Меню

Страницы

Статья

📌Денге қызбасының алдын алу

⚡️Денге қызбасы – бұл вирустық жұқпа, масалармен таратылады, ауыр тұмау тәріздес ауру, ол омыраудағы және ерте жастағы балаларды, сонымен де үлкен адамдарды зақымдайтын, бірақ сирек өлімге әкелетін ауру.
✨Қазіргі уақытта Денге қызбасы негізінен Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия (Таиланд, Индонезия, Қытай, Малайзия, Жапония, Вьетнам, Мьянма, Сингапур, Филиппин), Африкада (Мозамбик, Судан, Египет), Австралияда, Солтүстік, Орталық және Оңтүстік Американың тропиктік және субтропиктік белдеуі (Мексика, Гондурас, Коста-Рика, Пуэрто-Рико, Панама, Бразилия және т.б.) Океания және Кариб бассейні елдерінде кездеседі. Жыл сайынғы аурушаңдық шамамен 50 миллион адамды құрайды.
✨Бұл аймақтарда туризмнің қарқынды дамуына байланысты ауру басқа мемлекеттерде де байқалады, бірақ олар оқшауланған сипатта кездеседі. Жыл сайын планетаның жүздеген мың тұрғындарына Денге қызбасы диагнозы қойылады, олардың кейбіреулері дер кезінде медициналық көмек ала алмай, инфекцияның ауыр асқынуларына шыдауға мәжбүр.
⚡️Біздің облысымыздың аумағында берілген аурудың табиғи ошақтары жоқ, бірақ туризмнің дамуы, жоғарыда тізбеленген елдер облыс аумағына ауруды енгізу мүмкіндігін жасайды.
✨Егер Сізде Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, Үндістанға немесе Африкаға барып келгеннен кейін (40°C) дене қызуыңыз көтеріліп, қатты бас ауыруы, көзіңіздің артқы аумағында ауырсыну, бұлшық ет пен буын ауруы, жүрек айнуы, құсу, лимфа түйіндерінің ұлғаюы немесе бөртпе пайда болса, осы ауырудың бар екендігін жою мақсатында дәрігерге қаралу қажет. Жұқтырғаннан кейін ауру белгілері 2-7 күнге созылады. Ауруды жұқтырғаннан оның алғашқы белгілері пайда болуы жұқтырған маса шаққаннан кейін 4-10 күнді құрайды.
✨Денге қызбасының ауыр түрінде асқынулар туындайды, ол тыныс жетіспеушілікпен, қатты қан ағумен және ағзалардың зақымдануымен байланысты. Қорғанатын белгілері алғашқы белгілерінен кейін дене қызуының төмендеуімен қатар (38°C төмен) 3-7 күннен кейін пайда болып және іш аймағында қатты ауырсыну, тоқтамайтын құсу, жиілеген тыныс, иектің қанауы, шаршағыштық, қозу және құсықтарында қанның болуы қосылады. Келесі 24-48 сағат осы шектік кезеңі өлімге әкелуі мүмкін, асқынулар мен өлімнің туындамауы үшін қажетті медициналық көмек керек.
✨Қоздырғыш климаттық факторларға төзімді, дегенмен ультракүлгін сәулеленудің әсерінен және қоршаған орта температурасының күрт жоғарылауымен тез өледі. Инфекция тұмауға ұқсас ауруды тудырады, сондықтан көптеген адамдар өз ауруына аса мән бермейді! Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне, Үндістанға, Африкаға барып келгеннен кейін, егер масалар және басқа да жәндіктер шағып алса, алғашқы белгілері білінсе және жайсыздансаңыз міндетті түрде халықты тіркеу тізімі (ХТТ) бойынша тіркелу орынына сәйкес емхананың инфекционист дәрігеріне ауруды ерте анықтау және қажет болғанда ем қабылдау мақсатында көрінуге ұсыныс береміз!
✨Денге қызбасы ауруының алдын алу мақсатында ауру тасымалдаушыларымен күресу шараларын қатаң сақтау, ол маса шағудан жеке қорғану, жеке қорғаныс заттарын қолдану, терезелерге москиттерге қарсы тор орнату, жеңдері ұзын киім кию, жәндіктерді үркітетін заттар (спрейлер, гельдер, кремдер) қолдану қажет!
⚡️Ұмытпаңыз! Сіздің денсаулығыңыз, Өзіңіздің қолыңызда!
Дата публикации
12 августа 2026
Дата обновления
12 августа 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы