Меню

Страницы

Статья

📌Аусыл туралы не білу керек?

⚡️Аусыл — жануарлардың жіті вирустық ауруы. Ол негізінен ірі қара малды, шошқаны, ешкі мен қойды зақымдайды. Инфекция көзі — сілекейі, сүті, зәрі және ішек құрамымен вирус бөлетін ауру жануарлар.
✨Жануарлар жайылымда, суаттарда, қораларда жанасу арқылы, сондай-ақ күтім құралдары, жем-шөп, су, төсеніш және қызметкерлердің киімі арқылы жұқтырады.
⚡️Адам ауру жануарларды күту кезінде, жұқтырылған заттармен байланыс жасағанда, сондай-ақ ауру малдан алынған шикі сүт пен сүт өнімдерін тұтынғанда жұқтыруы мүмкін. Ауру адамнан адамға берілмейді.
📌Алдын алу үшін мыналар қажет:
• тек қайнатылған немесе пастерленген сүтті пайдалану;
• қолайсыз шаруашылықтардан алынған шикі ет пен сүт өнімдерін қолданбау;
• жануарларды күту кезінде жеке гигиена ережелерін сақтау;
• арнайы киім пайдаланып, оны үнемі залалсыздандыру;
• етті тек ветеринариялық-санитариялық таңбасы болған жағдайда ғана сатып алу.
⚡️Аусылдың алдын алуда фермаларда, мал сою орындарында және өнім өңдеу кәсіпорындарында санитариялық-ветеринариялық бақылау жүргізу, сондай-ақ жануарларды вакцинациялау маңызды рөл атқарады.
Дата публикации
13 мая 2026
Дата обновления
13 мая 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы