Құтырма – табиғи-ошақты аса қауіпті, өлімге әкелетін ауру. Жұқпалы аурулардың ішінде құтырма абсолютті өлімге байланысты ерекше орын алады (егер алғашқы сағаттарда жұқтырған адамға қажетті көмек көрсетілмесе, ол сөзсіз қайтыс болады). Құтырма бұл емделмейтін ауру, өлім тыныс алудың салдануынан және жүрек қызметінің төмендеуінен болады. Адам толық санада және қорқынышты азапта өледі.
Солтүстік Қазақстан облысы құтырманың табиғи ошағы аймағында орналасқан. Біздің облыста табиғи ошақтардың эпизоотиялық белсенділігі қысқы-көктемгі кезеңде байқалады, бұл кезде қауіпті вирусты жабайы жануарлар иттер, мысықтар, ауылшаруашылық жануарлары жұқтыратын елді мекендерге жиі енгізеді және адамдарға жұқтыру қаупі артады.
Солтүстік Қазақстан облысында белсенді профилактикалық жұмыстың арқасында құтырма ауруы 1998 жылдан бері тіркелмеген.
Табиғи резервуар – кеміргіштер. Үй жануарлары ауру жабайы жануарлармен байланыста болғаннан кейін құтырманы жұқтырады. Инфекцияның тасымалдаушысы тек үй жануарлары мен ауылшаруашылық жануарлары ғана емес, жарқанаттар да болуы мүмкін. Инфекция көзі болып табылатын негізгі жануарлар жабайы жануарлардан – қасқырлар, түлкілер, қорқау қасқырлар, енот тәрізді иттері, сасықиістілер, жарқанаттар мен кеміргіштер, үй жануарларынан – иттер мен мысықтар.
Адамдардың құтырмамен ауыруы негізінен ауру жануарлардың шағуы мен сілекейімен жүреді.
2023 жылдың 8 айында облыс бойынша 987 адам антирабиялық көмекке жүгінді, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 183,8 құрады. (2022 жылдың 8 айында - 907 адам, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 166,8 құрады). Облыс бойынша 2022 жылмен салыстырғанда халықтың антирабиялық көмекке жүгінуінің 8,1%-ға артқаны байқалады.
Антирабиялық көмекке жүгінудің барлық жағдайлары бойынша эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тергеу жүргізілді. Көмекке жүгінгендердің ішінен – 986 адамға егу тағайындалды. 986 адам екпе алды, оның ішінде шартты курс бойынша – 508, шартсыз – 478.
Вирус сілекеймен жараға еніп, жүйке жолдары арқылы қозғалады және орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Инфекция уақытынан бастап аурудың белгілері пайда болғанға дейін бірнеше күннен бір жылға дейін созылуы мүмкін. Жануарларды шағып алған барлық адамдар тістеген жерді дереу сабынмен және сумен 15-20 минут ішінде жууы керек (кем дегенде), жараның шеттерін 70% спиртпен немесе 5% йод тұнбасымен өңдеп, құтыруға қарсы иммундау тегін жүргізілетін медициналық мекемеге мүмкіндігінше ертерек жүгіну керек.
Қолданыстағы ережелерге сәйкес иттерді байлауда, питомникте немесе қоршауда ұстау керек, серуендеуге қарғыбаумен шығару керек. Үй жануарларының қаңғыбас иттермен және инфекция көзі болуы мүмкін жабайы жануарлармен байланысына жол бермеу керек. Барлық иттер құтыруға қарсы егуге жатады.
Құтырмаға қарсы емдеу жоқ. Ауруды тек вакцинация арқылы болдырмауға болады! Профилактикалық егулер ауыртпалықсыз және жеңіл түрде өтеді. Вакцинация кезеңінде ақуыздар мен дәрумендерге бай күшейтілген тамақтану ұсынылады, суыққа тоңудан, қызып кетуден, дененің шамадан тыс шаршауынан, сонымен қатар алкогольді ішімдіктерден аулақ болу керек.
Иммундау қажеттілігі туралы түсіндірме жүргізуге байланысты антирабиялық егулерді алудан бас тартқандар жоқ.
Вакцинациялардың тиімділігі олардың уақтылығына байланысты. Әрбір өткізіп алған күн - өлім қаупі! Сақ болыңыздар!