Меню

Страницы

Статья

Сарыптың алдын алу

🔘Сарып – адамдар мен жануарлардың жүйке жүйесі мен тірек – қимыл аппаратын зақымдайтын, ұзаққа созылатын жұқпалы ауру.
✨Сарып ауруының алғашқы белгілері жалпы ауырсыну, дене қызуының 39 - 40°С дейін көтерілуімен басталады. Науқас әлсіздікке, басының, буындарының ауырсынуына шағымданады. Ауру шамамен 3 айға созылады, бірақ 1 – 2 жылға дейін ұзаруы да мүмкін.
📌СҚО бойынша 2024 жылы алғаш рет жедел сарып ауруының 3 жағдайы тіркелді, оның ішінде Шал ақын ауданында 2 жағдай, Қызылжар ауданында -1жағдай.
✨Тіркелген 3 жағдайдың үшеуінде де инфекция көзі - ірі қара мал, жұқтыру жолы 2 жағдайда ауырған малдың сүт өнімдерін қайнатпай пайдалану салдарынан болып отыр, 1 жағдайда ауру малды күту кезінде жеке қорғаныш құралдарын қолданбағандықтан туындаған.
✨Адамға сарып ауруының жұғу жолдары әр түрлі. Инфекция негізінен ауру малды күту немесе сою кезінде жанасу жолы арқылы, сондай-ақ ет, шикі сүт және сүт өнімдерін пайдалану арқылы жұғады. Уақытылы дәрігерге қаралып, емделмеген жағдайда ауру созылмалы түрге өтіп, мүгедектікке және бедеулікке әкелуі мүмкін.
⚡️Аурудың негізгі алдын алу шаралары:
- міндетті түрде жылына екі рет малды сарып ауруына тексеріп, ауру анықталған жағдайда 15 күннің ішінде ауру малды жою қажет. Мал ұсталған жерге залалсыздандыру шараларын жүргізу керек, себебі дезинфекциялық препараттар бактерияны түпкілікті жояды;
- ішуге тек қайнатылған сүтті пайдалану керек. Ауру қоздырғышы (бруцелла) 100ºС қайнату температурасында 5 минут ішінде жойылады. Ет, сүт және сүт өнімдерін заңсыз сату орындарынан, белгісіз адамдардан сатып алуға болмайды;
- малға күтім жасау кезінде қарапайым жеке бас гигиенасын сақтау ережелерін сақтау қажет, мал ұстайтын қорада жұмыс жасағаннан кейін қолды міндетті түрде жуу қажет.
📌Осы күтінімдерді сақтамаған жағдайда адамдар өзінің және жақындарының денсаулығына қатер туғызады.
Дата публикации
02 июня 2025
Дата обновления
02 июня 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы