
Безгек әлемдегі ең көп таралған аурулардың бірі болып қала береді. Жыл сайын Африка, Азия, Латын Америкасы және Еуропаның кейбір елдерінде 500 миллионнан астам адам аурады, олардың миллионнан астамы қайтыс болады.

Безгек - қан паразиттері (безгек плазмодиясы) тудыратын паразиттік ауру.

Безгек қоздырғыштарының таралуы ауру адамнан сау адамға жұқтырған масалардың шағуы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, паразит тасымалдаушылардан алынған қан құю және
жатырішілік инфекция арқылы жұғуы мүмкін.

Безгектің 4 түрлері бар: тропикалық, үш күндік, төрт күндік және сопақ-безгек.

Инкубациялық немесе жасырын кезең (инфекциядан клиникалық белгілердің басталуына дейінгі кезең) 7 күннен бірнеше айға, тіпті жылдарға дейін созылады. Бұндай амплитуда безгектің түріне байланысты, тропикалық безгектін инкубация кезеңі қысқа.

Безгектің клиникалық белгілері айтарлықтай әртүрлілікпен ерекшеленеді. Аурудың ең тән белгілері – қысқа мерзімді қалтырау, дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы және бұлшықет ауруы, бас айналу, жүрек айну, құсу, жүрек соғу жиілігінің жоғарылауы, зәр шығарудың кешігуі – осындай жағдайлар 6-8 сағатқа созылады және қатты терлеумен және дене температурасының күрт төмендеуімен (35-35,60 С дейін) аяқталады; талмалар 1-2 күннен кейін қайталанады, дене температурасының өзгерусіз жалғасуы мүмкін. Уақтылы емделмеген жағдайда науқаста бауыр мен көкбауыр ұлғаяды. Тропикалық безгек асқынулармен (анемия, сарғаю, құрысулар, неврологиялық бұзылулар, екпе ісінуі, бүйрек жеткіліксіздігі, коматоздық жағдай) және олармен байланысты қолайсыз нәтижелердің ықтималдығына байланысты ең қауіпті.

2012 жылғы 20 наурызда Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы Қазақстан Республикасына «Қазақстанның безектен азат ел ретіндегі мәртебесін тану» сертификатын берді.

Алайда, елде безгекті басқа елдерден әкелудің жағдайлары тіркелген. Безгекті туристік сапарлар мен қызметтік іссапарлардан кейін де, эндемиялық елдердің шетелдік азаматтары да әкеліп жатады.

Алдын алу мақсатында безгек бойынша қолайсыз елдерге барған кезде дәрігердің тағайындауы бойынша безгекке қарсы препараттарды профилактикалық қабылдау ұсынылады. Препаратты таңдау қабылдаушы елге байланысты және оның дозасын дәрігер анықтайды.

Сондай-ақ, масалардың шағуына қарсы құралдарды қолдану ұсынылады: дененің ашық бөліктерін қорқытатын заттармен (репилленттермен) майлау, терезелер мен есіктерге сетка қою, бөлмені аэрозольді инсектицидтермен өңдеу.

Жеке гигиенаның ұсынымдары мен ережелерін сақтау, сондай-ақ уақтылы медициналық көмекке жүгіну денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді.