
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ботулизмнің алғашқы белгілері байқалған кезде дәрігерге көріну қажеттігін және ешқашан үйде өз бетімен емделуге болмайтындығын ұсынады. Оған себеп, аурудың дамуы өте жылдам жүреді, алғашқы 2-24 сағатта әлсіздік , іш ауруы , құсудың пайда болуы , көз алды торланып, бұлдырайды, бір нәрсе екеу болып көрінеді , ішкен асы тамақтан өтпей шашалады , жұтыну қиындайды, даусы қарлығып, мұрын арқылы сөйлейді. Ауырған адам дер кезінде ем қабылдамаса, тыныс алу бұлшықеттерінің сал ауруынан өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін.