Меню

Страницы

Статья

Иондаушы сәулелену көздерін қауіпсіз пайдалану

🔹Дамыған заманда өмір сүре отырып, біз үнемі әртүрлі факторларға, соның ішінде иондаушы сәулеленуге тап боламыз, егер оларды дұрыс пайдаланбаса, біздің денсаулығымызға әсер етуі мүмкін,
🔹Иондаушы сәулелену көзі немесе ИСК - иондаушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті және радиациялық фонды құрайтын зат немесе құрылғы.
🔹Табиғи және жасанды сәулелену көздерін бөледі. Топырақтағы, судағы және ауадағы, табиғи түрде пайда болатын радиоактивті заттар, ғарыштық сәулелерден табиғи сәулеленудің әсері, әсіресе биіктікте. Адам жасаған жасанды, мысалы, әртүрлі медициналық манипуляциялар мен диагностикалық процедураларда қолданылатын рентген аппараттары, оларды қолдану санитарлық ережелер мен гигиеналық ережелермен реттеледі, өйткені қолданудың артықшылықтарымен қатар, белгілі бір талаптар сақталмаған жағдайда адам денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.
🔹Иондаушы сәулеленуді адамның сезім мүшелері микроклимат немесе шу сияқты сезінбейді, бірақ ол көрінбейтін және сезілмейтін болса да, нормаланған мөлшерден асатын дозалары зиянды әсер етуі мүмкін. Сондықтан табиғи көздер – қоршаған орта объектілері (су, топырақ, ауа), сондай – ақ жасанды - ИСК бар жабдықтар қатаң бақыланады.
🔹Тұрақты радиациялық жағдайды қамтамасыз ету үшін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органының мамандары зертханалық қызметпен бірлесіп, халықтың денсаулығын қорғау үшін радиациялық қауіптілік тәуекелдерінің туындауының алдын алуға тырысады. Облыс аумағындағы қоршаған орта объектілеріне тоқсан сайын мониторингтік бақылау жүргізіледі, жергілікті жердің радиациялық фонының деңгейі бақыланады. Мониторинг нәтижелері бойынша облыстың қоныстану аймағы аумағындағы табиғи гамма фонның орташа деңгейі - 0,11 мкЗв/сағ құрайды, бұл рұқсат етілген 0,33 мкЗв/сағ аспайды.
🔹Облыс аумағында техногендік ластанудың жоқтығының объективті дәлелі - бұл жағдайда маркер болып табылатын стронций-90 жергілікті азық-түлік өнімдерінде асып кетудің болмауы.
🔹Бұдан басқа, ИСК қолданатн, медициналық, өнеркәсіптік объектілер санитариялық қызметтің бақылауында. 6 айдың қорытындысы бойынша біліктілік талаптарына 137 жұмыс орнын қамти отырып, 12 медициналық ұйымда 30 сәулелік диагностика кабинеті (рентген кабинеттері) зерттелді, 9401 рентгендік сәулелену дозасының қуатын өлшенді, рұқсат етілген деңгейден асып кету анықталған жоқ.
🔹Тұрақты радиациялық жағдайды сақтау мақсатында, генерациялайтын (кернеуде қауіпті), радионуклидті көздермен жабдықты сатып алу кезінде, оны қолдану сәтіне дейін, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы заңнама шеңберінде ИСК пайдалануға байланысты радиациялық қауіпті болып табылатын объектінің (кәсіпорынның) рұқсат құжаттарын алуы қажет. Сонымен қатар, ИСК-мен жұмыс істейтін персоналды, сондай-ақ халықты қорғау үшін белгілі бір кәсіпорынның басшыларына тағайындалған радиациялық қауіпсіздікке жауапты адамдар өндірістік бақылау бағдарламасын жасайды. Жабдықтың техникалық сипаттамасын, оның адам денсаулығына, қоршаған ортаға әсер ету дәрежесін ескере отырып, зертханалық зерттеулер мен сынақтардың номенклатурасы, көлемі мен жиілігі айқындалады. Ең бастысы - иондаушы сәулелену көздерін пайдалану қауіпсіздігі.
Дата публикации
19 сентября 2023
Дата обновления
19 сентября 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
08 октября 2026
Ботулизмнің алдын алу
Пайдалы ақпарат
04 сентября 2026
📌 Көкжөтелдің алдын алу
Пайдалы ақпарат
12 августа 2026
📌Денге қызбасының алдын алу

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы