Меню

Страницы

Статья

📌 Көкжөтелдің алдын алу

🔹 Көкжөтел — Bordetella pertussis бактериясы қоздыратын, тыныс алу жолдарының өте жұқпалы инфекциялық ауруы. Аурумен көбіне балалар ауырады.
🔺 2026 жылдың басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында көкжөтелдің зертханалық жолмен расталған 4 жағдайы тіркелді. Ауру жағдайлары қаңтар, ақпан және наурыз айларында тіркелген.
Бұл ретте 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдықтың 5,6 есеге төмендегені байқалады: 2025 жылдың 8 айында 23 жағдай тіркелген.
Тіркелген барлық жағдайлар 1 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Бұл — көкжөтелге қатысты ең осал жас тобы. Ауырған балалардың барлығы көкжөтелге қарсы вакцина алмаған.
🔹 Көкжөтелдің қоздырғышы науқас адам жөтелген, түшкірген немесе сөйлескен кезде ауа арқылы таралады.
Көкжөтел пневмония, мидың зақымдануы сияқты ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін. Ауруды емдеуде антибиотиктер және симптоматикалық ем қолданылады.
🔺 Балалар мен ересектерді көкжөтелден қорғаудың ең сенімді әрі тиімді әдісі — вакцинация. Вакцинация ерте жастан басталады: алғашқы екпелер 2, 3, 4 және 18 айында, кейін 6 жаста жүргізіледі.
Көпжылдық тәжірибе вакцинация мерзімдері мен екпелер арасындағы аралықтарды сақтаудың маңыздылығын көрсетеді. Вакцинация күнтізбесіне сәйкес екпелерді уақтылы алған жағдайда организмде көкжөтелге қарсы жеткілікті қорғаныс қалыптасады.
🔺 Құрметті ата-аналар! Балаңыздың денсаулығы өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Балаңыздың вакцинацияны уақтылы алуына жағдай жасап, оның дені сау болып өсуіне үлес қосыңыз!
Дата публикации
04 сентября 2026
Дата обновления
04 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы