Бұл ауыр ішекқұрт ауруы. Оның қоздырғышы - жыртқыш аңдардың (қасқырлар, қорқаулар, иттер) ішектерінде тіршілік ететін паразиттік құрт. Мысықтар мен иттердің денесінде паразит личинкадан ересек кезеңге дейін дамиды, содан кейін адам үй жануарларының нәжісімен байланыста болғанда жұқтырады.
Ауылшаруашылық жануарларында олардың еті, бауыры, өкпесі және басқа мүшелері инфекция көзі болып табылады: термиялық өңдеу жеткіліксіз болса личинкалар тіршілікке икемділігін сақтайды және тамақ арқылы адамның ішегіне, содан кейін оның бауырына немесе басқа мүшелеріне түседі.
Эхинококкты жұқтырудың ең көп тараған жолы - жуылмаған қолдар арқылы немесе көкөністер мен жемістерден, ластанған топырақпен байланыста болған кезде жұғады.
Паразиттің дамуының балаңқұрт кезеңі иелерінің жетілген буындар мен жұмыртқаларды жұтқан сәттен басталады. Ұрықтар асқазан-ішек жолына түсіп, өз қабығынан босатылады және асқазанның немесе ішектің шырышты қабаты арқылы қан мен лимфаға еніп, мүшелер мен тіндерге таралады. Онда эхинококкты көпіршік өсуді жалғастырады, кейде тіпті жаңа туған нәрестенің басының мөлшеріне жетеді.
Көлемі ұлғайып, паразит қасындағы органдарға қысым жасайды. Эхинококктық киста әлі кішкентай болғанда, науқастарда ешқандай шағымдар бола қоймайды. Бұл кезеңде эхинококкоз кездейсоқ анықталады: басқа ауруларға хирургиялық араласу кезінде, профилактикалық рентгенологиялық тексеру кезінде.
Эхинококкоз профилактикасының негізгі шаралары – қаңғыбас иттерді аулау. Иттердің иелері оларды үнемі ветеринарлардың қадағалауында ұстауы және жылына 4 рет дегельминтизация жүргізуі керек. Мал сою кезінде табылған эхинококкозбен зақымданған мүшелерді терең көму немесе өртеу қажет, оларды қоқыс орнына шығаруға немесе кәрізге тастауға болмайды.
Иттерге науқас жануарлардың ішкі мүшелерін беруге қатаң тыйым салынады. Ата-аналар жануарларды жақсы көретін балаларға аулаларда және көшеде қаңғыбас, иттермен ойнауға болмайды деп түсіндіру қажет. Үй жануарларын сүюге, оларды төсегіңізге жатқызуға, ортақ ыдыс-аяқтан тамақтандыруға және оларды ас үйде ұстауға болмайды.
Қолды сабынмен мұқият жуу қажеттілігін жиі айтып отырыңыз.
Сақтық шаралары сіздің денсаулығыңызды сақтайды!