назар аударуды қажет етеді. Оларды дайындау кезінде шикі, аз тұздалған немесе маринадталған балық, теңіз өнімдері және тез бұзылатын басқа да ингредиенттер пайдаланылуы мүмкін. Бұл өнімдер әрдайым толық термиялық өңдеуден өтпейді.
⚡️Дайындау, тасымалдау және сақтау технологиялары бұзылған жағдайда мұндай өнімдер тағамнан улануға, жіті ішек инфекцияларына және паразиттік ауруларға себеп болуы мүмкін.
⚡️Тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу үшін тұтынушыларға суши мен роллдарды қауіпсіздік талаптарын сақтайтын, ресми тіркелген қоғамдық тамақтану және сауда нысандарынан ғана сатып алу ұсынылады. Өнімдерді рұқсат етілмеген сауда орындарынан және белгісіз сатушылардан сатып алуға болмайды.
⚡️Өнімді таңдаған кезде оның сақтау жағдайларына, сыртқы түрі мен иісіне назар аудару қажет. Бұзылу белгілері байқалған суши мен роллдарды тұтынуға болмайды.
Балаларға, жүкті әйелдерге, егде жастағы адамдарға және иммунитеті әлсіреген адамдарға ерекше сақтық таныту ұсынылады, өйткені бұл санаттағы адамдарда тағамдық инфекциялар денсаулыққа неғұрлым ауыр зардаптар әкелуі мүмкін.
⚡️Департамент азаматтарды тағам қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға, суши мен роллдарды сатып алатын орындарды таңдауға жауапкершілікпен қарауға және өз денсаулығы мен жақындарының денсаулығын қорғау шараларын қабылдауға шақырады.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
21 октября 2026
📌Жаппай тамақтан уланудың алдын алу-халықтың денсаулығын сақтаудың маңызды шарты
⚡️Жаппай тамақтан улану халықтың денсаулығына үлкен қауіп төндіреді және бір уақытта бірнеше адам ауырған кезде, бір тағамдық өнімді немесе тағамды жегеннен кейін пайда болуы мүмкін. Мұндай жағдайлардың негізгі себептері тамақ өнімдерін дайындау, сақтау және өткізу ережелерін бұзу, сондай-ақ оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамау болып табылады. Тамақтан уланудың пайда болуының негізгі факторларының бірі - патогендік микроорганизмдер мен олардың токсиндерінің тағамға түсуі. Бұған тамақ дайындау технологиясының бұзылуы, термиялық өңдеудің жеткіліксіздігі, температуралық режимнің сақталмауы, жарамдылық мерзімі өткен өнімдерді пайдалану, сапасыз шикізат, сондай-ақ шикі және дайын өнімдерді бірлесіп сақтау кезінде пайда болатын айқаспалы ластану ықпал етеді.
⚡️Қоғамдық тамақтану объектілерінде тамақтан уланудың алдын алу аса маңызды, онда тамақ өнімдерін қабылдаудан және сақтаудан бастап дайын тағамдарды дайындауға және сатуға дейінгі барлық кезеңдерде санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету қажет. Ет, құс және балықты қоса алғанда, жануарлардан алынатын шикізатты белгіленген шарттар мен температуралық режимдерді сақтай отырып, дайын өнімнен бөлек сақтау керек. Жаппай тамақтан уланудың алдын алудың маңызды шарасы тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарында да, үйде де санитариялық ережелерді қатаң сақтау болып табылады. Өнімдерді сақтауға және сатуға қойылатын белгіленген талаптарды сақтайтын сауда объектілерінде сатып алу ұсынылады.
⚡️Тамақты дайындау кезінде қолды мұқият жуып, таза ыдыс-аяқ пен құрал-жабдықтарды пайдалану, өнімдердің жеткілікті термиялық өңделуін қамтамасыз ету керек, сондай-ақ дайын тағамдардың бөлме температурасында ұзақ уақыт сақталуына жол бермей, тоңазытқышқа уақтылы қою қажет.
⚡️Үйде дайындалған консервілер, маринадталған қиярлар мен маринадталған өнімдерге ерекше назарды қажет етеді. Мұндай өнімдерді консервілеу, дайындау және сақтау технологиясы бұзылған жағдайда ботулизмнің дамуына әкелуі мүмкін, бұл өмірге қауіп төндіретін асқынуларды тудыратын қауіпті ауру. Консервілерді көмпиген қақпақтармен, қаптамасы зақымдалған, бүліну белгілерімен немесе олардың қауіпсіздігіне күмән тудыратын басқа өзгерістермен тұтыну ұсынылмайды. Бұл ретте сыртқы бүліну белгілерінің болмауы консервіленген өнімнің қауіпсіздігіне кепілдік бермейді.
⚡️Тамақтан уланудың жиі кездесетін белгілеріне жүрек айнуы, құсу, іштің ауыруы, іш өту, жалпы әлсіздік және дене температурасының жоғарылауы жатады. Егер мұндай белгілер пайда болса, уақтылы медициналық көмекке жүгіну керек. Егер ұқсас белгілер бір уақытта бірнеше адамда пайда болса, бұл туралы шұғыл медицина қызметкерлеріне хабарлау керек, өйткені мұндай жағдай жаппай тамақтан улану болуы мүмкін, күмәнді өнімнің қалдықтары мен оның қаптамасын мүмкіндігінше мамандардың ұсынымдарын алғанға дейін оларды жемей және қосымша өңдеуден өткізбей бөлек сақтау керек. Бұл аурудың себебін анықтауға және қажетті зертханалық зерттеулер жүргізуге көмектеседі.
⚡️Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі оның дайындауының әр кезеңінде белгіленген талаптарды сақтаудан басталады. Азық-түлік сапасына мұқият қарау, тағамды дайындау және сақтау ережелерін ұстану, сондай-ақ уақтылы медициналық көмекке жүгіну халықтың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғаудың маңызды шаралары болып табылады.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
19 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде «Вирустық гепатиттердің эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы және профилактикасы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
⚡️Іс-шара бейнеконференция форматында Департамент басшысының орынбасары А.С. Күшбасовтың төрағалығымен ұйымдастырылды.
⚡️Семинарға облыстың аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары, алғашқы медициналық-санитариялық көмек (АМСК) бойынша бас дәрігерлердің орынбасарлары, дәрігерлік учаскелердің меңгерушілері, қалалық емханалар мен аудандық ауруханалардың инфекционист дәрігерлері, сондай-ақ Петропавл қаласы мен облыстың медициналық ұйымдарының госпитальдық эпидемиологтары қатысты.
⚡️Семинар барысында Қазақстан Республикасы мен Солтүстік Қазақстан облысындағы вирустық гепатиттер бойынша эпидемиологиялық жағдай, В және С вирустық гепатиттерін диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдері, сондай-ақ инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу алгоритмдері қарастырылды.
⚡️Вирустық гепатиттер жағдайларын эпидемиологиялық тергеп-тексеру, зертханалық диагностика, сондай-ақ А, В және С вирустық гепатиттері ошақтарында науқастар мен байланыста болған адамдардан биологиялық материал алу және оны тасымалдау қағидаларына ерекше назар аударылды.
⚡️Семинар қорытындысы бойынша мамандар кәсіби қызмет барысында туындайтын практикалық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
📌Мұндай іс-шараларды өткізу мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға және вирустық гепатиттердің алдын алу шараларын жетілдіруге ықпал етеді.
19 октября 2026
Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌 СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған семинар өткізілді.
⚡️Іс-шара Департамент басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкіл С.М. Барменбаевтың төрағалығымен өтті.
✨Семинар барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу және мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілігі мәселелері қаралды.
⚡️Сондай-ақ Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының № 5915-26-00-3/5331 жеке қаулысы және Солтүстік Қазақстан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының № 5999-26-00-4а/147 жеке ұйғарымы қаралды.
⚡️Бұдан бөлек, 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша әкімшілік өндіріс нәтижелеріне талдау жасалды.
📌 Семинар соңында қатысушылар қызметтік жұмыс барысында туындайтын практикалық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
12 октября 2026
📌 Солтүстік Қазақстан облысындағы ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай
⚡️Солтүстік Қазақстан облысында ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай бүгінгі күні тұрақты болып отыр.
⚡️ 2026 жылғы 1 қазаннан бастап 2026–2027 жылдардағы жаңа эпидемиялық маусым басталды.
⚡️Эпидемиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ-дің 3 356 жағдайы тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 10,2%-ға өскен (3 043 жағдай).
⚡️Сонымен қатар ағымдағы эпидемиялық маусымда тұмау жағдайлары әзірге тіркелген жоқ.
💉 Тұмауға қарсы вакцинация
⚡️2026 жылғы 6 қазаннан бастап облыста тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Тәуекел топтарына жататын адамдарды вакцинациялау үшін Ресейде өндірілген «Гриппол Плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынды.
⚡️Вакцинация тәуекел топтарына жататын мына адамдарға жүргізіледі:
▪️ медицина қызметкерлері;
▪️ медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар;
▪️ балалар үйлері мен сәби үйлеріндегі балалар;
▪️ қарттар үйлерінде тұратын адамдар;
▪️ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша вакцинациялауға жататын адамдар, оның ішінде созылмалы аурулары бар адамдар, мектеп оқушылары, жүкті әйелдер, егде жастағы адамдар, ерте жастағы балалар, сондай-ақ жабық үлгідегі мекемелерде және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда болатын адамдар.
📌Вакцинация тіркелген жері бойынша емханада тегін жүргізіледі.
📊 Бүгінгі күні тәуекел топтарына жататын 6 675 адамға вакцина салынды.
🤒 ЖРВИ мен тұмаудың негізгі белгілері
⚡️ЖРВИ мен тұмаудың негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, жалпы уыттану белгілері, әлсіздік, дел-салдық, тамақтың ауыруы және мұрынның бітелуі жатады.
❗️ Алғашқы белгілер байқалғанда не істеу керек?
⚡️ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуге болмайды. Медициналық көмекке жүгіну немесе дәрігерді үйге шақыру қажет. Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек.
⚡️Аурудың ұзаққа созылуы асқынуларға әкелуі мүмкін. Олардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі – пневмония.
✨ ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғануға болады?
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін:
▪️ бөлмелерді күн сайын желдету;
▪️ қолды мұқият жуу және қажет болған жағдайда антисептикалық құралдарды пайдалану;
▪️ сырқаттанушылықтың маусымдық өсу кезеңінде көпшілік іс-шараларға барудан мүмкіндігінше бас тарту, ал бару қажет болған жағдайда бетперде тағу;
▪️ белсенді өмір салтын ұстану және үнемі дене шынықтырумен айналысу;
▪️ ұйқы режимін сақтау және дұрыс тамақтану ұсынылады.
📌Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыздар!
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау және қадағалау
08 октября 2026
Биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) міндетті цифрлық таңбалау
📌СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) міндетті цифрлық таңбалау талабының күшіне енгенін хабарлайды. Көрсетілген күннен кейін өндірілген барлық өнім Data Matrix кодымен таңбалануы тиіс.
⚡️ББҚ-ның міндетті қадағалау жүйесін іске қосу 2027 жылғы 1 наурызға жоспарланған.Осы күннен бастап өнімнің айналымы толық электрондық құжат айналымымен сүйемелденіп, тауарды нарыққа қатысушылар арасында беру кезінде әрбір операция расталатын болады.
⚡️Цифрлық таңбалау шеңберінде өнімнің әбрір бірлігіне бірегей Data Matrix коды беріледі. Аталған код өнімнің қаптамасына түсіріліп, Тауарларды таңбалау және қадағалаудың бірыңғай операторының жүйесінде тіркеледі. Бұл тауардың өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап дүкен сөресіне дейінгі барлық кезеңдердегі қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді.
⚡️Мемлекет бұл шара ББҚ айналымының нарықтағы ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз етуге, адал кәсіпкерлікті жосықсыз бәсекелестіктен қорғауға және құқық бұзушылықтарды уақтылы анықтауға мүмкіндік береді деп күтеді. Таңбалаумен нарықтың жеткілікті бөлігі қамтылғаннан кейін сатып алушылар қаптамадағы Data Matrix кодын Naqty Onim қосымшасы арқылы сканерлеу жолымен сатып алынатын ББҚ-ның заңдылығын өз бетінше тексеру мүмкіндігіне ие болады.
📌Нарыққа қатысушылар не істеуі қажет?
ББҚ айналымы саласында жұмыс істейтін компанияларға:
1.Тауарларды таңбалау және қадағалаудың цифрлық жүйесінде (ТТҚЦЖ) tanba.markirovka.kz порталында тіркелу;
2.Тауар карточкаларын жүйеде алдын ала тіркеуді бастау қажет.
⚡️Назар аударамыз, тіркелген тауар карточкалары белгілі бір уақытты қажет ететін модерация рәсімінен өтеді. Осыған байланысты нарыққа қатысушыларға тіркеуді кейінге қалдырмау ұсынылады. Бұл талап күшіне енгенге дейін модерация рәсімін аяқтап, таңбалау кодтарына уақтылы тапсырыс беруге мүмкіндік береді.
⚡️Міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін өндірілген таңбаланбаған ББҚ қалдықтары нарыққа қатысушылар тарапынан белгіленген тізбеге сәйкес олардың жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін өткізілуі мүмкін.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
05 октября 2026
📌СҚО-да Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күні аталып өтті
⚡️Петропавл қаласындағы Qyzyljar Creative Center-де ҚР Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерінің күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
⚡️Іс-шараға санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, денсаулық сақтау жүйесінің өкілдері, Ұлттық сараптама орталығының қызметкерлері, сала ардагерлері және әріптестер қатысты.
⚡️Салтанатты шарада СҚО әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев құттықтау сөз сөйлеп, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етудегі және денсаулығын қорғаудағы маңызды рөлін атап өтті.
⚡️СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, мамандарға жауапты әрі маңызды еңбегі үшін алғысын білдірді.
⚡️Іс-шараның негізгі бөлігі марапаттау рәсіміне арналды. Кәсіби шеберлігі, адал еңбегі және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін сала мамандары мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды.
📒🎖️«Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен 1 маман, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен 1 маман марапатталды. СҚО әкімінің Құрмет грамотасымен 7 маман, ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамотасымен 1 маман, Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен 2 маман марапатталды. Сонымен қатар 6 маман Комитет төрағасы — ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
⚡️Құттықтау сөз сөйлегендердің қатарында «Ұлттық сараптама орталығы» филиалының СҚО бойынша директоры Қайырғали Исенeeв те болды.
⚡️Сала ардагерлері Татьяна Горлова мен Петр Петушков әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтап, оларға зор денсаулық, амандық және еңбектеріне табыс тіледі.
⚡️Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды.
📌Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күні — еңбегі күнделікті көзге көріне бермесе де, аурулардың алдын алуға, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және халықтың денсаулығын сақтауға елеулі үлес қосып жүрген мамандарға алғыс білдіретін ерекше күн.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
05 октября 2026
📌 Колледж жатақханасында дерматомикоздардың алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілді
СҚО СЭБД, Петропавл қалалық СЭББ мамандары және колледж бен жатақхана басшылығымен бірлесіп, жатақханада тұратын студенттер арасында дерматомикоздардың алдын алу бойынша санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізді.
⚡️Студенттерге саңырауқұлақ инфекцияларының негізгі таралу жолдары, олардың таралуына ықпал ететін факторлар, дерматомикоздардың клиникалық белгілері және медициналық көмекке уақтылы жүгінудің маңыздылығы түсіндірілді.
⚡️Жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау, бөгде адамдардың сүлгілерін, киімдерін, аяқ киімдерін және басқа да жеке заттарын пайдалануға жол бермеу, сондай-ақ душ бөлмелерінде, санитариялық тораптарда, киім ауыстыратын бөлмелерде және басқа да ортақ пайдаланылатын үй-жайларда санитариялық тәртіпті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
⚡️Сонымен қатар студенттерге ауру белгілері пайда болған жағдайда медициналық қызметкерлер мен әкімшілікті уақтылы хабардар ету, тағайындалған емді сақтау және ауру анықталған жағдайда санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды орындау қажеттілігі түсіндірілді.
25 сентября 2026
СҚО СЭБД-де «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында кездесу өтті
2026 жылғы 24 қыркүйекте СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафоны аясында Сабит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханалық процестерді автоматтандыру бөлімінің басшысы А.Ж. Садыковамен кездесу өтті.
⚡️ Іс-шара Департамент басшысының орынбасары С.М. Барменбаевтың төрағалығымен өтті.
⚡️Кездесу барысында Анжела Садыкова мемлекеттік қызметшілерді марафонға қатысу шарттарымен, оның негізгі кезеңдерімен және өту тәртібімен таныстырды. Сондай-ақ марафон аясында оқуға ұсынылған кітаптарды қайдан алуға болатыны туралы айтып өтті.
⚡️Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы
25 сентября 2026
Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті
📌 2026 жылғы 23 қыркүйекте СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде медицина қызметкерлері мен аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған семинар өткізілді.
⚡️Семинар барысында әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және Солтүстік Қазақстан облысындағы құтырма бойынша эпидемиологиялық жағдай, эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру мәселелері, сондай-ақ жануарлар тістеген, сілекейі тиген және тырнаған жағдайда зардап шеккен адамдарға құтырмаға қарсы медициналық көмек көрсету тәртібі қаралды.
⚡️Сонымен қатар құтырманың алдын алуға бағытталған санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі бағыттары талқыланды.
📌 Іс-шара соңында мамандар жұмыс барысында туындайтын практикалық мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты және өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Социальные сети
facebook
Instagram
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы