Меню

Страницы

Статья

Желшешектің алдын алу

📢Желшешек – қызба, интоксикация және везикулезді бөртпелермен сипатталатын жіті инфекциялық ауру. Ауру, ең алдымен, дене температурасының 37,5 ℃-тан 39℃ дейін күрт жоғарылауымен, бас ауруымен көрінеді. Желшешектің тән белгілері - бөртпе және қышу.
Қызылша, қызамық, скарлатина бөртпелерінен айырмашылығы, желшешек бөртпесі тек теріде және шырышты қабаттарда ғана емес, бас терісінде де пайда болады. Дене температурасы әдетте 3-5 күнде қалыпқа келеді, ал қыртыстар 7-14 күннен кейін кетеді. Науқастың сауығуы бөртпе шыққаннан 10 күннен соң басталады. Желшешектен айыққаннан кейін иммунитет қалыптасады, инфекцияның қайталануы өте сирек кездеседі.
🔺Облыста 2024 жылдың 6 айында желшешектің 725 жағдайы тіркелді, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе төмендеу байқалады (2023 жылдың 6 айында - 2244 жғ.
☝️Инфекцияның таралу көзі ауру адам болып табылады, сондықтан ауру кезінде науқас пен сау адамдар арасындағы байланысты шектеу өте маңызды. Желшешекпен ауыратын науқастар тері бөртпелерінің алғашқы белгілерінен 20-24 сағат бұрын ғана жұқпалы болып саналады және соңғы везикула (көпіршік) пайда болғаннан кейін 5 күнге дейін қалады. Инкубациялық кезең 10-нан 21 күнге дейін созылады. Инфекция ауа тамшылары арқылы, жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде беріледі, қоздырғыш көп мөлшерде бөлініп, айтарлықтай қашықтыққа таралады. Вирустың жүктілік кезінде анадан ұрыққа берілуі де мүмкін.
📢Ересектердегі желшешек әлдеқайда ауыр, интоксикацияның айқын белгілеріне байланысты (безгегі, бас ауруы, жүйке жүйесінің бұзылуы), өлімге дейін асқынулардың дамуына әкелуі мүмкін. Желшешектің ең қауіпті асқынуларына ішкі органдар мен мидың зақымдануы – пневмония, энцефалит, гепатит жатады.
✅Егер отбасында біреу ауырып қалса, онда міндетті түрде дәрігерді шақыру керек. ✔️ Ең бастысы – ауруды уақытында тану және асқынулардың алдын алу екенін әрқашан білу және есте сақтау маңызды.
✔️ Аурудың алдын алу мақсатында:
- науқаспен байланысты шектеу;
- науқасқа жеке ыдыс-аяқ, төсек-орын, гигиеналық керек-жарақтар бөлу;
- науқастың киімдері мен төсек-орындарын бөлек жуу;
- қайталама инфекцияның қосылуын болдырмау үшін науқастың қолын, киімін және төсек-орындарын таза ұстау;
- үй-жайларды жиі ылғалды тазалау және желдету, себебі желшешек вирусы сыртқы ортада тұрақсыз;
- кварцты қолдану қажет.
Дата публикации
23 августа 2024
Дата обновления
23 августа 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы