Меню

Страницы

Статья

📌КЕНЕ ШАҒУЫНАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАНУҒА БОЛАДЫ ЖӘНЕ КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІ ТУРАЛЫ НЕНІ БІЛУ КЕРЕК?

🌱 Көктем мезгілінің басталуымен кенелердің белсенділік кезеңі басталады. Қазіргі таңда облыста кене шағуына байланысты 98 адам дәрігерлерге жүгінген, алайда кене энцефалиті жағдайлары тіркелген жоқ.
🙌СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мынаны ескертеді: қарапайым алдын алу шаралары ауыр салдардың алдын алуға және денсаулықты сақтауға көмектеседі.
🔹 Кене энцефалиті — кененің шағуы арқылы берілетін вирустық ауру, ол ми мен жұлынды зақымдауы мүмкін. Ауыр жағдайларда бұл дерт күрделі асқынуларға әкелуі ықтимал, сондықтан дер кезінде қорғану шараларын қабылдау маңызды.
📌 Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай тұрақты:
• ауру жағдайлары тіркелмеген;
• кене шағуына байланысты 98 адам медициналық көмекке жүгінген, оның ішінде 14 жасқа дейін балалар арасында - 34 шағу.
👌 Кене шағуының профилактикасы шаралары қарапайым әрі қолжетімді:
- Вакцинациялау — ең сенімді қорғаныс тәсілі (алдын ала жоспарлаған жөн);
- Киім — жабық, ашық түсті, жеңі тығыз манжеталы болуы тиіс;
- Репелленттер — кенелерге қарсы арнайы құралдарды пайдалану;
- Табиғаттағы мінез-құлық — биік шөптерден аулақ болу, өзіңізді және балаларды үнемі тексеріп отыру;
- Қауіпсіз тамақтану — сүтті міндетті түрде қайнатып ішу.
🔹 Егер кене теріге жабысып қалса, сабыр сақтап, дұрыс әрекет ету қажет:
- кенені пинцет немесе жіп көмегімен абайлап алып тастау;
- шағу орнын антисептикпен өңдеу;
- мүмкіндігінше кенені зертханаға талдауға тапсыру;
- міндетті түрде дәрігерге қаралу — қажет болған жағдайда 72 сағат ішінде иммуноглобулин енгізіледі.
СҚО СЭБД мынаны атап өтеді: кене энцефалиті — басқарылатын қауіп. Қарапайым қағидаларды сақтау және дер кезінде медициналық көмеккежүгіну өзіңізді және жақындарыңызды тиімді қорғауға мүмкіндік береді.
💪 Өзіңізді сақтаңыз және табиғат аясында демалу кезінде мұқият болыңыз.
Дата публикации
24 апреля 2026
Дата обновления
24 апреля 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы