Меню

Страницы

Статья

КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІ: ЖӘНДІКТЕРДІҢ ШАҒУЫНАН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?

Көптен күткен жылу келді және қыста ұмытылған көптеген ойын-сауық пен демалыс түрлерін әкелді. Бірақ, өкінішке орай, ашық ауада уақыт өткізу тек жағымды сезімдер әкелмейді. Кенені көктемде және жазда табиғатта, әсіресе орманда «ілестіру»қаупі көпшілікке белгілі.
Кенелер үнемі аурудың тасымалдаушысы бола бермейді - көп жағдайда олардың шағуы зиянсыз, бірақ кейбіреулері әртүрлі ауруларды, соның ішінде кене энцефалитін тасымалдауы мүмкін.
📌Кене энцефалиті келесідей беріледі:
- вирус жұқтырған иксод кенесі жабысқан кезде;
- кенелердің жаппай шабуылы кезінде ешкілердің, қойлардың, сиырлардың шикі сүтінде сирек жағдайда вирус болуы мүмкін;
- кенені жаншығанда немесе шаққан жерін қасығанда.
Кене энцефалиті ауруының белгілері: жалпы әлсіздік, бастың ауруы, жүректің айнуы, құсу, тәбеттің төмендеуі, дене температурасының жоғарылауы, кене шаққан жерде гиперемия.
💉Кене энцефалитінің профилактикасы:
1⃣Табиғатта демалу кезінде, саяжайда және т. б. мыналар қажет:
2⃣ұзын жеңді көйлек киіп, оны шалбарға, ал шалбарды шұлыққа салыңыз. Бас пен мойынды орамалмен, капюшонмен жабыңыз;
3⃣мезгіл-мезгіл киім мен денені өзіңіз және өзара қарап-тексеріңіз;
4⃣дененің ашық жерлері мен киімдерді репелленттермен өңдеңіз;
5⃣кене шағып алған жағдайда медициналық ұйымға жүгініңіз.
6⃣медициналық көмекке жүгіну мүмкіндігі болмаған кезде кенені өзіңіз алып тастаңыз (кенеге бір тамшы май тамызып, пинцетпен немесе жіппен, қозғап, біртіндеп алыңыз;
7️⃣Егер тұмсығы теріде қалса, оны тікен сияқты алып тастаңыз, шаққан жерге йод жағып, қолыңызды мұқият жуыңыз).
Дата публикации
25 апреля 2025
Дата обновления
25 апреля 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы