Меню

Страницы

Статья

📌Кене энцефалитінің алдын алу

🕷️Кене энцефалиті – орталық жүйке жүйесін зақымдайтын жұқпалы табиғи-ошақты вирустық ауру. Ауру ауыр түрде өтіп, мүгедектікке және өлімге әкелуі мүмкін. ⚡️Қоздырғышы – кене энцефалиті вирусы.
Инфекцияның негізгі берілу жолы – трансмиссивті (иксод кенелерінің шағуы арқылы), сондай-ақ жұқтырылған кенемен жанасқанда терінің микрозақымдануы арқылы жұғуы мүмкін.
⚡️Кенелердің белсенділік маусымы табиғи-климаттық жағдайларға байланысты: оңтүстік өңірлерде – наурыздан маусым айын қоса алғанда, шығыс және солтүстік өңірлерде – тамыз айына дейін.
🕷️Кене энцефалитін жұқтырудың алдын алу үшін табиғат аясында болған кезде келесі сақтық шараларын сақтау ұсынылады: дененің ашық жерлерін барынша жабатын жабық киім кию, бас киім пайдалану, репелленттер қолдану, табиғаттан оралғаннан кейін денені, киімді, үй жануарларын, сондай-ақ заттар мен гүл шоқтарын мұқият тексеру.
💉Кене энцефалитінің арнайы алдын алу шарасы – вакцинация. Қазақстанда жыл сайын кәсіби қызметі кене энцефалитінің табиғи ошақтарында болумен байланысты қауіп тобына жататын адамдарға иммундау жүргізіледі.
📌Кене шаққан жағдайда дереу медициналық ұйымға жүгіну қажет. Зардап шеккендерге кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин қолдану арқылы шұғыл профилактика жүргізіледі, ол шаққан сәттен бастап алғашқы 3 тәулік ішінде ең тиімді болып табылады.
⚡️Табиғи ошақтардағы кенелердің санын азайту мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет тарапынан кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Өңдеу жүргізілгеннен кейін 3 сағат ішінде өңделген аумақтарға бару (серуендеу және пикник өткізу) ұсынылмайды.
Дата публикации
08 мая 2026
Дата обновления
08 мая 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы