
Халыққа көрсетілетін медициналық көмек көлемінің ұлғаюы, оның қолжемділігінің арттыруы, жаңа дәрілік препараттардың пайда болуы инъекциялар санының тұрақты өсуі пайда болады. Сонымен қатар қажетті емдік әсерімен қатар жағымсыз сардарлар, инъекциялық асқынулары байқалады.

Инъекциядан кейінгі асқынулардың негізгі себептері:
• манипуляция кезінде асептиканың бұзылуы;
•манипуляция орындау кезінде технологиясының бұзылуы- алдағы қойылған инъекциялардың тығыздалуына дәрі жіберу, ылғалды инъекциялық аумағы, тері ішілік инъекцияны шарикпен басу ж.т.б.;
•инъекция орнын дұрыс таңдамау;
• науқаста аллергологиялық анамнездің сапасыз жиналуы;
• медициналық қызмеикерлердің назар аудармауы болып табылады.

Осы ережелерді бұзу нәтижесінде:
• инъекциядан кейінгі инфильтрат — пальпация кезінде оңай анықталатын препаратты енгізу орындарының ауырсыну;
• абсцесс — жұмсақ тіндердің ішінде орналасқан іріңді қабынған куыс;
• флегмона — айқын шекаралары жоқ төгілген іріңді қабыну пайда болу мүмкін.

Егер микроорганизм қаңға енсе, адамның иммун тапшылығы, С гепатиті, В гепатиті сияқты ауыр аурулар пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ инфекцияның жалпыланған түрі - сепсистің пайда болуы мүмкін. Әдетте сепсис стирильді емес инъекциялық ерітінділерді енгізу кезінде, асептика талаптарын өрескел бұзғанда пайда болады.

Тікелей орындаушы мейірбике болғандықтан процедураның дұрыстығы оның толық әрекеттеріне байланысты. Жағымсыз салдардың алдын алу үшін ол:
• емдеуші дәрігердің пациенттің аллергиялық тарихы туралы сұрақтарын қайта сұрау, күмән туындаған жағдайда препараты енгізуден бас тарту, науқасты қосымша консультацияға жіберу;
• иненің сәйкес келетін ұзындығы мен қалдыңдығын таңдау;
• инъекция орнын дұрыс таңдау;
• асептиканың барлық ережелерін, технологиясын сақтау;
• бір рет қолданатын шприцті қайта пайдалануға жол бермеу;
• қаптаманы инъекция алдында ашу, ампуланы немесе флакон қақпағын кесу орнын мұқият өндеу;
• манипуляция жүргізілетін бөлме таза болу;
• процедурадан кейін аллергияның барлық мүмкін белгілерін, дереу асқынуларды қадағалау керек.

Науқасқа гигиеналық нормалардың сақталуын, инъекция орнын ысқылауға, оған ерікті түрде таңдалған жақпа, крем, халықтық құралдарды қолдануға жол бермеу туралы ескерту айту қажет.