Меню

Страницы

Статья

📌Менингококкты менингиттің алдын алу

Менингококкты менингит жедел өтуімен, ауыр асқынулармен сипатталады, көбіне өлімге әкеледі. Инфекцияның таралуы ауа тамшылары арқылы жүреді.
⚡️Санитариялық-гигиеналық режимді бұзу, адамдардың көп жиналуы, бөлмедегі ауаның жоғары ылғалдылығы әрдайым қоздырғыштың, әсіресе мектепке дейінгі балалар мекемелері, қазармадағы әскері қызметкерлер арасында таралуына ықпал етеді. Жөтелгенде, түшкіргенде және сөйлескенде қоршаған ортаға бөлініп, инфекциялар айналасындағы сезімтал адамдардың мұран-жұтқыншағындағы шырышты қабығына түседі.
⚡️Менингококкты менингиттің негізгі белгілері температураның жоғарылауы, әсіресе 39°С-тан асуы, қарапайым аналгетиктермен басылмайтын бастың қатты ауыруы, құсу, ерекше ұйқышылдық және енжарлық болып табылады. Кейінірек жұлдызша түріндегі геморрагиялық бөртпе қосылады. Егер жоғарыда аталған белгілер болса, шұғыл медициналық көмекке жүгіну керек, өйткені әр минут маңызды.
⚡️Менингококкты менингитті жұқтырмау үшін мынадай алдын алу шараларын сақтау маңызды:
- қол гигиенасын сақтау – қолды сабынмен жиі және мұқият жуу, әсіресе қоғамдық орындарға барғаннан кейін жуу;
- бөлмені желдету және тазалау – үй-жайларды үнемі желдету және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау менингитке шалдығу қаупін азайтады;
- адамдар көп жиналатын жерлерге бармауға тырысу, әсіресе аурудың өршуі кезінде.
Дата публикации
23 июня 2025
Дата обновления
23 июня 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы