Меню

Страницы

Статья

📌Метапневмовирустың алдын алу

📌Жіті респираторлық вирустық инфекцияларға жататын метапневмовирустың әлемде таралуы туралы БАҚ-тағы соңғы хабарларға байланысты СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мынаны хабарлайды.
📌Адам метапневмовирусы - көптеген елдерде ондаған жылдар бойы таралған классикалық вирустардың бірі. Бұл вирустың штамдары Қазақстанда ЖРВИ және тұмау ауруларының маусымдық өсуі кезеңінде кеңістікте белсенді айналымда болатын инфекциялардың басқа түрлерімен қатар анықталды.
📌Метапневмовирус негізінен ауа тамшылары арқылы және аз жағдайда тұрмыстық байланыс арқылы беріледі. Инфекцияның негізгі белгілері - жөтел, мұрыннан су ағу, ентігу, тырысу, бас ауруы. Нақты емдеу жоқ, симптоматикалық емдеу қолданылады.
📌Қазіргі уақытта Қазақстанда, бүкіл әлем сияқты, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі тіркелуде.
📌СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті халықты профилактика шараларын сақтауға және адамдар көп жиналатын жерлерде байланыстарды шектеуге шақырады, бұл әсіресе созылмалы аурулары бар ең осал пациенттерге қатысты.
📌Тұмау мен ЖРВИ-дың профилактика шаралары:
🔵адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық үй-жайларға баруды шектеу;
🔵үй-жайларды үнемі желдету;
🔵қолды тазарту үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық майлықтарды қолдану;
🔵ауру адамдармен байланысын шектеу, олардың оқшаулануын қамтамасыз ету;
🔵тұмау және ЖРВИ белгілері пайда болған кезде балаларды үйде қалдыру және ұйымдасқан ұжымдарға (мектепке дейінгі ұйымдарға, мектептерге) жібермеу.
🔵ауру белгілері пайда болған кезде дер кезінде медициналық көмекке жүгіну.
Дата публикации
10 января 2025
Дата обновления
10 января 2025
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы