Меню

Страницы

Статья

Маймыл шешегі туралы не білу керек?

📌Маймыл шешегі – безгекпен, жалпы интоксикациямен және экзантема (қызару) пайда болуымен сипатталатын сирек жұқпалы ауру.
Батыс Африка (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д'Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) елдерінде таралған.
📌Инфекция көзі
Маймыл шешегі ауруының негізгі көзі жабайы жануарлар: приматтар, кеміргіштер (тиіндер). Инфекция ауру адамның қанымен немесе оның биологиялық сұйықтықтарымен жанасқанда, сондай-ақ ауру жануардың етін тұтыну арқылы да болуы мүмкін.
📌Тасымалдау жолдары
жабайы жануарлармен байланыс – приматтар (маймылдар) және кеміргіштер (тиіндер);
науқас адаммен тығыз физикалық байланыс (вирус ағзаға зақымдалған тері, тыныс алу жолдары, көз, мұрын және ауыз арқылы, сондай-ақ биологиялық сұйықтықтар арқылы енеді);
ауа тамшыларымен (науқаспен жабық бөлмеде болған кезде) және терінің зақымдау немесе емделушінің биологиялық сұйықтықтары бар заттармен жанасу арқылы.
📌Инкубациялық кезең 5-тен 21 күнге дейін. Адамдарда клиникасы жоғары температура, дененің ауыруы, әлсіздік, бөртпе, құсу, лимфа түйіндерінің ісінуі, бас айналуымен сипатталады. Аурудың ұзақтығы 2-3 апта, өздігінен қалпына келу тән.
📌Демалыс маусымына байланысты шет елдерге баратындарға мыналарды ұсынамыз:
- Батыс Африканың (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д'Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) маймыл шешегі ауруы тіркелген елдерге барудан бас тартуды (әсіресе балалармен);
- шет елдерге барған кезде жабайы жануарлармен (приматтар, кеміргіштер) байланыста болмау, өздігінен және көшеде сауда жасау орындарынан тамақтанбау, тек мұқият термиялық өңдеуден өткен етті (өнімдерді) жеу, адам көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактикалық шараларды қолдану (арақашықтықты сақтау, маскалар, дезинфекциялау құралдары), қол және тыныс алу мүшелерінің гигиенасын сақтауды.
📌Егер сапардан оралғаннан соң 3 апта ішінде өзіңізді нашар сезінсеңіз, дене қызуыңыз көтерілсе немесе бөртпе пайда болса (қызару, көпіршіктер және т.б.) – дереу жақын жердегі медициналық мекемеге қаралыңыз, шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлаңыз.
Дата публикации
18 сентября 2024
Дата обновления
18 сентября 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы