
Туберкулез әлемде кең тараған аурулар қатарына жатады. Біздің медицина бұл ауруды ерте анықтау, әсерлі емдеу мен ескерту шараларымен қамданған. Бірақ бұл мәселе аяғына дейін шешілмеген. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мәліметтері бойынша, туберкулезден ЖИТС,безгек пен тропикалық ауруларды қоса алғандағыдан әлдеқайда артық адамдар ауырып өледі.

Егер туберкулезге тән сипатты белгілер табылғанда дер кезінде дәрігерге қаралып, уақтылы емін алғанда, туберкулезді жұқтыру және оның асқынуының алдын алуға болады.

Аурудың негізгі жұқтыру көзі – туберкулез таяқшаларын жөтелгенде және түшкіргенде қақырығымен қоршаған ортаға бөлетін туберкулездің белсенді түрімен ауыратын науқас.

Туберкулез жұқпасының басты берілу жолы- ауа – тамшылы. Жөтелген кезде қоршаған ауада қақырықтың ұсақ бөлшектерінен тұратын «аэрозолдер» түзіледі, олар 2 метрге дейін қашықтыққа тарайды. Күніне науқас адам қоршаған ортаға аэрозоль құрамында 7 млрд дейін туберкулез қоздырғышын бөледі. Туберкулез микобактериялары ауада бірнеше сағат бойы сақталуы ықтимал. Ем қабылдамайтын науқас адам ауырған кезеңінде 10 адамнан 15 адамға дейін ауру жұқтырады. Ал жұқтырғандардың 5-10 пайызы ағзасының қорғаныш күші азайғанда туберкулезбен ауыратыны белгілі. Сондықтан туберкулезбен жиірек ішімдікке салынған, нашақорлар, АИТВ жұқпасын жұқтырған, созылмалы аурулармен ауыратын адамдар ауырады. Қолайсыз әсерлер болып күйзеліс, нашар тамақтану, суық тию табылады.

Облыс аумағында өткізіліп жатқан алдын алу және індетке қарсы шараларға орай соңғы 5 жылда ауру деңгейін 15 пайызға төмендетуге қол жеткізілді. Ал 2024 жылы туберкулезбен аурушаңдық 2023 жылмен салыстырғанда 11,39 пайызға төмендеді.

Туберкулездің негізгі белгілері: екі аптадан артық жөтел, кеуде тұстың ауыруы, түнгі тершеңдік, дене салмағының төмендеуі, ұзақ уақыт дене қызуының 37-37,5 градусқа дейін көтерілуі, тез шаршау. Бұл белгілер басқа да аурулар кезінде болуы мүмкін. Осындай белгілердің туындауының себебін тек медициналық қызметкер ғана анықтай алады. Жөтел өкпе туберкулезінің жұқпалы түрімен ауыратын науқастарда негізгі белгі болып табылады. Сондықтан жөтел және кез келген осы белгілер білінсе дәрігерге қаралу қажет. Дер кезінде және дұрыс қойылған диагноз туберкулезді толыққанды емдеудің кепілі болып табылады. Туберкулез диагнозын анықтағанда емдеуші фтизиатр дәрігерінің барлық талаптарын қатаң орындау қажет. Туберкулезді емдеу тәртібі мен мерзімі туберкулездік үрдістің түрі мен емдеу табысына байланысты. Ауру созылмалы, аса ауыр түріне айналып кетпес үшін, емдеуі үзіліссіз, ұзақ, толық емделгенге дейін жүргізілуі тиіс. Жалпы емдеу курсы 6-8 айдан кем емес. Туберкулездің емі барлық кезеңдерінде тегін.

Туберкулездің алдын алу бірнеше кезеңнен тұрады:

Арнайы – баланы перзентханада туғаннан кейін 2-4 тәуліктен соң вакцинациялау. Ол сау толық жетіліп туылған балаларға перзентханаларда жүргізіледі. Вакцинация нәтижесінде баланың ағзасында иммунитет қалыптасады, ұзақ сақталады.

Сонымен қатар, өз балаңды егу мәселелерін шешу кезінде, ең алдымен, медициналық білімі жоқ, кездейсоқ осы саладағы адамдармен орналастырылған, мамандардың вакциналық интернеттен алынған ақпараттарын емес, нақты ғылыми деректер, ғылыми зерттеулер жасамастан жасалған сілтеме, негіздерді емес, вакциналау профилактикасы саласындағы ғалымдардың ғылыми жарияланымдары мен ақпарат көздеріне негізделген ақпаратты басшылыққа алу керек. Бұл профилактикалық екпелерден бас тарта отырып, ата-аналар баланың жұқпадан және оның салдарынан өзін қорғау құқығынан айыратынын есте сақтауы қажет.

Санитарлық - эпидемияға қарсы профилактика жұқпаның таралуының алдын алуға бағытталған шаралар кешенін қамтиды. Бұл-халық арасында ересек тұрғындарды жүйелі түрде жылына 1 рет флюорографиялық тексеруден өткізу. Қауіпті топтағы балалардың туберкулезбен ауыруын дер кезінде анықтау үшін Манту сынамасын қою, науқаспен байланыста болған адамдарды уақытылы жүйелі түрде тексеру. Туберкулез жұқпасы ошағында санитарлық іс-шараларды (науқасты оқшаулау және емдеу, дезинфекция жасау) науқастардың және байланыста болған адамдардың санитарлық – гигиеналық дағдыларын қалыптастыру, халықтың санитарлық сауаттылығын арттыру.

Туберкулезбен күрес, біз барлығымыз осы зұлым ауруға қарсы бірге күреске тұрсақ ғана табысты болады.