- мұрын жолдарынан ағу, мұрынның бітелуі, құрғақ жөтел, шырышты қабықтың ісінуі.

Балаларды және барлық ересектерді көкжөтелден қорғаудың жалғыз сенімді және тиімді әдісі – ерте балалық шақтан басталып, 60 жасқа дейін жалғасатын вакцинация.

Алғашқы вакцинация 2, 3, 4 және 18 айларда басталады. Әрі қарай, егу 6, 16 жаста және әр 10 жылда ересектерде жүргізіледі. Бұл ретте дифтерияға, көкжөтелге және сіреспеге қарсы иммунитетті дамытуға мүмкіндік беретін аралас вакцина қолданылады.
Көп жылдық тәжірибе егу жиілігі мен егу аралықтарын сақтау қажеттілігін растайды. Егер осы шарттар сақталса, ағзаның көкжөтел ауруына жеткілікті берік иммунитеті пайда болады.

Құрметті ата-аналар, балаңыздың денсаулығы сіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыз. Балаңызға екпені уақтылы алуға және еліміздің дені сау азаматы болып өсуге көмектесіңіз.