Меню

Страницы

Статья

📌Вирустық гепатиттің алдын алу

📌 Вирустық гепатит – негізгі бауырдың зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Гепатиттің дамуының себептері әртүрлі болып келеді, мысалы, ішімдікті артық пайдалану, улы заттармен улану, дәрілік заттарды шамадан тыс қолдану және тамақтану ережелерін ескермеу. Алайда, гепатиттердің жиі қоздырғыштары – вирустар болып табылады.
🦠 Вирустардың таралуы
Бүгінгі күні вирустық гепатиттердің бірнеше түрлері белгілі, олар А, В, С, D, E типті вирустары. Вирустық гепатиттердің таралу қаупі жоғары болуына байланысты, денсаулық сақтау жүйесінде маңызды мәселенің бірі болып қалуда. Жұқпаның тұрғындар арасында берілу жолы мен таралуы әртүрлі. А және Е гепатиттерінің берілу механизмі фекальды-оралды, яғни сырқат адамның нәжісімен ластанған тағамды немесе суды пайдалану нәтижесінде сырқаттанады. Сырқаттанушылық сапасыз су жүйесімен, тағамдардың ластануымен, санитарлық жағдайдың нашарлығы, гигиена ережелерінің сақталмауымен тығыз байланысты.
✏️ Вирустық «В», «С», «D» гепатиттері – парентералды вирустық гепатиттер тобына жатады. Парентералды гепатиттер әлемде кең таралуымен және сырқаттанушылықтың ауыр салдарына әкелуімен қауіпті. Қазіргі кезде В, С, Д вирустық гепатиттерінің бауыр циррозы мен қатерлі ісігіне ұласуы жиі кездеседі.
🔗 Вирустық «В», «С», «D» гепатиттері инфекциясымен жұқтырылған қан немесе қан элементтерін (эритроцитралық, тромбоцитарлық масса) құю кезінде, әртүрлі емдік-диагностикалық емшараларда (ота жасау, ине салу, босану кезінде және тағыда басқа жағдайда) стерильденбеген инструмент қолданғанда және жыныстық қатынас арқылы жұғады.
🖍️ В вирустық гепатиті босану кезінде анадан балаға жұғуы мүмкін. Егер жүктіліктің соңғы кезеңінде жедел гепатит түрімен ауырған болса, сырқаттанушылықтың анадан балаға берілу қаупі артады. Бірақ вирустық гепатит ана сүтімен берілмейді. Сондай-ақ жұқпа татуировка, пирсинг салған кезде, құлақ ұшын тескенде, косметологиялық шаралар (маникюр, педикюр) кезінде жұғады 📣Аурудың алдын алу шаралары
✅ Вирустық А және Е гепатиттерімен күресудің тиімді әдістерінің бірі – санитарлық жағдайды жақсарту және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыздау, ағынды суларды қажетті деңгейде жою және жеке гигиенаның қарапайым шараларын ұстану сырқаттанушылықтың таралуының алдын алуға болады.
💉Вакцинация – ғылыми түрде дәлелденген, көптеген жұқпалы аурулардан қорғанудың қауіпсіз және тиімді әдісі.Бүгінгі таңда елімізде вирустық А мен В гепатитіне қарсы егулер Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілген.
🌡️ Вирустық А гепатитіне қарсы вакцина алты ай интервалымен 2 рет енгізіліп, аурудан сенімді қорғанысты қалыптастырады. Иммунизация 2 жастағы балаларға, жұқпа ошағында қарым-қатынаста болған 14 жасқа дейінгі балалар мен созылмалы В және С вирустық гепатиттерімен ауыратын 14 жасқа дейінгі балаларға арналған.
♦️Вирустық В гепатитіне қарсы арнайы профилактика жаңа туған нәрестелерге, медициналық қызметкерлерге, медициналық бағыттағы жоғары және орта оқу мекемелерінің студенттеріне, сондай-ақ реципиенттер, онкогематологиялық науқастарға, гемодиализ және тіндердің немесе ағзаларын (ағзалардың бөліктері) трансплантациялауға жататындар, жұқпа ошағында қарым-қатынаста болғандар жатады.
Дата публикации
12 августа 2025
Дата обновления
12 августа 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы