Меню

Страницы

Статья

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды қайта ресімдеу тәртібі туралы түсіндірме

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды қайта ресімдеу тәртібі туралы түсіндірме


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген
«Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының»
(бұдан әрі – Қағидалар) 33-тармағына сәйкес, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – СЭҚ) нысанды тексеру
жүргізбей қайта ресімдеу келесі жағдайларда көзделген:

1) құжатта қателердің (баспа қателерінің) анықталуы;

2) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына сәйкес заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру;

3) объектінің нақты орнын ауыстырмай, мекенжайының өзгеруі;

4) заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкердің атауының өзгеруі;

5) объектінің мақсаты, қызмет түрі, технологиялық процесі, қуаты мен құрылымдық сипаттамалары өзгермеген жағдайда, жұмыс істеп тұрған объектіні басқа тұлға меншігіне алған кезде.


❗Маңызды:
Объект жалға (немесе сенімгерлік басқаруға) берілген жағдайда санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны қайта ресімдеу
көзделмеген. Қайта ресімдеу тек меншік құқығы басқа тұлғаға өткен кезде ғана жүзеге асырылады.

СЭҚ қайта ресімдеу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

• белгіленген нысандағы өтініш (Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес);

• тиісті өзгерістерді растайтын құжаттар (сатып алу-сату, сыйға тарту шарты, қайта ұйымдастыру туралы құжат, мекенжай
немесе атау өзгерісі және т.б.) – Қағидалардың 2–5-тармақтарында көрсетілген жағдайларда.

ЖЕКЕ КАБИНЕТТЕ СЭҚ ҚАЙТА РЕСІМДЕУ ФУНКЦИОНАЛЫ БОЛМАҒАН ЖАҒДАЙДА, www.elicense.kz порталы арқылы ЖАҢА ӨТІНІШ беру қажет. Ол үшін келесі бөлімдерді таңдау керек: «Денсаулық сақтау» – «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру». Одан кейін жүйеде міндетті өрістерді толтырып, қажетті құжаттардың орнына Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес
өтініш нысанын және тиісті өзгерістерді растайтын құжаттарды тіркеу қажет.

Егер www.elicense.kz ақпараттық жүйесі осы жағдайға қатысы жоқ құжаттарды сұратқан жағдайда, жүйеде өтініш беру рәсімін аяқтау үшін бос (скан-көшірме түріндегі) файлдарды тіркеуге рұқсат етіледі.

Дата публикации
17 ноября 2025
Дата обновления
17 ноября 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы