Меню

Страницы

Статья

📌АИТВ инфекциясы және оның алдын алу шаралары

⚡️1 желтоқсан – халықтың бұл ауру туралы хабардарлығын арттыруды мақсат ететін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні.
✨Адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) – ағзаның иммундық жүйесін зақымдайтын инфекция. АИТВ инфекциясының ең соңғы сатысы – жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы (ЖИТС). Вирус қанның ақ жасушаларын зақымдап, иммундық жүйенің әлсіреуіне әкеледі. Бұл туберкулёз, қатерлі ісіктердің кейбір түрлері және басқа да аурулардың даму қаупін арттырады.
⚡️АИТВ вирусы осы инфекциямен өмір сүретін адамдардың биологиялық сұйықтықтары – қан, емшек сүті, шәует және қынап бөлінділері арқылы беріледі. Сондай-ақ АИТВ жүкті әйелден балаға жүктілік кезінде және босану барысында жұғуы мүмкін. Ал кәдімгі тұрмыстық қатынастар: сүйісу, құшақтасу, қол алысу, бірлесіп тамақ немесе су пайдалану, жеке заттарды ортақ қолдану арқылы жұқпайды.
⚡️Қарапайым гигиена ережелерін сақтау да кездейсоқ жұқтырудан қорғай алады. Басқа біреудің тіс щёткасын, ұстарасын және қанның ізі қалуы мүмкін кез келген жеке гигиена құралдарын қолдануға болмайды. Медициналық мекемелерден тыс жерде ине салдырудан, стерильді емес құралдармен татуировка жасатудан және құлақ тесу рәсімдерінен аулақ болу қажет.
⚡️Вирус адам талғамайды, алайда адам оның алдын алуы мүмкін. Әркімнің АИТВ-ның алдын алу шараларын тұрақты сақтауы не сақтамауы өзіне байланысты.
Дата публикации
01 декабря 2025
Дата обновления
01 декабря 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы