Меню

Страницы

Статья

📌 Қызылшаға қарсы вакцинация – жалғыз сенімді қорғаныс!

⚡️Қызылша – ауа-тамшы жолымен берілетін, жұқпалығы өте жоғары қауіпті вирустық ауру. Инфекция ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін: ми қабықтарының қабынуы (энцефалит), өкпенің зақымдануы (пневмония), ортаңғы құлақтың қабынуы (отит). Кейбір жағдайларда ауру өліммен аяқталуы мүмкін.
💉Қызылшаны арнайы емдеу әдісі жоқ. Аурудың алдын алудың жалғыз тиімді тәсілі – уақытылы вакцинация.
💉Қазақстанда қызылша, қызамық және паротитке қарсы (ҚҚП) біріктірілген вакцина қолданылады. Ол 10 жылдан астам уақыт бойы Ұлттық егу күнтізбесі аясында 1 жас және 6 жастағы балаларға салынып келеді және өзін сенімді, тиімді әрі қауіпсіз вакцина ретінде көрсетті. Бұл вакцинаның өндірісі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан сертификатталған, бұл оның жоғары сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай екенін дәлелдейді.
📌Жыл басынан бері облыста қызылшаның зертханалық расталған 19 жағдайы тіркелді (2025 жылдың осы кезеңінде 41 жағдай тіркелген, бұл 53,6%-ға төмендегенін көрсетеді).
📈Аумақтық тиістілігі бойынша 7 жағдай немесе 36,8% Петропавл қаласында тіркелген; 5 жағдай — Ақжар ауданында; 2 жағдайдан – Мамлют және Уәлиханов аудандарында; 1 жағдайдан — Қызылжар, Шал ақын аудандарында және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда тіркелген.
📉Жас құрылымы бойынша науқастардың ең көп саны 5 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелді — 52,6% немесе 10 жағдай.
📊Қызылшамен ауырғандардың 89,4%-ында осы инфекцияға қарсы вакцинацияның толық курсы болмаған.
💉Аурудың алдын алу үшін екпе алу — қызылшаның ауыр салдарларымен бетпе-бет келгеннен әлдеқайда жеңіл әрі қауіпсіз.
📌Есіңізде болсын: сіздің және балаларыңыздың денсаулығы — өз қолыңызда!
Дата публикации
17 марта 2026
Дата обновления
17 марта 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы